Головна

MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері

  1. MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
  2. Графикалық ақпараттардың берілуі.
  3. Графикалық ақпараттардың берілуі.
  4. Графикалық ақпараттардың берілуі.
  5. Лаборатораториялық жұмыс. Графикалық ақпаратты көрсету
  6. Лаборатораториялық жұмыс. Графикалық ақпаратты көрсету

Мақсаты: Текстік құжаттарға суреттер, графиктік және т.б. объектілерқоюды үйрету.

Негізгі түсініктер:


Word құжатында суреттер салу. Word текстік процессорында қарапайым схемаларды, чертеждер мен суреттерді Вид->Панели инструментов->Рисование командасы арқылы іске қосылатын орнатылған графиктік редактор көмегімен салуға болады.

Графиктік объектілерді біріктіру. Түрлі бөліктерден құралған чертежді немесе схеманы біртұтас сурет ретінде қарастыру үшін ол бөліктерді Shift батырмасын баса отырып белгілейді де сол жерде контекстік мәзірден Действия->Группировать командасын орындайды. Объектілерді біріктіруді алып тастау үшін сол контекстік мәзірдегі Действия -> Разгруппировать командасы қолданылады.

Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды үш бағытқа сәйкес қарастырады:

1. Басқа қосымшаларда (мысалы, Paint, Ms Drawing, Paintbrush, Excel және т. б.) салынған графиктік объектілерді құжатқа кірістіру;

2. Құжаттың өзінде Рисование панелінің құралдарын пайдаланып сурет салу;

3. Тексті көркемдеуде Clipart коллекциясының дайын суреттерін пайдалану.

Графиктік объектінің текстегі орналасуы.

1. Настройка изображения панелін іске қосыңыз. Ол үшін Вид -> Панели инструментов -> Настройка изображения командасы орындалады.

2. Пайда болған панелден Обтекание текстом батырмасына шертіледі. Пайда болған мәзірден өзіңізге қажет команда таңдалынып, сол командаға шертіледі. Егер По контуру командасы таңдалса терілген текст графиктік объект контурын жағалай орналасады.

OLE технология. Құжатта әртүрлі типке жататын объектілерді біріктіру үшін, айталық графиктік, музыкалық объектілер, электрондық кестелар секілді, Windows жүйесінде OLE технологиясы қолданылады. OLE технология - объектілерді кірістіру және байланыстыру. Осыған байланысты текстке енгізілетін объектілерді екі топқа бөлуге болады:

OLE технологиясының терминдері:

- Клиент -объектіні қабылдайтын қосымша немесе программа;

- Сервер -объектінің өзі жасалатын қосымша немесе программа.

Құжатқа кірістірілген немесе байланысқан объектілерді сервер-қосымша көмегімен редакциялау үшін сол объектіде екі рет шертіледі.

OLE технологиясы екі түрлі әдіспен орындалады:

1. Алмастыру буфері, яғни қосымша мәзірінің Правка -> Специальная_вставка командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс фрагмент үшін де, тұтас құжат үшін де орындалады.

2. Қосымша мәзірінің Вставка -> Объект командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс тұтас құжат үшін ғана орындалады.




  130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   Наступна

Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері | Тақырып бойынша тест сұрақтары | Операциялық жүйелер құрамы. Утилиттер. Драйверлер. | Парольдер. Есептік жазбалар. | Операциялық жүйе - ... | Желілер және телекоммуникациялар. | Желілік қауіпсіздік. Компьютерлік желілерде ақпаратты алу және жіберу. | Ақпаратпен және компьютерлердің желідегі ақпараттық өнімдермен жұмыс істеудің құқықтық ерекшіліктері. | Тақырып бойынша тест сұрақтары | Форматтау және документтерді стильдік безендіру |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати