загрузка...
загрузка...
На головну

Он төртінші тақырып. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ

  1. Бесінші тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ
  2. Екінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
  3. Жетінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ
  4. Жиырма алтыншы тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
  5. Жиырма бесінші тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
  6. Жиырма жетінші тақырып. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
  7. Жиырма сегізінші тақырып. ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ, САЯСАТ, МЕМЛЕКЕТ

Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.

Құқық жүйесі:

а) құқықтық нормалардан;

б) құқық салаларынан;

в) құқық салашаларынан;

г) құқықтық институттардан тұрады.

Құқық жүйесі - құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салашаларына, салаларына және институттарға жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.

Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері:

1) жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;

2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;

3) жүйенің мұндай болуы әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;

4) құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес. Құқықты реттейтін не - деген сұраққа пән жауап берген болса, онда қалай реттейді деген сұраққа - әдіс жауап береді. Енді осыдан шығарып құқықтық реттеудің әдісіне анықтама беріп көрейік.

Құқықтық реттеудің әдісі дегеніміз біркелкі сипатты қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін жүзеге асыратын заңдық құралдардың жиынтығы.

Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері болады:

1) Иперативтік әдіс - бұл өкілдік ұйғарымдар мен субординациялар арқылы тыйымдар, міндеттер мен жазалар беру нормаларына негізделеді.

2) Диспозитивтік әдіс - бұл әдіс келісімге келуші жақтардың теңдігі (теңқұқықтылығы), субординациялар арқылы рұқсат ететін (ерік беретін) нормаларға негізделеді.

3) Мадақтау - бұл лайықты мінез-құлқына байланысты анықталған сыйлық беру әдісі.

4) Ұсынылатын, кеңес беретін - бұл әдіс қоғам мен мемлекет үшін қажетті нақты мінез-құлықтың болуын жүзеге асыруға кеңес беруге негізделеді.

Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:

Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.

Құқық институты - белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тәртіпке салынған жиынтығы. Құқық институты - құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде алғанда көп емес орнықты жиынтығы. Құқықтық институттар қоғамдық болмыстың жекелеген тұстарын, фрагменттерін (үзіктері мен үзінділер), жақтарын ретке келтіріп тәртіптеуге бағытталған. Институт - саланың құрамдас бөлігі, топтамасы, звеносы (үзбесі). Құқық саласының әрқайсысында көптеген институттар болады. Мысалы, қылмыстық құқықта тағайын, жаза беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату институттары болады; отбасы құқығында - неке институты, бала асырап алу институты, некені бұзу институты болады; азаматтық құқықта - сатып алу - сату шарты институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты және т.с.с.

Барлық институттар бір-бірімен тығыз байланысты түрде бір саланың аясында немесе одан тысқары да қызметтерін атқара береді. Құқықтық институттардың арасында кешенді күрделілері де болады. Бұлар өз құрамдарында субинституттар деп аталатын тым майда құрылымдардан тұратын құқықтық нормалардың аса ірі жиынтықтары. Мысалы, азаматтық құқықтағы жеткізіп тұрушылық институты өзіне айып институтын, айып төлеу (неустойка), жауапкершілік институттарын біріктіреді.

Қандайда болсын бір жиынтықтың нақты құқықтық институтқа, жекеленуі үшін заңды айырымдық үш нышаны (белгі) қызмет етеді:

1) құқық нормаларының заң тұрғысынан тұтастығы;

2) қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығын реттеудің толықтығы;

3) құқықтық институттарды құрайтын нормалардың заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер тарауларында, бөлімдерінде және басқалай да құрылымдық бірліктерінде жекеленуі.

Құқық саласы - құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.

Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастарды реттейді. Мысалы, кәсіпкерлік құқығы - азаматтық құқықтың салашасы.

Құқық салаларының белгілері (нышандары):

- әрбір саланың өз пәні болады;

- өзінің заңдары, қағида бойынша дербес кодекстері немесе ірі заңдары;

- құқық нормаларын мүлтіксіз орындауға бағытталған құқық және міндеттерді, мемлекеттік құқықтық шараларды жүзеге асыру тәсілдерін белгілейтін өзінің заңдық ерекше режимі болады.

Құқық салаларын жіктеу:

1) басты құқықтық режимдерді қамтитын профильдеуші негізгі салалар және де бүкіл құқық саласы жүйесінің үстінде конституциялық құқық болады, содан кейін барып материалдық салалар - азаматтық, әкімшілік қылмыстық құқық және соларға сәйкес іс жүргізу салалары - азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы болады;

2) арнайы салалар - мұнда құқықтық режимдер қоғамның ерекше аясына; еңбек құқығына, жер, қаржы құқығына, әлеуметтік қамсыздандыру құқығына, отбасы құқығына ыңғайластырылады;

3) профильдеуші және арнайы салалардың әртекті институттарын біріктіруі оларға тән болып келетін кешенді салалар: аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы.

Заң әдебиеттерінде құқық салаларынан мыналарды атап көрсетеді:

1) Конституциялық құқық;

2) Азаматтық құқық;

3) Әкімшілік құқығы;

4) Қылмыстық құқық;

5) Жер құқығы;

6) Еңбек құқығы;

7) Неке-отбасы құқығы;

8) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;

9) Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы;

10) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;

11) Экологиялық (табиғи қорғау) құқығы;

12) Қаржы құқығы;

13) Азаматтық іс жүргізу құқығы;

14) Халықаралық құқық.

Қалыптасу кезеңін өткізіп жатқан құқықтарға кәсіпкерлік, салық, кеден, муниципалдық, компьютерлік, ғарыштық құқықтарды жатқызуға болады.

Құқықтың негізгі салаларына сипаттама беру дегеніміз конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, неке-отбасылық, еңбек және т.б. құқықтардағы нақты пәнді және олардағы құқықтық реттеудің басым әдістерін талдап қарастыру болып табылады. Кейбір құқық салаларын қарастырып көрейік.

Конституциялық құқық саласы - жетекші құқықтық сала Конституциялық құрылыстың негіздері, тұлғаның құқықтық жағдайы, басқару формасы және конституциялық құрылыс осы құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің әдісі - императивтік әдісі басым түрде қолданылады.

Азаматтық құқық саласы - мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық сала құқықтық реттеуде негізінен диспозитивтік әдісті қолданады.

Әкімшілік құқық саласы - мемлекет органдарының атқару-орындау қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің көпшілігінде императивтік әдісін қолданады.

Қылмыстық құқық саласы - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, меншіктің жекелік және мемлекеттік нысандарын және т.б. қылмыстық қол сұғулардан қорғауда туындаған құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде императивтік әдіс үстем болып келеді.

Неке-отбасы құқығы саласын - отбасын құру негізінде туындаған және отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды құқықтық жолмен реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде негізгі қолданылатыны диспозитивтік әдіс.

Еңбек құқығы саласы - еңбек аясы мен еңбек ету яғни жұмыс атқару барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланың құқықтық реттеуде қолданатыны - императивтік әдіс.

 



  30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   Наступна

Ықтың анықтамасы, оның белгілері | Ықты түсіну жолдары | Ықтың мәні. | Ықтың қызметтері | Пысықтау сауалдары | Он бірінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ | ЖАЛПЫЛАМА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | Нормативтік-құқықтық актілердің уақытқа, кеңістіктегі, субъектілерге байланысты (қамту өрісіндегі) күші | Ықтық норманың құрылымы. | Ық нормасы мен нормативтік құқықтық акт бабының арақатыснасы |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати