Головна

Болат сапасы

  1. Болат қорыту үрдісінде физикалық химияның заңдарын қолдану
  2. Болат қорыту үрдісінің кинетикасы
  3. Болат қорыту үрдісінің негізгі реакциялары
  4. Болат қорытудың LD үрдісі
  5. Болат қорытудың бессемерлік үрдісі
  6. Болат қорытудың томастық үрдісі

Болат сапасы негізінен химиялық құрамымен, зиянды элементтердің (Р, S), газдардың (оттегі, азот, сутегі) және металл емес кірінділердің (оксид, сульфид, нитрид) мөлшерімен анықталады.

Көптеген жылдардан бергі практика негізінде, сапасы жағынан ЛД үрдісінің болаты мартендік болаттан артық болмаса, кем емес деп айтуға болады. Фосфор мен күкірт мөлшері бойынша конвертерлік болат мартен болатынан тәуір.

Конвертерлік болатты қорытуда газдардың, әсіресе азоттың мөлшері, аз болуына көңіл бөлінеді.

Конвертерлік болаттағы азот мөлшеріне әсер ететін факторлар:

1) шикіқұрамдағы азот мөлшері;

2) үрлемедегі азот мөлшері;

3) конвертер кеңістігіне ауа енуі.

Балқымадағы азоттың негізгі көзі: шойын мен үрлеме. Сусымалы материалдардың және атмосфералық азоттың әсері аз.

Реакциялық зона температурасы мен үрлеме қысымының жоғарылығы, металдың азотпен қанығуын жоғарылатады. Балқымадағы азот мөлшері екі қарама-қарсы үрдістің жылдамдығымен, яғни реакциялық зонада азоттың еруімен және оның СО көпіршіктерімен шығуымен анықталады. Техникалық таза оттегінің тазалығы 99,5%-дан жоғарылау болса, болаттағы азот мөлшері 0,003%-дан төмендеу болады.

Конвертердегі сутегінің негізгі көзі: үрлеме ылғалы, шикіқұрамдық материалдардың, әсіресе әктің ылғалы. Конвертерлік болат сутегінің төменгі мөлшерімен ерекшеленеді. Конвертерлік металдағы сутегі, мөлшері 3-4 см3/100 г, ал мартендік болатта - 4-7 см3/100г. Конвертерлік болатта сутегі мөлшерінің аз болуы: газ фазасында сутегі мен ылғал мөлшерінің төмендігі.

Үрлеу барысында конвертерлік балқымадағы оттегі мөлшері өзгеріп, соңына қарай жоғарылайды. Балқыма тотығушылығының басты реттеушісі көміртегі. Балқыманың нақты тотығушылық дәрежесі көміртегі мөлшеріне байланысты (3.14 сурет) анықталады

[О]Н=[О]Т+∆[О], (3.11)

мұндағы

[О]Т - СО көпіршіктерімен тепе-теңдіктегі оттегі мөлшері;

∆[О] - тепе-теңдіктегі оттегі мөлшерінен артық оттегі.

Оттегінің нақты мөлшері көміртегі концентрациясы азайған сайын арта түседі. Көміртегінің мөлшері 0,15%-дан төмен болса, оттегінің нақты мөлшеріне қождағы FеО активтілігі, балқымадағы қалдық марганец мөлшері және температура әсер етеді.

АБ - тепе-теңдік қисық; ВГБА - ЛД үрдісінің ауданы;

МОРN - мартендік үрдістің ауданы

3.14 сурет - Балқыма оттегісінің көміртегі мөлшеріне тәуелділігі

ЛД үрдісінің балқымасында еріген оттегі мөлшері мартендік болаттағыдан жоғарылау (3.14 сурет). Ағызу және құю кезінде металл ағынының атмосферамен жанасуынан, болаттағы газ мөлшері жоғарылауы мүмкін.

Конвертерлік болаттағы кірінділердің мөлшері негізінен оттегісіздендіру технологиясына байланысты. Үрдіс дұрыс ұйымдастырылғанда, балқымада күкірт, оттегі және азот мөлшері төмендеу болып, оксидті, сульфидті және нитридті кірінділердің түзілуі аз орын алады.

Сонымен, зиянды элементтердің, газдардың және кірінділердің мөлшері бойынша конвертерлік металл мартендік болаттан жақсы болмаса, нашар емес. Жалпы алғанда, конвертерлік болаттың сапасы мартендік болаттан артық болмаса, кем емес.

 



  27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   Наступна

Шикіқұрамдық материал | Балқыманың үрлеме режімі | Оттегілік фурма | Оттегілік үрлеменің аэродинамикасы және гидродинамикасы | ЛД үрдісінің кезеңдері | Балқыманың салқындатқышы | Балқыманың шойыны және қожтүзгіш материалы | Конвертер балқымасын жоғарыдан оттегімен үрлеу | Балқыманы берілген құрамға жеткізу | Балқыманың жылулық сипаттамалары |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати