Головна

Атты дәрілік түрлер

  1. Ақпарат және оның түрлері, қасиеттері.
  2. Алыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
  3. Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі
  4. Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
  5. Дәріс. Жазба жұмыстарының түрлері. шығарма жаздыру
  6. Дәріс. Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары

2.1.1.Ұнтақтар (Pulveres) - бұл ішуге және сыртқа қолдануға арналған, сеппелі қасиетке ие қатты дәрілік түр. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлінеді:

а/ Қарапайым ұнтақтар - құрамында тек бір ғана зат болады.

б/ Күрделі ұнтақтар - құрамында екі және одан да көп заттар болады.

в/ Мөлшерге бөлінген ұнтақтар. Мөлшерлі ұнтақтың орташа салмағы 0,3 - 0,5 г болады, ал одан төмен кезінде, оған бейтарап заттар (емдік әсері жоқ зат) қосылып, ұнтақтың осы жалпы салмағына жеткізілуі керек. Мысалы: Морфиннің мөлшері өте аз (10 мг), ал ұнтақтың жалпы салмағы 0,3 г болу керек, сондықтан қант қосылған түрінде жазылады.

Rp.: Morphini hydrochloridі 0,01

Sacchari 0,3

M.f.pulv.

D.t.d. N. 5

S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет.

#

Мысалы: Анестезиннің мөлшері бөлінген және салмағымен бірдей, қарапайым жазба ретінде беріледі.

Rp.: Anaesthesini 0,3

D.t.d. N. 10

S.1 ұнтақтан күніне 3 рет.

#

г/ Мөлшерсіз ұнтақтар. Мысалы, тальк жалпы салмағы 50 г сеппе түрінде қолданылады. Мырыш тотығы мен тальктің мөлшерсіз жалпы салмағын сеппе түріндегі жазбасы.

Rp.: Zinci oxydi 10,0

Talci 40,0

M.f. pulv.

D.S. Ұнтақ түріндегі сеппе.

#

2.1.2. Таблеткалар (Tabulettae) - дәрілік заттарды немесе дәрілік қоспаларды және көмекші заттарды зауытта тиісті машинамен қысу және жабыстыру арқылы жасалған, мөлшерленген қатты дәрілік түр. Таблеткалар сақтауға және қолдануға ең қолайлы дәрілік түр. Мысалы: Атропиннің таблеткалық түріндегі жазбасы.

Rp.: Atropini sulfatis 0,0005

D.t.d. N. 20 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 2-3 рет, тамақ ішер алдында.

#

Кейбір таблеткалардың ішінде емдік мақсатпен қосылған бірнеше заттар бар, сондықтан олардың жалпы коммерциялық аты жазылады. Мысалы: Цитрамон П (ацетилсалицил қышқылы 0,24 г; парацетамол 0,18 г; кофеин 0,03 г; какао 0,0225 г; лимон қышқылы 0,005 г) таблетка түріндегі жазбасы.

Rp.: Tabulettas «Citramonum П» № 20

D.S. 1 таблеткадан бас ауырғанда.

#

Мысалы: Апрессинің қапталған (Obductis) түріндегі жазбасы.

Rp.: Apressini 0,01

D.t.d. N. 20 in obd.

S. 1 таблеткадан күніне 2-3 рет.

#

Мысалы: Аспирин мен кофеиннің күрделі таблетка түріндегі жазбасы.

Rp.: Acidi acetylsalicylici 0,25

Coffeini 0,05

D.t.d. N. 20 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 3 рет.

#

2.1.3. Драже (Dragee) - ішке қолдануға арналған, дәрілік заттар мен көмекші заттарды қант грануласына бірнеше рет қабаттау жолымен алынған қатты дәрілік түр. Көмекші заттар ретінде қант, крахмал, бидай ұны, какао, шоколад, тағам бояғыштары қолданылады. Драже салмағы 1,0 г. аспауы керек. Мысалы: Д витаминінің драже түріндегі жазбасы.

Rp.: Dragee Ergocalciferoli 500 ME

D.t.d. N. 30

S. 3 дражеден күніне 1-2 рет.

#

2.1.4. Капсула(Capsulaе) - мөлшерленген ұнтақ, баттас тәрізді заттарды, гранулалы немесе сұйық заттар үшін, ішке қолдануға арналып жасалған қаптағыш. Капсулада жағымсыз иісі, дәмі бар немесе тітіркендіргіш әсер ететін дәрілік заттарды шығарады. Мысалы: 0,1 г. бромкамфорасы мен 0,05 г. хинидин сульфат ұнтағынан тұратын желатинді капсуланың жазбасы.

Rp.: Bromcamphorae 0,1

Chinidini sulfatis 0,05

M.f. pulvis

D.t.d. N. 20 in capsulis gelatinosis

S. 1 капсуладан күніне 2 рет.

#

 



  11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   Наступна

Тарау. Жалпы фармакология. | Дәрілердің енгізілу жолдары | Дәрілердің өзгеруі | Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері | Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер. | Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері. | Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс | Дәрілердің жанама әсерлерінің көрінісі | Жалпы фармакология» тақырыбы бойынша тесттік тапсырма | Энтералді енгізу жолы - препараттың бауырға бармастан, қан |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати