загрузка...
загрузка...
На головну

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ

  1. A) Мемлекеттің аумақтық құрылымы
  2. Азақстан Республикасы - егемен және тәуелсіз мемлекет
  3. Азақстан - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
  4. Азақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
  5. Бесінші тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ
  6. Екінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
  7. Жетінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ

               
   
Жалпы ғылымдык әдістер
     
Жалпы логикалык әдістер
 
Жекелеген ғылыми әдістер
 
 
 
- Формалды логикалық   - Диалектикалық   - Жүйелілік   - Тарихи   - Құрылымды- функционалдық   - Әлеуметнамалык   - Баскалары    
 
- Талдау (анализ)   - Синтез (жинақтау)   - Талдап қорыту   - Салыстыру   - Абстракцнялау   - Ұқсастыру   - Модельдеу (үлгілеу, үлгі жасау)    
 
- Салыстырмалы құқықтану   - Техникалық- заңдық талдау   - Айқындау (анықтау, дәлелдеу)   - Нақты-әлеуметтік әдіс   - Басқалары  


Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі.

Заң ғылымдарының қоғам өміріндегі мақсаты оның атқаратын қызметінен көрінеді.

Мемлекет және құқык теориясы барлық заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.

МҚТ қызметтері әртүрлі.

1. Онтологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы бұл қызметін атқаруда осы ғылым пәнінің теориялық негіздерін зерттейді. Мемлекет және құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғанын түсіндіріп береді. Сонымен бірге қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып, ол туралы түсініктеме жасайды.

2. Гносеологиялық қызметі, басқаша айтқанда түп-түқияндық қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында, мемлекет және құқық теориясы аталып отырған пәнді танып білу үшін зерттеп, байыптауды жүзеге асырудың теориялық тәсілдерін даярлайды, ал мұның өзі түбінде құқықтық танымның дамуына жол ашады.

Заң ғылымының түп-тұқиянын білу нәтижесінде құқық, оның жүзеге асырылуы және барлық құқықтық құбылыстар танылады. Құқықгық болмысты талдау барысында құқықтық ұғымдар, түсініктер, құрылымдар қалыптасады да, олар құқықтық құбылыстарды одан ары танып-білудің құралдарына айналады. Құқықты тану үшін ерекше теориялық амал-тәсіл (концепция) қолданылады. Құқықтық бір мәселені зерттеп тану үшін бірнеше, өзара пікір таластыратын теориялық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Осындай шығармашылық пікір таластыру нәтижесінде шындықты ашуға, ақиқатты айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы, құқықтың қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оған нормативтік, философиялық және қоғамтану тұрғысынан қарау қажет.

3. Методологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы іргелі ғылым болғандықтан, оның зерттейтін заты, яғни пәні де бар. Олай болса бұл ғылымның сол пәнді зерттеуге, соның барысында зерделеуге қажетті тәсілдері мен амалдарының жолдары да бар. Осылар арқылы заң ғылымдарындағы ұғымдар, санаттар, құбылыстар зерттелініп, талданып, ғылымда өздеріне тиісті орындарын алып жатады.

Заң ғылымының дүние тануы құқықтық құбылыстарды зерттеуге, пайда болу жолдарын анықгауға байланысты. Шынайы дүние танушылық - ғылыми ізденістің нәтижеге жетуінің шарты. Осы уақытқа дейін заң ғылымдары марксизм-ленинизмнің дүние тану тәсілін қолданып, басқа тәсілдерден бас тартқандықтан, құқықтың шын мәнін зерттеп білуге мүмкіндік болмады. Марксизм-ленинизм құқыққа тек қана таптық түрғыдан қарағандықтан, оның әлеуметтік мән-мағынасын толығынан, жан-жақты түсіңдіре алмады.

4. Идеалогиялық қызметі. Идеология ұғымына халықтың, қоғамның, оның белгілі бір әлеуметтік топтарының көзқарастары мен ұстанатын принциптерінің жүйесі жатады. Қайсы бір реттерде халықтың немесе ұлттың көпшілік бөлігіне арналған бірыңғай (жұмылдырушы) идеология орын алып жатады. Мысал ретінде бұрынғы КСР Одағын алуға болады. Мұнда тек қана бір марксистік-лениндік идеология орын алып келген болатын. Қазіргі күннің мысалдарын келтірер болсақ, онда АҚШ-ты айтар едік. АҚШ-та американдықтардың арманы дейтін ұғым бар. Әрбір американдық өзінің табыс табуға деген өз елінде бар мүмкіншіліктер жасалғандығына сенетіндік идеологиясы қоғамда орын алған. Қоғамда идеологиялық бағыт-бағдардың болмауы немесе оның жойылып кетуі елде аласапыранмен, толқулардың басталуына, сөйтіп мемлекет аумағында заң бұзушылықтардың өсуіне, қылмыстардың өршуіне апаратыны өз еліміздің басынан кешіп отырғандығын мысал ретінде айтуға болады. Сондықтан да мемлекет жөне құқық теориясы қоғамда белгілі бір құқықтық жөне саяси мөдениетті қалыптастыруға бағытталған ақыл-кеңестер топтамасын ұсынып отырады. Әрине мұндай ақыл-кеңестер мемлекеттің өзі жүргізіп отырған саясатына үйлес болуы, оған қайшы келмеуі тиіс. Мұндай құқықтық мақсаттар мен саясатты жүзеге асыруда мемлекет әрқилы құралдар мен әдістерді қолдануы мүмкін. Мысал үшін Идеологиялык бағдарлама ретінде қабылданған ҚР Президентінің "Қазақстан-2030" деген үндеуін атауға болады. Мұнан басқа құжаттан ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауын да жатқызуға болады.

5. Болжамдык, (прогностикалық) қызметі. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет және құқық теориясының пәні - мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет бағыттарын атқаруы мен дамудың жалпы заңдылықтары және осылардың қоғамдық болмыс пен саяси жүйеде алатын орыны екендігі мәлім.

Мемлекет пен құқық теориясының пәніне жататыңдардың заңдылықтарын зерделей отырып бұл теория өзінің үғым-түсініктерінің әрі қарайғы даму барысын, мемлекеттік-құқықтық аяның өзгерістерге ұшырауын болжалдайды. Ал мұның езі өз кезегінде түзетуге келмейтін қателіктердің алдын алып, оларды болдырмауға мүмкіндіктер береді.

Ерекше атап айтатын жәйт, мемлекет және құқық теориясының барлық қызметтері бір-бірімен тығыз шиырлана өрілген болып келеді де олар бірін-бірі өзара толықтырып жатады. Сондықтан да бұлар мемлекет және құқық теориясы тағайынының толыққанды түсінігін тек жиынтық түрінде ғана бере алады.

Заң ғылымының қызметі құқықтың, құқықтық құбылыстардың дамуы, өзгеруі туралы болжау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми құқықтық болжалдың маңызы - қоғамдық қатынастарды дағдарыссыз, жұлқыныссыз, ырғақты реттеудің жол-жобаларын айқындауға мүмкіндік береді. Әрине, өтпелі кезенде қоғамдық қатынастарды ырғакты реттеу оңай емес, себебі кенеттен пайда болатын өзгерістерді алдын ала болжау өте қиын. Сондықтан қабылданатын зандарда олқылықтар, кемшіліктер көп кездеседі. Осы жағдайды Қазакстанның құқықтық жүйесінің қалыптасу барысынан да байқаймыз. Неғұрлым қоғамдық қатынастарда тұрақтылық басым болса, соғүрлым олардың даму жолын алдын ала болжау да оңайырақ болып, құқық арқылы реттеудің жолы жеңілденеді.

6. Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі. Қандай бір дамыған мемлекет болса да, ол ертелі-кеш шешімі қиын, әрі онысы тез арада табыла қоймайтын келелі мәселелерге тап болатыны тарихтан мәлім. Міне осындай жағдайларда дағдылы істер мен төжірибелерге жене теориялық жадығаттарға (материалдарға) сүйене отырып мемлекет және құқық теориясы ғылымы кездесіп отырған келелі мәселенің шешімін іздестіреді. Осындай ізденістер барысында аталған қиын мәселелерді шешудің жолдары анықталады. Осы анықталған жолдар - ақыл-кеңестер ретінде ұсынылып тығырықтан шығудың жолын айқындайды. Мысалы, Қазакстан Республикасы сот реформасын 1995 жылдары бастаған кезде соттар тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен халық заседательдері институтынан бас тартқан болатын. Ал казір сот жүйесінде туындаған қиындықтарға байланысты ҚР Конституциясының 75-і бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы соттардың өздерінің іс қарауларында сот әділдігін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау үшін ант берген сот мүшелері (присяжные заседатели) институтын енгізді. Әлем елдерінің соттар жүйесінде жинақталған іс-тәжірибелер мен өз мемлекетіміздің де сот жүйесінің іс-тәжірибелерін елеп-екшеудің нәтижесінде, елімізде соттар жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай келетін, біздердегі жағдайларға ыңғайластырылған шешім қабылдауға мүмкіндік пайда болды.

Заң ғылымының нәтижесін іс жүзінде қолдану - құқық жасау және оны жүзеге асыру қызметін жетілдіру мәселесін шешу болып табылады. Бұл тәжірибелік ұсыныстар жасауға байланысты болып келеді. Заң ғылымы теориялық мәселелерді зерттей отырып, құқықтық болмыстық заңдылықтарын анықтайды, соның нәтижесінде сапалы заңдар жасау ісі, мемлекет органдарының кызметін жетілдіру шаралары белгіленеді, ол жөнінде ұсыныстар жасалады. Әрине, мұндай ұсыныстар пайдалы, ұтымды әсер ету үшін ғылыми тұрғыдан шүбәсіз болуы керек. Сонымен қатар мемлекет органдары, лауазым иелері ондай ұсыныстарды пайдалануға әрекет жасаулары қажет.

7. МҚТ тәрбиелеу қызметі- өзіне тән әдістермен заңды құрмет тұтатын, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыру. Заң ғылымдары - құқықгың игілікті құбылыс екенін, әр азаматтың заңды мүддесін қорғайтын құрал екенін, оның өміріне қажетті жағдайлар жасайтын амал екенін дәлелдейді. Заңсыз іс-әрекеттердің қандай дағдарысқа апаратынын, адамды тығырыққа тірейтінін айқындайды. Сөйтіп, заңды сақтау, оны бұзбау әрбір азаматқа қажет екенін дәлелдеп, адамдардың құқықтық, санасын қалыптастыруға ықпал етеді.

 
 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   Наступна

САПАРГАЛИЕВ Г. С. ИБРАЕВА А. С. | БІРІНШІ БӨЛІМ | АЛҒЫ СӨЗ | Мемлекет және құқық теориясының пәні | ЗАҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ | Екінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ | Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары | Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының жолдары | Мемлекеттің шығуы туралы теориялар | Шінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати