Головна

Болат қорытудың LD үрдісі

  1. Болат қорыту үрдісінде физикалық химияның заңдарын қолдану
  2. Болат қорыту үрдісінің кинетикасы
  3. Болат қорыту үрдісінің негізгі реакциялары
  4. Болат қорытудың бессемерлік үрдісі
  5. Болат қорытудың томастық үрдісі
  6. Болат сапасы

1952-жылы Австрияның Линц, 1953-жылы Донавиц қалалары металлургиялық зауыттарының алғашқы өндірістік конвертерінде, мартендік шойынды техникалық таза оттегімен жоғарыдан фурма арқылы үрлеп, болат қорыту басталды.

Жаңа конвертерлік болат қорыту тәсілі LD (ЛД) үрдісі (нем. Linzer Düsenferfahren - Линцтің соплолық үрдісі) деп аталды. Сонымен қатар ВОР үрдісі (ағылш. Basic Oxygen Process - оттегілі негізді үрдіс), кислородно-конвертерный процесс - оттегілі конвертерлік үрдіс (Россия) деп те аталады. «Азан шақырып, қойған аты» ЛД үрдісі болған соң, осылай атауды жөн көрдік.

Алғашқы өндірістік ЛД конвертерлерінің сыйымдылығы 25-35 т болса, қазіргі кездегі ең үлкен конвертерлер 350-400 т.

Қысқа мерзімнің ішінде ЛД үрдісі көптеген елге тарап үлгерді. Көптеген елде болат өндіруді ұлғайту осы тәсілмен іске асырыла бастады. Өйткені мартендік және электрлік болат қорыту тәсілдеріне қарағанда, ЛД үрдісінің артықшылықтары бар [4,5,8]:

1) өнімділігі жоғары;

2) капиталсалымы төмен;

3) болат қорыту шығыны аз;

4) химиялық құрамы әр түрлі шойындардан болат қорыту мүмкіндігі;

5) шеген төзімділігі жоғары;

6) үрдісті басқаруды автоматтандыруға ыңғайлы.

ЛД конвертерінің кескіні, түптік ауа үрлеме конвертеріне қарағанда, симметриялы. Шегені негізді оттөзімді кірпіш. Конвертердегі сұйық шойынды жылжымалы фурма (сумен салқындатылатын) арқылы жоғарыдан техникалық таза оттегімен (99,5%) үрлейді. Оттегімен үрлеу уақыты 13-20 минут болса, балқыманың жалпы ұзақтығы 30-40 минуттай. Шойынның химиялық құрамы мен температурасына қарай, шикіқұрамда 20-25 кейде 30% скрап болады. Конвертер шегенінің негізді оттөзімді материал болуына байланысты, металдың фосфорсыздану және күкіртсіздену үрдістерін қамтамасыз ету үшін негізгі қожтүзгіш материал ретінде әк қолданылады.

ЛД үрдісін жетілдіру және зауыттың (немесе цехтың) нақты жағдайына бейімделу жұмыстарының арқасында, сұйық шойынды оттегімен үрлеп болат алудың басқа түрлері пайда бола бастады.

Қазіргі кезде оттегі конвертерлік үрдістің отыздан астам варианттары бар.

Оттегіні конвертердің жұмыс кеңістігіне енгізу бойынша үш түрі бар [6]:

1) оттегіні жоғарыдан үрлеу (3.1, а сурет);

2) оттегіні түптік үрлеу (3.1, б сурет);

3) оттегіні жоғарыдан әрі түптен (комбинациялық) үрлеу (3.1, в-сурет).

а - оттегімен жоғарыдан үрлеу;

б - оттегімен төменнен үрлеу;

в - комбинациялық үрлеу.

3.1 сурет - Оттегілі конвертерлік үрдістің түрлері

Дүниежүзілік практикада болат өңдіруді ұлғайту оттегілі конвертерлік цех салып, металды үздіксіз құю арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні оттегілі конвертер ең жоғары өнімді болат қорыту агрегаты болып табылады. Мысалы, 400 тонналық оттегілі конвертердің өнімділігі 600 т болат сағатына. Мұндай жоғары өнімділікке конвертерлік болат қорыту технологиясын және жабдықтарын жақсарту арқасында қол жетті.

Көп соплолы фурманы пайдалану үрлеменің меншікті қарқындылығын 4-5м3/мин т және одан жоғары көтеріп, конвертердің өнімділігін арттырды.

Оттөзімді кірпіштің сапасын жақсарту, шегенді торкреттеу мен қождан гарниссаж жасау және т.б. конвертер шегенінің төзімділігін арттырды.

Оттегіні пайдалану болат сапасы мен агрегаттың өнімділігін арттырудағы жаңа бет бұрыс болса, комбинациялық үрлеу үрдістерінің ашылуы, конвертерлік болат өндіру тәсілі өркендеуінің маңызды бір кезеңі.

Кейінгі жылдары балқыманы пештен тыс өңдеу тәсілінің түрлі варианттарын қолдану (вакуумдау, жасанды қожбен өңдеу, аргонмен үрлеу және т.б.) кеңірек таралуда. Оттегілі конвертер - балқыманы пештен тыс өңдеу қондырғысы - болатты үздіксіз құю қондырғысы сұлбасы бойынша болат өңдіру инновациялық технологиясының маңызы зор.

 



  11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   Наступна

Балқыма фазаларының беттік құбылысы | Ождың құрылысы мен қасиеті | Болат қорыту үрдісінің негізгі реакциялары | Болаттағы газ | Болаттағы металл емес кірінділер | Балқыманы оттегісіздендіру және қосындылау | Балқыманы оттегісіздендіру | Балқыманы қосындылау | Түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту үрдісі | Болат қорытудың бессемерлік үрдісі |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати