II. Паспорттық бөлемі | Б) Жүйелер бойынша зерттеу | Бұлшық ет жүйесі | Жүрек-тамыр жүйесі | Ас қорыту жүйесі | XIV. Емдеу. | Ауру тарихын бағалау ережесі. | Тәжрибелік дағдылар тізімі |

загрузка...
загрузка...
На головну

Жүйке жүйесі.

Зерттеген кезде науқастың интеллектілік даму денгейін бағалайды, ашуланғыштығы, бейтараптығы, жылауықтығы, көңіл күйінің күрт өзгердін анықтайды. Науқастың сөйлеу мүмкіншілігіне назар аударады (қалыптағыдай, дизартрия, нығыздап қатты - скандированная, тұтықпа), қозғалу реттілігі (координация) (статикалық, Ромберг сынағымен анықталады - науқас тік тұрғызып бунақтарын жиып қолын алға создырғанда жеке теңдікті ұстау, саусақ мұрын, саусақ-көрсету, тізе-өкшелік сынақтарды жүргізу). Орталық жүйке жүйесінің аурулар мен жарақаттануында қозғалу (тырыспа, фибриллярлық қозғалыс, парездер, параличтер)және сезіну (тактильдік, ауру және температураны) қабілеті, тері рефлектерінің жағдайы (іштін, табандық кремастерлік), клегей қабат жағның рефлексі (корнеальдық, коньюктивальдың, жұтқыншақтық), сіңірлік рефлекстер (тізе, ахиллдік және т. Б.) және дермографизмді анықтайды.

14. Жергілікті өзгерістер (status localis)

Жергілікті өзгерістерді толық жазу: жара таңғыны, жараны (жиектерін, түбін, қабырғаларын, грануляциялық тіндердің бар, жоғын, қабынуды, жараның бөлінісін, жараның маңайындағы тіндердің жағдайы, бөліністің сипаты, егер жара тігілсе - тігістің жағдайы), құрылымдар (көлемі, консистенциясы, жылжымалығы, ауыратыны, салынатыны, маңайындағы терінің және үстіндегі терінің өзгерістері).

VII. Сұрыптау диагностикасы (1-кезең)

Аурудың негізгі синдромдарын атап өту керек, олардың ішінен жетекші синдромын боліп алу керек, осы синдром бойынша клиникасында негізгі болатын аурулар айқындалады (әдетте 4-5 ауру болады). Сұрыптау диагностикасын жүргізгенде науқастың клиникалық симптомдарын басқа аурулардың симптомдарымен салыстырады. Салыстыру ауру тарихының сызбасы (схемасы) бойынша кезеңмен жүргізіледі. Ең соңында сұрыптау диагностика науқаста күдіктеліп отырған аурумен жүргізіледі. Басқа ауруларды жоққа шығару немесе кейбір ауруларды бұл кезеңде жоққа шығаруға болмайтыны туралы қорытынды жасау керек.



Зәр шығару, жыныс жүйесі. | X. Қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері.
загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати