Ланцетник басcүйексіздердің өкілі. Қазақша атауы -қандауырша. Латынша атауы - Branchiostoma lanceolatum. | Шеміршекті балықтардың шығу тегі ж/е эволюциясы. Шеміршекті балықтардың ұйымдасуының негізгі сипаттары. | Кластармағына дейінгі систематикасы. | Омыртқалылардын тері жабындысы ( эпидермис ж/е дерма) қурылысынын ерекшеліктерін корсетініз. | білезік сүйектер, 14 - алақан сүйектер, 15 - саусақтар |

загрузка...
загрузка...
На головну

Алабұғатәрізділер, кефальтәрізділер, камбалатәрізділер отрядына сипаттама, таралуы, практикалық маңызы.

  1. TBL бойынша зертханалық - практикалық сабақ өткізудің ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
  2. Ан және лимфа айналудың маңызы.
  3. Йым Жарғысының ішкі нормативтік акт ретінде маңызы.
  4. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
  5. Практикалық сабақтын мазмұны
  6. Ші тема. Ферменттер және олардың маңызы.

Алабұғатәрізділер отряды - Perciformes сүйекті балықтардың ең үлкен отряды. Отряд өкілдері теңізде, тұщы суларда кең тараған. 20 отряд тармағы 160 тұқымдасы 6500 - ден аса түрі бар. Қазба қалдықтары алғаш рет жоғарғы бор қабатында пайда болған. Денесі ктенойдты, сиректеу циклоидты қабыршақпен қапталған. Денесі тікенектер немесе сүйекті тақтайшалармен жабылған, жалаңаш түрлеріде кездеседі. Жүзбе қанаттарында үшкір талшықтары бар. Құрсақ жүзбе қанаттары кеуде қанаттарынан астында не алдында орналасады, кейде бірігіп сорғыш құрайды. Жамбас белдеуі иық белдеуімен байланысқан, торсылдағы тұйық кейбіреуінде болмайды. Бұлар жағалау маңын және су түбіне жақын мекендейтіндер, пилагикалық және терең су балықтары, көлдер мен ағысы жылдам суларды мекендейді. Негізгі өкілдері: қытай алабұғасы, кәдімгі алабұға, балқаш алабұғасы т. б. Басқын балықтылар (кефальтәрізділер) отряды - Mugiliformes. Отрядқа 3 тұқымдас 150 - ге жуық тропикалық және қоңыр жай жылы теңіздердің балықтары бірігеді. Кейбір түрлері тұщы суларда тіршілік етуге бейімделген. Көптеген ихтиологтар басқын балықтарды Percoidei- ден таратады. Алғашқы рет эоцен қабатында пайда болады. Денесі мен басы циклойдты немесе ктенойдты қабыршақтармен жабылған. Екі арқа жүзбе қанаты бір бірінен алшақ орналасқан. Жамбас белдеуі иық белдеуімен буын арқылы байланысқан негізгі өкілдері барракуда, кефальдар.Камбалатәрізділер отряды - Pleuronectiformesқұрамына 500-ге жуық су түбінде тіршілік ететін балықтар жатады, олар 6 тұқымдасқа бірігеді. Басым көпшілігі субтропикалық және тропикалық суларда мекендейді, аздаған түрлері салқын теңіздерде тіршілік етеді, кейбірлері арктикалық теңіздерде кездеседі. Бұлар теңіз балықтары, жағалаумаңы аймақта мекендейді, кейбір түрлері ғана өзендерге өтеді, бірақ уылдырық шашу үшін теңіздерге өтеді. Бұлардың екі көзі де бір жағында орналасқан. Арқа және аналь жүзбеқанаттары ұзын, құрсақ жүзбеқанаты кеуде қанатының алдында орналасқан. жүзбеқанаттарында әдетте тікенді талшықтао болмайды. Ересектеріне торсылдақ жоқ. Көптеген камбалалар төсеніш түсіне қарай реңін өзгерте алады.

22. Қосмекенділердің систематикасы, аяқсыздар, құйрықтылар және

құйрықсыз амфибиялардың


сипаттамалары, олардың биологиясы және экологиясы


Доғаомыртқалылар класстармағы - Apsidospondyli

Лабиринтодонттар отрядүсті - Labyrinthodontia

Ихтиостегиалар отряды - Ichthyostegalia

Рахитомалар отряды - Rhachitomi

Стереоспондилдер отряды -Stereospondyli

Антроказаврлар отряды - Anthracosauria

Секіргіштер отрядүсті - Salienta

Қарапайым құйрықсыздар отряды - Proanura

Құйрықсыздар отряды - Anura

Жұқаомыртқалылар кластармағы - Lepospondyli

Нектридиялар отряды - Nectrida

Аистоподалар отряды - Aistopoda

Микрозауриа отряды - Microsauria

Құйрықтылар отряды - Urodela

Аяқсыздар отряды - Apoda

құйрықтылар және құйрықсыз амфибиялар.Денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады. Дене тұрқы 2 - 3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетелі. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болып келеді. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдан, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы да тыныс алады. Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бас-сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңкасынан құрал ады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады. Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен түрады. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болмайды. Аяқтарында жеке-жеке бұлшықеттер жақсы дамыған. Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқыбездің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоакаға айналады. Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді. Құрлықта атмосфералық ауамен тынысалуына байланысты қантарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер - оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ қүлақшага келіп аяқталады. Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған. Ортаңғы миы жақсы дамыған. Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған. Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабақтары болады. Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған. Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысымен де байланысады. Дәм сезуі, тері арқылы сезуі нашар дамыған. Қосмекенділердің балықтарға ұқсас екі бүйрегі, екі несепағар түтігі және бір қуығы бар. Қуығы жақсы дамыған, ол клоакаға ашылады. Қажетсіз заттар клоакадан сыртқа шығарылады. Қосмекенділер - дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері түрлент дамып, ересектеріне айналады. Дернәсілдерінің басы жалпақ болғандықтан, оларды шөмішбалық немесе иттабан; деп атайды. Қосмекенділердің көбеюі мен дернәсілдердің дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанғаннан кейін көл бақаларда (8-10 тәуліктен соң) дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда қүйрығының көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы бірте-бірте қысқарып, жойылады. Дернәсілдері желбезектері арқылы ғана тыныс алады. Олардың жүрегі екі қуысты, бір ғана қанайналым шеңбері болады. Дами келе жүтқыншақтың екі бүйірінен өкпе пайда болады. Қосмекенділердің тек суда ғана тіршілік ететін түрлері де бар. Бақалар мен құрбақалардың ересектері суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Аздаған түрлері ағаш басында өрмелеп өмір сүруге бейімделген. Кейбір түрлері, яғни аяқсыз қосмекенділер текжер астында ін қазып тіршілік етеді. Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су айдындарының болуы және ылғалдылық маңызды рөл атқарады. Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір түрлері: бақалар, саламандралар тағам ретінде пайдаланылады. Көл бақалар тәжірибелік зерттеу жүмыстарында кеңінен қолданылады. Қосмекенділер ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдар) пайда болған. Олардың бас сүйегі түтасқан сүйекті сауытпен, денесі сүйекті қалқандармен қапталған. Стегоцефалдар су жағалауларында тіршілік еткен. Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер. Биологиясы.Көбеюi. Бақалар, қыс бойы су түбiнде ұйықтап, көктемдегi күннiң алғашқы сәулелерiнен оянып, көбеюге кiрiседi. аталықтары қатты құрылдайды. Жасыл бақаларда (көлдi және көлшiктi) дауыс ерекше резонаторларды - ауыз қуысынан ауамен үрленетiн және ауыз бұрышының арт жағында орналасқан желқабызды күшейтедi. Қоңыр бақаларда резонаторлар мойын терiсi астында орналасқан. аналықтары суда, балық уылдырығына ұқсас, уылдырық қалдырады. Аталықтар оған, құрамында сперматозоидтары бар сұйықтықты шашады. Бiрнеше уақыт өткеннен соң, әр уылдырық қабығы iсiп мөлдiр, iркiлдеген қабатқа айналады, оның iшiнен жұмыртқа көрiнiп тұрады. Оның жоғарғы бөлiгi қараңғы, ал төменгiсi жарық. Мұндай түс тиiмдi: жұмыртқаның қараңғы бөлiгi күн сәулесiн жақсы қабылдап, күштiрек жылынады. Көптеген бақалар түрiнiң уылдырық жиынтығы, судың жылы бетiне қалқып шығады. Дамуы. Төменгi температура жұмыртқа дамуын тежейдi. Ал егер ауа-райы жылы болса, жұмыртқа көптеген бөлшекке бөлiнiп, көпклеткалы ұрыққа айналады. Бiр - екi аптадан кейiн уылдырықтан бақа дернәсiлi - бақашабақ пайда болады. Бұл дернәсiл сырт келбетiмен жұмыртқа тәрiздi денесi бар кiшкентай балыққа ұқсайды. Алғашқыда бақашабақ сыртқы желбезектермен (басының екi жағында кiшкене шақтар тәрiздi) тыныс алады. Кейiн олар iшкi желбезектермен алмасады. Бақашабақта тек бiр қанайналым шеңберi және екi камералы жүрегi болады, терiсiнен бүйiрлi линия мүшесi байқалады. Осындай түрде, бақа дернәсiлiнде балық құрылысының кейбiр белгiлерi болады. Алғашқы күндерi, бақашабақ уылдырықтағы қоректi заттар қорымен қоректенедi. Содан кейiн, онда мүйiздi жақтары бар ауыз пайда болады. Бақашабақтар, балдырлар, қарапайымдылар және басқа да су организмдерiмен қоректенуге көшедi. Бақашабақтардың кейiнгi өзгерiстерi, күн жылыған сайын жылдамдайды. Оларды бiрiншi артқы, содан соң алдыңғы аяқтары пайда болады. Өкпелерi дамиды. Бақашабақтар судың бетiне көтерiлiп, ауа жұт а бастайды. Кейiнгi уақытта, олардың құйрықтары тартылып, бақашабақтар жас бақаға айналып, жағаға шығады. Уылдырық шашып, одан бақашабақтың бақаға айналғанша, шамамен 2-3 ай өтедi. Жас бақалар, ересек бақа сияқты тiрi қорекпен қоректенедi. Көбею қабiлетiне олар көбiне тiршiлiк етуiнiң үшiншi жылында жетедi. Көбеюден соң, қоныр бақалар судан шығады, ал жасыл бақалар суда қалады немесе жақын маңда, жағалауда қалады. Бақалардың жүрiс-тұрысы ылғалдылықпен анықталады. Құрғақ ауа-райында қоңыр бақалар күннен тығылып, түнде жемтiгiн аулауға шығады. Ал жасыл бақалар суда немесе жақын маңда тiршiлiк еткендiктен, олар күндiз де аңшылыққа шығады. Күз түскенде қоңыр бақалар су маңына жиналады. Ауаның температурасы, су температурасынан төмендегенде, жасыл және қоңыр бақалар су түбiне бүкiл қысқа кетедi. Аяқсыз қосмекенділер сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан, сақиналы құртпойым деп аталады. Бұлар аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер деп аталған. Олар - жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы. Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың басқа қосмекенділерден ерекшелігі - іштей ұрықтанады. Құйрықтылар өтрядына жататын қосмекенділердің 350-дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі - жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды. Дене тұрқы 20-25 см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Қүйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы - жалпақ, тұмсығы - доғал. Алдыңғы аяқтарында төрт, артқы аяқтарында 5 саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді. Сырттай ұрықтанады. Дернәсіл кезеңінде қыстал шығып, келесі жылы ересек түріне айналады. Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі. Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі. Жетісу лық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Қүйрықсыз қосмекенділер отряды. Бүлардың 3500-дай түрлері бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған. Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көлбақа, тоган бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады. Экологиясы.170-тей түрі Африкада, Америкада, Үндістанда, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Өте маманданған және соған қарамастан амфибиялардың қарапайым тобы, топырақ астында тіршілік етеді. Тек Typhlonectes және Dermophis туыстарының өкілдері ғана барлық тіршілігін суда өткізеді. Биологиясы. Ұрықтануы іштей. Аталықтарының клоакасы айналады және шағылысу мүшесі қызметін атқарады. Аналығы ылғал топыраққа саруызға бай 20-30 жұмыртқа салады. Көптеген құртшалар өздерінің жұмыртқаларын денесімен орап алып, оларды қорғайды, дернәсілдерін құрғап кетуден сақтайды. Ұрығының бүйір сызық мүшелері және 3 жұп сыртқы желбезегі болады, олар жұмыртқадан шығар алдында жойылады. Дернәсіл суға түсіп, онда дамуы аяқталады.

23. Lepidosauria класс тармағы, қабыршақты рептилиялардың сипаттамасы, олардың таралуы, биологиясы мен экологиясы, практикалық маңызы.

Лепидозавлар жоғарғы пермьнен белгілі. Олар шарықтаудың екі кезеңін триаста және соңғы борда басынан кешірді, ал юрада құлдырауға ұшырады, десе де кайнозойда барлық бауырымен жорғалаушылардың басым көпшілігін құрады. Ежелгі лепидозаврлар котилозаврларға жақын болады. Лепидозаврлардың басқаңқасында екі самай доғасы (диапсидті) болады, бирақ бас қаңқа сүйектерінің қозғалмалы байланысының дамуына орай астыңғы самай доғасының (жыландар) жойылуына алып келеді. Жұп аяқтары құрлықтық типті (кесірткелер), немесе қалақтәрізді (мозазаврлар), не екінші қайтара жойылған. Тістері плевродонтты не акродонтты. Омыртқалы амфицельді не процельді. Лепидозаврлвар экологилық жағынан әртүрлі: құрлықтық, сумаңылық және теңіздік болып бөлінеді. Қабыршақтылар Squamata. Қабыршақтылар қазіргі кездегі бауырымен жолғалаушылардың ішіндегі ең көбі. Оның бес мыңға жуық түрі белгілі, олар барлық материкте, алуан түрлі тіршілік жағдайларында өмір сүреді. Қабыршақтыларға кесірткелер, хамелеондар және жыландар жатады. Бұлардың ортақ белгілері: денесі көлемі мен формасы әр түрлі болатын мүйізді қабыршақтармен қапталған. Біраз түрлерінде мүйізді жабындының астында сүйекті қабыршақтары болады. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі шаршы сүйегі бас сүйегімен қозғалмалы болып бекінген. Омыртқасы әдетте процельді болады, ал төменгі сатыдағы формаларында керісінше амфицельді болып келеді. Сүйекті таңдайы болмайды. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Клоакаксы көлденең саңылау сияқты, копулятивтік органы қалта тәрізді болады. Негізгі өкілдерінің бірі Құбылғылар, олардың көпшілігі Мадагаскар мен Африкада тіршілік етеді, тек аздаған түрлері оңтүстік Азияда мекендейді.

24.Anapsida,Archosouria класс тармағы, систематикасы, тасбақалар отряды, таралуы биологиясы және экологиясы, практикалық маңызы.
Тип:Chordata-Хордалылар
Тип тармағы:Vertebrata-Омыртқалылар
Класс: Бауырмен жорғалаушылар-Reptilia
К/тармағы: Анапсидтер-Anapsida
Отряд: Тасбақалар отряды-Chelonia,seu Testudines
К/тармағы: Архозаврлар-Archosauria
Отряд:Қолтырауындар-Crocodilia
Ежелгі бауырмен жорғалаушылардың қосмекенді тектерінен бөлінуі орта карбонда жүрген болуы керек. бұл кезде қарапайым эмболомерлі стегоцефалдар-антракозаврлардан (Anthracosauria),Diplovertebron сияқтылардан, аліде болса тіршілігі суқоймалары және жағалаумаңы биотоптарымен байланысты болған, майда су және құрлық омыртқасыздарымен қоректенетін формалар бөлініп шықты. бұлар өте қозғалмалы және олардың миы ата тектерімен салыстырғанда біршама үлкен болды. олардың терісі мүйіздене басталуы мүмкін. Архозазаврлар, қолтырауындардан басқалары, жойылып кеткен топ, бірақ мезозойда ол көп болған және тек рептилиялардың арасында ғана емес, бүкіл құрлық омыртқалыларының ішінде жер жүзінде кең тараған. олар құрлықта, тұщы және теңіз суларында және ауада мекендеген. Архозаврлар экологиялық жағынан құстар мен сүтқоректілерді алмастырған.Құстармен сүтқоректілер өздерінің аздығынан мезозойда архозаврлармен бәсекеге түсе алмады және тек архозаврлар жаппай қырылған соң кайназойда жылдам дами бастады. архозаврлардың әдетте мойны мен құйрығы ұзын. аяқтарындағы сыртқы саусақтары жартылай немесе толық редукцияға ұшраған. көптеген формаларында тері сауыт болған. жыртқыш архозаврлар үшінбипедальды қозғалыс тән. бас сүйегі қос самай шұңқұрлы, шүйде ілмешегі біреу, омыртқалы амфицельді, процельді және опистоцельді. төсі, птерозаврлар мен кейбір динозаврлардан басқаларында, сүйектенбеген. көбею тәсілі бойынша жұмыртқа салушылар. кейбір суда тіршілік ететін формалары тірі туу мүмкін.Тасбақалар отряды;Тасбақалар бауырмен жорғалаушылардың арасындағы ең тұрақты топ. денесі сауытпен қапталған. басын, монын, аяқтарын,құйрығын қауіп төнгенде осы сауытының ішіне жиырып алады. сауыт арқа қалқаннан-карапакстан және құрсақ қалқанынан -пластроннан тұрады. сауыттың пішіні тіршілік ерекшелігіне байланысты;құрлық түрлерінде ол биік күмбез тәрізді, жиі кедір бұдырлы, ал тұщы суларда тіршілік ететіндерінде аласа, жалпақ және тегіс, теңізде тіршілік ететін түрлеріндесауыт сусымалы, тамшы тәрізді. омыртқа жотасының мойын және құйрық бөлімдері қозғалмалы. иық белдеуі тек жауырынмен коракоиттан, бұлар бос жатады, түзілген. жамбас белдеуінің сүйектері буындар арқылы карапакске бекінген, немесе онымен бірігіп кеткен. бассүйегінде шыұшыт доғасы, шаршы шықшыт және қабыршақты сүйектер дамыған. жақтарында тіс болмайды, не нашар жетілген, олардың шеттері өткір, мүйізді қапшықпен қапталған. аяқтары мен мойнының бұлшық еттері жақсы жетілген, ал тұлға бұлшық еттері керісінше әлсіз. ауыз қуысында қалың, етті тілі орналасқан.Өңеш қалың қабырғалы қарынға барады, соңғысы ішекпен сақиналы белдемшемен анық бөлінген. тасбақалардың бас бөлімі нашар жетілген. көзі жақсы дамыған,қарашығы дөңгелек. есту нашар құрлықта тіршілік ететін түрлерінде дабыл жарғағы қалың, ал теңіз тасбақаларының есту өзегі қалың терімен жабылған. дәм сезу, иіс сезу, сезінуі жақсы дамыған. аталықтарда тақ жағылысу мүшесі болады, ол клоака ішінде орналасқан, сыртынан көрінбейді. тасбақалар жұмыртқа туу жолымен көбейеді, оны қатты известі қабық, сиректе болса пергаментәрізді қабық қаптайды. жұмыртқаларының саны бірнешеуден 100-ге жетеді. тасбақалардың өсуі өмір бойы жүреді. таралуы негізінен жылы аймақтармен байланысты (дымқыл тропикалық, ыстық шөлді).Қоңыржай белдеуде олар аз.Қазіргі кезде 230-ға жуық түрі кездеседі. олар 12 тұқымдас4 отряд тармағына бірігеді.
25) Жүгіргіш (қырсыз төстілер) және жүзгіш (пингвинтәрізділер) құстардың сипаттамасы; систематикасы, өкілдері, биологиясы және экологиясы, таралуы.

Жүзгіш құстар (Impennes) саны аз және өте маманданған құстар тобы, олигоценнен белгілі. Бұған бір ғана отряд - Пингвиндер (Sphenisciformes) отряды жатады, олардың қазіргі кезде 16 түрі бар. Пингвиндер - ұшпайды, бірақ жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Денесін қалың әрі тығыз майда қауырсындар жапқан, бұлар жалпақ әрі жайдақ өзектен және әлсіз жетілген желпуіштерден (пәр) тұрады. Аптерия жоқ. Теріасты май қабаты (шел) жақсы жетілген, жылу сақтағыш қызмет атқарады. Сүйектерінде ауа қуыстары болмайды, сүйегі майлы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған, қанат сүйектері жалпақ. Төстің қыры жақсы жетілген, ал төс бұлшықеті құс массасының ¼ бөлігін құрайды, ол көптеген ұшатын құстардан әлде қайда үлкен. Аяқтарында 4-тен саусақтары болады, олар бір-бірімен жүзу жарғағымен байланысқан. Аяқтары біршама артқа қарай орналасқан. Құрлықта жай және епетейсіз қозғалады. Жылына бір рет түлейді. Ересек құстардың қорегі - балықтар, моллюскалар, шаянтәрізділер. Барлық пингвиндер - моногамдар. Олар әдетте үйір құрайды және үлкен шоғыр құрып ұялайды. Ұясын жерге салады, ұяда әдетте 1-2 жұмыртқа болады. Пингвиндер оңтүстік жарты шарда: Антарктида жағалауынан Австралия, Африка мен Оңтүстік Американың тропикалық ендіктерінде суық ағыстар енетін жерлерінде тараған. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Негізгі өкілдерінің бірі Император пингвині (Aptenodytes forsteri) - ең ірі түр, бойы 100-120см, ал салмағы 45кг-ға жетеді. антарктида жағалауы бойында қыстың ортасында ұялайды. Галапогосс пингвині (Spheniscus mendiculus) - тропикада ұялайтын бірден-бір түрі. Әсем пингвин (Megadyptes antipodes) шоғыр құрмайды және әдетте жеке жұп құрып ұялайды. Пингвиндердің айта қарарлықтай кәсіптік маңызы жоқ.

Жүгіргіш құстар отрядында қазіргі кезде тіршілік ететін бір түр - Африка түйеқұсы (Struthio camelus) жатады. ол Африканың далалары мен шөлейтті жерлерінде мекендейді. Бұл қазіргі құстардың ішіндегі ең ірісі, массасы 75-90кг және бойы 270см-ге дейін жетеді. Ұшпайды, бірақ жақсы жүгіретін құстар. Мойны мамықпен жабылған, аяқтары қауырсынданбаған. Төс сүйелері болады. Қаңқасында ауа қуыстары жоқ, тек ортан жілікте ғана болады. бұлар үшін төстің кішкентай болуы тән, қыр сүйегі болмайды және төс бұлшықеті де нашар дамыған. Қатқыл өсімдіктермен қоректенеді, кейде майда кеміргіштер, рептилия мен насекомдарды ұстап жейді. Жұмыртқасының салмағы 1,5-2кг. Балапандары ширақ. Ұрпақтарына қамқорлықты балапандары жасайды, Қазақстанда қолда өсіріледі.

Тип: Сhordata - Хордалылар

Типтармағы: Vertebrata - Омыртқалылар

Класс: Aves - Құстар

Класс тармағы: Neornithes - Нағыз құстар

Отрядүсті: Impennes - Жүзгіш құстар

Отряд: Sphenisciformes - Пингвиндер

Түр: Aptenodytes - Император пингвині

Отрядүсті: Neognathae - Жаңатаңдайлы құстар

Отряд: Struthioniformes - Африка түйеқұстары

Түр: Struthio camelus - Африка түйеқұсы

26) Гагартәрізділер, погонкатәрізділер, ескекаяктылар, дегелектәрізділер ж/е қазтәрізділер отрядынын сипаттамалары.

Гагартәрізділер отрядына 5 тур бірігетін бір Gaviidae тукымдасы жатады, олар Солтустік жарты шардын коныржай ж/е терістік ендіктеріндегі сукоймаларыннда тараган. Денесі мен мойны узарган басы кішкентай тумсыгы тік арі узын. Аяктары артка карай орналаскан, алдынгы уш саусагы жузу жаргагымен байланыскан, кішкентай арткы саусагы жінішке жузу калагымен жабдыкталган. булар нагыз су кустары, жаксы жузеді, бірак курлыкта нашар журеді. Корегі- балык су смврткасыздары, оларды 25 м терендікке дейін сунгіп устайды. Карапайым уясын жагага салады, оган аналыгы 2 жумыртка туады. Екеуі кезектесіп шайкайды.

Ескекаяктылар отрядына бір-бірінен оте окшауланган 5 тукымдаска жататын 50-ге жуык тур бірігеді. Ескекаякты кустар космополиттер десе де кейбір топтары тек томенгі ендіктерде мекендейді. Кауырсындануы калын. Сирагы мен жіліншігі кыска жузу жаргагы барлык 4 саусагын байланыстырады. корегі балык ж/е баска су жануарлары. Ушу сипаты ар калай жай калыктап, шапшан манерлеп ушады. Жерде епетейсіз журеді, жаксы жузеді, кейбір турлері жаксы сунгиді. Жыныстык диморфизм байкалмайды. Шогыр курып сирек жеке жуп болып уялайды. Калай болса солай салынган уяга аналыгы 1-6 жумыртка салады. Екеуі кезектесіп шайкайды ж/е коректендіреді. Балапандары кызылшака сокыр, жардемсіз.

Дегелектәрізділер узын сиракты кустар отрядына 5 тукымдаска бірігетін 120 тур жатады. Ен ежелгі казба кустары бор кабатынан белгілі. Арктика мен Антарктидадан баска жер шарында кен таралган. Дене молшері алуан турлі копшілігі узын мойынды узын сиракты ірі кустар. Аяктары 4 саусакты, сирагынын томенгі жагы кауырсынбаган. Саусактары узын алдынгы ушеуі кішкентай жаргакпен байланыскан. Канаты салыстырмалы турде улкен, жалпак, догал. Куйрыгы кыска донгеленген. Тумсыгы артурлі пішінді, жиі узарган кашаутарізді. Канаттарын жай кагып белсенді немесе калыктап ушады. Ушканда аяктарын созады. Су манында уялайды. Уясын агашка буталарга немесе кулагын камыстарга салады. Уясын аталыгынын комегімен аналыгы салады. Уяда 2-ден 8-ге дейін жумыртка болады. Балапандарын екі куста коректендіреді.

Қазтәрізділер отрядка Антарктидадан баска барлык материктерге кен тараган 2 тукымдаска бірігетін 150-ден астам тур жатады. Бул бор кезенінін сонында пайда болган кустардын ежелгі тобы. Кауырсындануы тыгыз катты мамык денесін тутастай баскан. Канаты аса улкен емес ушкір. Коптеген кустардын куйрыгы кыска. Аяктары кыска, 4 саусакты 3 саусагы жузу жаргагымен байланыскан. Тумсыгы жалпайган жука сезгіш терімен капталган, ол тумсыктын ушына карай муйізденіп жуанданган. Тумсыгынын шеттері жане тілінде муйізді тактайшалар болады, олар сузгіш аппарат тузейді. Етті карында тыгыз кутикула болады. Корегі алуантурлі су омырткасыздары, балык, жагалауманы жане курлык осімдіктері. Ушуы шапшан канаттарын жиі кагады. Жаксы жузеді коптеген турлері жаксы сунгиді. Куймышак безі жаксы жетілген. Коптеген турлері моногамдар. Аталыктарынын шагысысу мушесі болады. Уясын суга сукоймаларынын жагалауларында куыс ін немесе жартастар арасына салады.

27. сұңқарлар, жапалақтар, тауықтәрізділер отрядтарының сипаттамалары, олардың систематикасы, биологиясы және экологиясы.

СИСТЕМАТИКАСЫ :

Класс:Aves-Құстар

Кластармағы:Neornithes-Нағыз құстар

Отрядүсті:Neognathae-Кәдімгі құстар

Отряд:Falconiformes-Сұңқартәрізділер

Отряд:Galliformes-Тауықтәрізділер

Отряд:Strigiformes-Жапалақтәрізділер

Сұңқартәрізділер (Falconiformes) - құстардың бір отряды. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында тараған. Қазақстанда 2 тұқымдасы (сұңқар, қыран), 14 туысы, 38 түрі бар, 29 түрі ұялайды. Ең кішкене сұңқартәрізділердің (ергежейлі сұңқар) салмағы 50 г, ең ірісі (калифорния құмайы) 12 кг болады. Калифорния құмайының жайған қанаты 3 м-ге дейін жетеді. Шәулісі ұябасарынан ірілеу болады. Бұлардың арасындағы жыныстық айырмашылық кейбір Жыртқыш құстарда (күйкентай, құладын) айқын көрінеді. Сұңқартәрізділердің қыстап қалатын және қайтып кететін түрлері бар. Олар жерден тез көтеріліп, мәнерлеп, көпшілік түрлері қалықтап ұшады. Негізінен моногамды (басыбайлы жұп құрады) құстар, ұясын қатарынан бірнеше жыл пайдаланады. Ұясын ағаш басына, жартас қуысына, құрақ арасына салады. Ірі түрлері (қыран, құмай) 1 - 3-тен, ұсақтары (бөктергі, тұйғын) 4 - 7-ден жұмыртқа салады. Оны шәулісі мен ұябасары кезектесіп басады, балапандарын да бірігіп асырайды. Қорегін іздеуі, жемінің құрамы Жыртқыш құстардың әр түрінде әр түрлі болады. Көпшілігі етпен қоректенеді. Негізінен зиянды кемірушілермен, кейбір түрлері өлексемен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартып, пайда келтіреді. Жыртқыш құстардың біраз түрі (ителгі, лашын, бүркіт, жылан жегіш қыран, ақ сұңқар, аққұйрықты субүркіт, т. б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Жапалақтәрізділер (лат. Strigiformes) - түнде тіршілік етуге бейімделген жыртқыш құстар отряды. Бұлар полярлық шеңберде тараған, тек солтүстік аймақта ұялайтын құстар. жапалақ тәрізділердің төменгі эоцен дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқаны белгілі. 28 туысқа бірігетін 123 түрінің Қазақстанда 9 туысы, 12 түрі кездеседі, олардың 10-ы ұя салады. Кейбір түрлері тұрғылықты (мысалы: үкі, байғыз, кәдімгі жапалақ, орман байғызы, кезқұйрық жапалақ), қыстап қалатындары да бар (мысалы: ақ жапалақ, құлақты жапалақ), ал басқа бір түрлері жыл құсы (саз жапалағы, маубас жапалақ, қаршыға реңді жапалақ, қылаң жапалақ). Наурыз - мамыр айларында ұшып келіп, қыркүйек - қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Дене тұрқы 12 см-ден (кішкене байғыз) 84 см-ге дейін (сақалды жапалақ), мекиені қораздарынан ірі болады. Жапалақ тәрізділердің қауырсыны - сарғыш қоңыр, жұмсақ. Басы үлкен, тұмсығы имек, тырнағы өткір болады. Құс ойнағынан басқа уақытта шақырмайды, тек түнде ұшады. ұясын ағаш діңіне, құз-жартасқа, жерге салады. Мамыр - маусымда ірілері 1 - 2-ден, ал майда құстары 10 - 12-ден жұмыртқа салып, оны мекиені 4 аптадай басады. Балапандары 30 күнде қанаттанады. Олар денесін ақ түк басқан, соқыр болып туады. Жапалақ тәрізділер жәндіктермен, кемірушілермен қоректенеді. Бұлардың жылдан-жылға санының азаюына байланысты 4 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының және 1 түрі Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Тауықтәрізділер (лат. Galliformes) - құстардың бір отряды.

Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтар/тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық - 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 - 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 - 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі - өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі. Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына", алтай ұлары Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.

Систематика:

Тип Chordata - Хордалылар

Тип тармаєы Vertebrata - Омыртќалылар

Класс Aves - ќўстар

Отряд - Piciformes - тоқылдақтәрізділер

Отряд - Apodiformes - Ұзынқанаттылар

Отряд - Passeriformes - торғайтәрізділер

Ұзынқанаттылар отряды3 тұқымдас пен 378 түрді біріктіретін 2 отрядтармағына жіктеледі. Тұмсықтары алуан түрлі, ұзынды-қысқалы. Аяғы кішкентай, әлсіздеу. Жерде жүрмейді. Құймышақ безі жалаңаш. Ұшуы шапшаң қарқынды. Күндіз белсенді. Моногамдар. Өте күрделі құрылысты ұя жасайды. Ұяда 1-6 жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз мамықтанған немесе қызылшақа көзі ашылмаған. Нағыз ұзынқанаттар тұқымдасы (Apodidae) тропикада көп, қоңыржайда да кездеседі. Тауда, жазықта, орманда тіршілік етеді. Салмағы: 20-110 гр. Қауырсындануы тығыз. Басы үлкен, жалпақ. Тұмсығы қысқа, езуі үлкен. Кіші аяғында 4 саусағы да алға қараған. Тырнақтары өткір, иілген. Құйрықтары қысқа айыр. Тілі қысқа, жемсауы жоқ. Насекомдармен қоректенеді. Сілекей безі күшті дамыған.

Торғайтәрізділер отрядықазіргі құстардың 63%-ын құрайды. Ол 4 отр. тармна, 52-72 тұқымдасқа жататын 5100 түрді қамтиды. Тропикада түрлік құрамы саналуан. Жоғарғы эоценнен белгілі. Көпшілігі ағаш, бұталы жерде өмір сүреді. Салмағы: 3гр-1,6кг. Тұмсығы алуантүрлі: насекомқоректі, дәнқоректі, т. б Қанаттары ұзын әрі үшкір немесе қысқа әрі доғал. Жіліншігі, төрт саусағы ұзындау, өткір имек тырнақты. Үш саусағы алға, біреуі артқа қараған. Құйрығы да алуан түрлі. Жемсауы жоқ. Етті қарынның бұлшықеті күшті. Қорегі алуан түрлі, бірақ балапандарын насекомдармен асырайды. Аталықтары ірілеу. Әдетте моногамдар. Жұмыртқаны екі дарақ та шайқайды. Ұясын ағашқа, бұтаға, інге салады. Жұмырт саны: 1-16 дейін. Балапандары қызылшақа және көзі ашылмаған немесе шамалы мамық басқан.

Тоқылдақтәрізділер отряды2 отр. тармғна, 6 тұқымдасқа жататын 379 құстың түрін біріктіреді. Олар Австралия, Жаңа Гвинея, Мадагаскардан басқа жерлерде кездеседі. Отряд қарапайым көкқарғатәрізділерден бөлінген. Отаны Оңт. амер болуы мүмкін. Тұмсығы тік, қашаутәрізді. Тілінің ұзындығы әр түрлі. Жемсауы жоқ. Қанаттары доғал. Аяқтары төртсаусақты, қысқа, күшті, ағашқа өрмелеуге жақсы бейімделген. Саусақтары үшкір тырнақпен жабдықталған. Жыныстық диморфизм байқалмайды. Күндіз белсенді. Қорегі: насекомдар, сирек өсімдіктер. Қорегін әдетте ағаштан жинайды. Моногамдар. Ағаш қуысында ұялайды. Жұмырт. саны: 2-5, 2-10 дейін ауытқып тұрады. Жұмыртқаны екі дарақ та шайқайды. Балапандары шала, көзі ашылмаған және көп түрлерінде қызылшақа.

29. насекомқоректілер қолқанаттылар қоянтәрізділер және отрядының сипаттамалары систематикасы таралуы, экологиясы, практикалық маңызы:



Топ: Holostei - сүйекті ганоидтылар | Тип: Chordata- Хордалылар
загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати