На головну

АЛҒЫ СӨЗ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау реформалары, медициналық көмек сапасының бірыңғай стандартын енгізу, бикелік істің бірыңғай концепциясын әзірлеу орта медициналық оқу орындары түлектерінің теориялық және тәжірибелік дайындықтарының едәуір жақсаратынын болжайды. Бикелік білім беруді, сонымен қатар акушерлік пен гинекология саласын жетілдіру және тиімділігін арттыру оқу және оқу-әдістемелік әдебиет қорының жаңартылуын қажет етеді.

«Акушерлік және гинекология бойынша таңдаулы сұрақтар» нұсқауында медицинаның бастаушы пәнінің неғұрлым өзекті мәселелерінің жанашыл концепциялары ұсынылған. «Дәрістер» шартты түрде екі тарауға бөлінген – акушерлік және гинекология. Бұл тараулар шынында да шартты, себебі акушерліктің де, гинекологияның да көптеген аспектілері жиі өзара араласып жатады. Атап айтқанда, акушерлік тарау ретіндегі «Жатырішілік жұқпалар» және гинекологиялық тарау ретіндегі «Жыныс жолдарымен таралатын аурулар» шындығында ортақ мәселені – ана мен болашақ нәрестенің жұқпалы ауруларға шалдығу мәселелерін баяндайды. Осыған ұқсастықтарды басқа да тараулардан байқауға болады.

Физиологиялық акушерлікке арналған тарауларда әйелдің репродуктивті жүйесінің қалыптары, нәрестенің жатырішілік дамуы, диагностикалаудың жаңашыл әдістері, жүктілерді диспансерлік бақылау, босануды жүргізу және дұрыс жасалған жансыздандыру, босанатын және босанған әйелдер күтіміндегі жаңа тенденциялар, балаларды төспен тамақтандыру қарастырылады. Акушерлік негізі жете, көп мөлшерде иллюстрациялар қолдану арқылы баяндалған.

Экстрагенитальді патологияның, ауыр түрдегі гестоздардың өсуіне, түрлі патологиялы жағдайлар кезінде жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңдерді жүргізу тактикасының қайта қаралуына байланысты патологиялық акушерлік бойынша тараулар жаңашыл деңгейде, патологиялық алдын алуға акцент жасалына отырып нақты жазылған және де білікті фельдшер-акушерлер дайындауға және олардың одан арғы жұмыстарына өте қажетті болып табылады.

Оперативті акушерлік негізінде акушерлік операциялар, оларға дайындық және науқастарды дайындау қарастырылған. Перинаталогия тарауында нәрестені перинаталды қорғау, жаңа туған нәрестенің физиологиясы мен патологиясының негіздері беріледі.

Авторлар осы оқулық медициналық колледждерге арналған оқу әдебиеттері арасынан өз орнын табады және білікті фельдшер, акушерлердің өз беттерімен жұмыс істеуіне, сонымен қатар босануға көмектесу саласындағы дәрігерлердің көмекшісі ретінде лайықты дайындығына жағдай жасайды деп үміттенеді.

Оқулық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Оқу Әдістемелік орталығы бекіткен жалпы білім беру стандартына сәйкес жазылған бағдарлама негізінде жасалды. Осы оқулық бойынша барлық ескертулер мен ұсыныстар ризашылықпен қабылданады және болашақтағы шығармашылық әрекеттер кезінде ескеріледі. Авторлар осы оқулықтың сапасын жақсартатын барлық сын-ескертулерге ризашылығын білдіреді.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   Наступна

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ | Йелдер кеңес орнының құрылысы мен жұмысы | АУІПСІЗ ЖҮКТІЛІК | ПЕРИНАТАЛЬДІК ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІ ҰПАЙ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ | АНА ӨЛІМІНІҢ «ҚАУІП-ҚАТЕР» ТОПТАРЫ | Көмектің ұйымдастырылуы | Көмектің ұйымдастырылуы | Перзентхананың құрылысы мен жұмысы | Жанұяны жоспарлау | АКУШЕРЛІКТЕГІ АСЕПТИКА МЕН АНТИСЕПТИКА |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати