Головна

Наркозға арналған дәрілер

  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Абынуға қарсы дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
  3. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
  4. Аллергияға қарсы дәрілер
  5. Анальгетикалық дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар бойынша тапсырма
  6. Антихолинэстеразды дәрілер
  7. Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі

Наркоз - ағзаға бір немесе бірнеше наркозды заттарды енгізумен туындаған, ағзаның көптеген қызметіне әсер көрсететін, орталық жүйке жүйесінің қызметін жасанды, қайтымды тежейді: естің жоғалуы, рефлекторлы қызметтің тежелуі, әртүрлі сезімталдық түрлерінің жоғалуы (ауыру, жанасу ж. т. б.) мен бұлшықеттерінің босансуы. Наркозға арналған заттардың негізгі ықпал әсерлері қозудың нейрон аралық өткізгіштіктің тежелуімен байланысты, ол кезде қыртысты-қыртыс асты қарым-қатынасының бұзылысы, аралық, ортаңғы және жұлын миының қызметінің бұзылыстары болады. Наркозға арналған заттардың орталық жүйке жүйесіндегі нейрондарындағы алмасу үрдісінің тежелуін түсіндіретін бірнеше теориялар ұсынылған, бірақ осы теориялардың біреуі де наркотикалық заттардың синаптикалық өткізудегі қозуларына тежегіш әсерінің механизмін молекулярлық деңгейде түсіндіре алмайды. Бас миының әртүрлі деңгейдегі қызметтік жағдайы, наркозға арналған заттарға сезімталдығы бірдей емес. Осыған байланысты бұл заттардың әсерін белгілі сатыларға бөледі. Ең көрнектісі наркозға арналған эфирде айқын байқалады:

I сатысы - анальгезиялық (ауыру сезімталдығының басылуы);

II сатысы - қозу (Қыртыс астықұрылымның белсенділігінің жоғарылауы);

III сатысы - хирургиялық ұйқы (бас миында, сонымен қатар жұлын миы деңгейінде нейрон аралық өткізгіштіктің әрі қарай тежелуі);

1 - дәрежеде - үстіртін наркоз

2 - дәрежеде - жеңіл наркоз

3 - дәрежеде - терең наркоз

4 - дәрежеде - өте терең наркоз

IV сатысы - агония сатысы, өлім алдындағы жағдай (бұл тек наркоздық дәрінің улық мөлшеріне келіп қалғанда болады. Ол сопақша мида орналасқан тыныс алу мен тамырларды қозғау орталықтырының тежелуімен байланысты, тыныс алу орталығының салдары және оның нәтижесі жүректің тоқтауына әкеледі).

Наркозға арналған дәрілерді қолданған кезде келесі сипаттамалар өте маңызды: айқын қозусыз наркоздың тез басталуы, тиімді жағдайларда операция жүргізуге мүмкіндік беретін наркоз тереңдігінің жеткіліктігі, наркоз тереңдігін жақсы басқарылуы, наркоздан тез және асқынусыз шығу. Наркозға арналған заттар жеткілікті наркотикалық кеңдікке (наркотикалық кеңдік) ие болуы керек - терең хирургиялық наркоз сатысын туғызатын заттың шоғырымы мен тыныс алу орталығының тежелу салдарынан тыныстың тоқтауы болатын ең аз улы шоғырым диапазонының арасы.

Сонымен қатар, наркозға арналған заттар енгізілген жерде тіндердің тітіркенуін туғызбауы керек, ең аз жанама әсерлерге ие болуы тиіс. Наркозға арналған заттар өрт қауіпсіздігі болмау керек. Бірақ қазіргі кезде осы талаптарға толық жауап беретін заттар жоқ. Осыған байланысты жаңа кезеңдегі анестезиологилық тәжірибеде наркозға арналған заттарды біріктіріп қолданады, ол енгізілетін дәрілердің мөлшерін және олардың қалаусыз ықпалдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Қолданылатын наркозға арналған заттар әртүрлі химиялық жіктерге жатады, сондықтан тәжірибелік көз қарас бойынша және енгізу жолдары бойынша олар келесі топтарға бөлінеді:

1. Ингаляциялық наркозға арналған заттар.

А/ Ұшқыш сұйық заттар: галотан, энфлуран, изофлуран, севофлуран, диэтил эфирі.

Б/ Газ тәріздес заттар: динитроген оксид, ксенон.

2. Ингаляциялық емес наркозды дәрілер (дәріні тамыр арқылы енгізу):

- тиопентал натрия, пропанидид, пропофол, кетамин, натрия оксибат.

Кесте 7.1.1. Ингаляциялық наркозға арналған дәрілердің жалпы сипаттамасы

әсер ету механизмі Қолданылуы Кері көрсеткіштері Жанама әсерлері
ОЖЖ қозудың нейронаралық (синаптикалық) берілуін басады. Қуыстың оперативті араласулар, ауыру синдромы. Феохромоцитома, гипотензия, аритмия, қатерлі гипертермия, миастения, бас ішілік қысымның жоғары болуы, жоғары сезімталдық, Бауыр мен бүйректің органикалық зақымданулары Брадикардия, гипотензия, аритмия (n.vagus ынталандырады), қан кетуді жоғарылатады, ауыру, қалтырау.  


  46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   Наступна

Шығарылу түрі. егуге арналған 1% ерітінді 1 мл ампулада шығарылады, инфизионды ерітіндіге қосып қолданады. | Адренотежегіштер | Адренотежегіштер | Симпатомиметикалық және симпатолитикалық дәрілер | Симпатомиметикалық дәрілер | Симпатолитикалық дәрілер | Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары. | ІІ бөлім. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер | Дофаминергиялық дәрілер | Серотонинергиялық дәрілер |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати