II. Паспорттық бөлемі | Б) Жүйелер бойынша зерттеу | Бұлшық ет жүйесі | Жүрек-тамыр жүйесі | Ас қорыту жүйесі | Зәр шығару, жыныс жүйесі. | Жүйке жүйесі. | X. Қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері. |

загрузка...
загрузка...
На головну

Ауру тарихын бағалау ережесі.

1. Бірінші кезеңде оқулық ауру тарихын кафедраның ассистенті тексереді, онда бағаланатыны:

а) оқулық ауру тарихының әдістемелік нұсқаудағы сызбаға сәйкес келетіні

б) негізгі шағым мен анамнездің шынайылығы

в) объективті зерттеуді дұрыс жүргізуі

г) клиникалық және лабораториялық зерттеу нәтижелерін жинау, бағалау

д) инструментальдық зерттеу әдістерінің нәтижелерін жинау, бағалау

е) сұрыптау диагностикасының кезеңдерін дұрыс жүргізуі, клиникалық диагнозды дұрыс негіздеп құрастыруды

ж) консервативтік емді тағайындағанда клиникалық фармакологияның негізін білу

з) операция алдындағы қорытынды мен операция хаттамасын дұрыс құрастыру

и) курация кезінде науқастың жағдайының өзгеру ерекшелігі

к) науқас ауруханадан шыққанда беретін ұсыныстардың және науқастың қалпына келу уақытының (реабелитация) шынайылығы

2. Екінші кезеңде ауру тарихын қорғау ауызша мамандық практика бойынша емтихан тапсырған кезде болады. Бағаланатыны:

а) ауру этиопатогенезінің қағидасы және ауру тарихы жазылған нақты науқастағы патофизиологиялық және биохимиялық өзгерістердің даму үдерісі.

б) жетекші синдромды анықтағанда, сұрыптау диагносткасын жүргізгенде және клиникалық диагнозды құрастырғанда байқалған клиникалық ойлану логикасы

в) қосымша зерттеу әдістерін таңдап алуды, емдеу әдістерін, операцияға дәлел және қайшы көрсеткіштерді, операция қауіптілігін және аурудың болжамын негіздей алу қабілетін.

 



XIV. Емдеу. | Тәжрибелік дағдылар тізімі
загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати