Головна

Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту жүйесін зерттегенде анықтайтыны:

а)ауйз қуысының жағдайы (ерін клегей қабағының қызыл иектің түсі мен ылғалдығы, тілдің ылғалдығы мен жамылғысы);

б)тістердің жағдайы (кариозды, салынған, тістердің жоғы), жұткыншақтың (түсі қалыптағыдай, қызарған, ісінген, құрғақ, жабылмалар), бадамша бездері (қалыптағыдай, гипертрофияланған, түстері, жабылмалардың, тығындардың бары);

в)іштің жағдайы. Қарағанда анықтайтыны;

1)пішіні (конфигурация) (қалыптағыдай, «көлбақа іші» іш шеменінде);

2)симметриялығы ;

3)іш кебуінің бары немесе жоғы (метеоризм болғанда, жайылмалы перитонитте, іш шеменінде бір келкі кебу; ас қазан немесе ішек өтімсіздігі, іш ағзамаларының ісіктері болғанді бір қалыпты болмайды);

4)іштің тартылып тұруы (іш қабырғасындағы бұлшық еттердің қатаюынан, қуыс органдар тесілгенде, өте арықтағанда кахексияда);

5) іштің демалуға қатысы (жайылмалы перитонит болғанда іш қабырғасы дем алу үдерісіне қатыспайды). Бұл белгіні зерттегінде дем алған кезде іштің әрбір жері ауыратыны байқалса көбіне сол жерде патологиялық үдеріс бар орналасатынына назар аудару керек.

6)іш қабырғасындағы терінің түсі (қапталаған, теріастылық гематомалар соғылғанда болады);

7)іш қабырғасы көк тамырларының кеңеюі (портальдық гипертензия, іштің кистамен кенеттен үлкеюінде және т. Б.) ;

8)көрінетін перистальтиканы оның қай жерде орналасуын анықтау: жоғарғы және ортанғы құрсақ тусында болса-ас қазанның шығар тесігінің жарылуы, іштін басқа аймақта болса-ішек өтімсіздігінде.

Ішке пальпация жасағанда іш қабырғасының жағдайын анықтайды (жұмсақ, қатайған), тақтай тәрізді (қуыс органдар тесілгенде), пальпация кезінде ауырсыну (ол жер қабыну ошағына сәйкес келеді). Ас қазан, бауыр, өт қабы, көк бауыр, ток ішектердің жағдайын анықтайды. Аталған мүшелер іш аурулары пропедевтика курсында жазылған ережелер бойынша жүргізіледі. Іште бұлтию немесе ісік болса олардың орналасқан жерін, шекараларын, көлемін конституциясын, жылжымалығын, ауыратынын, бүдерлі екенін анықтайды. Ішке пальпация жүргізгенде В. П. Образцов ұсынған еретелерді игерген дұрыс:

1)пальпация жылы қолмен жүргізу

2)пальпацияны ауырмайтың жерден бастап біртіндеп ауру ошағына қарай ауысу

3) пальпация жүргізгенде алақанды жайғап күйінде ішке басу керек (тырпақ фалангалары өте нәзік бүгілу керек).

Ішке перкуссияжүргізгенде бауыр тұйықтығын айқындауға назар аударады. Қалыптағы жағдайда абсолюттік тұйықтықтың жоғарғы шекарасы орта бұғаналық сызық бойынша 6 қабырға денгейінде, жауырын сызығы бойынша 10-қабырғада. Төменгі шекарасы ортаңғы сызық бойынша семсер өсіктен 4-6 см төмен (ол конституцияға және кеуде құрылысының ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады), орта бұғаналық сызық бойынша қабырға доғасының сыртына шықпайды. Перкуссия кезінде бауыр тұйықтығының орнына тимпаникалық дыбыс анықталса ол іш қуысына бос газдың (бауыр үстіне) жиналғанының айғағы басқа симптомдармен үйлескенде асқазан немесе ұлтабар ойық жараларының тесілуін сипаттайды, сонымен қатар ішектің басқа бөліктерінің тесілуіне (жыртылуына) тән симптом. Жарық бұлтиюның үстінен перкуссия кезінде естілетін тимпанит жарық қалтасында ішек иірімі бар екенін көрсетеді. Іш қуысының ойық жерлерінде перкуссия кезінде тұйық дыбыс анықталса және науқасты қарсы қырына жатқызғанда түйық дыбыс жоғалса - іш қуысына сұйықтық жиналғанын көрсетеді (асцит, қанның жиналғаны). Қасаға үстінен шекарасы доғал тәрізді тұйық анықталса қуықтың шамадан тыс толып тұрғанын, жатыр немесе оның қосалқы ағзаларының ісігін, жүктілік датырды көрсетеді. Тұйықтық шекарасы көлбеу шығыңқы деңгейде болса ол іш қуысында бос сұйық жиналғанын көрсетеді. Асцит (іш шемені) болғанда перкуссиядан басқа ундуляция әдісін қолданады. Осы мақсатта іштің бір жағына алақанды жазып саламыз екінші жағынан екінші қолдың бүгілген саусақтарымен қайталап түрткілейді.

Іште сұйық болса түрткі толқын ретінде алақанға «беріледі».

Ішке перкуссия жүргізгенде перкуторлық ауырсынуды анықтаудың маңызы зор, өйткені ол патологиялық ошақтың барып және орналасқан жерін көрсетеді.

Ішке аускультация жасағанда перистальтық шу анықталады, олар ішек өтімсіздігінің бастанқы кезінде өте айқын болады, ал соңғы кезеңінде және перитонитте болмайды. Ішек өтімсіздігі, ас қазан қалтқысының стенозында шалпылдау симптомын анықтаудың маңызы бар, ол патологиялық ошақ тұсында ішті ептеп түрткенде анықталады.

Жарық шығатын жерлерде бұлтию анықталса (ортаңғы ақ жолақ, мықын, сан аймақтары), оның түрін, көлемін, салынатынын (түрегеп тұрғанда, жатқанда), бұлтиюдың консистенциясын, маңайындағы тіндер мен органдарға қатынасы анықталады, перкуссия нәтижесі (тимпаникалық дыбыс жарық қалтасында ішек иірімі болғанда тұйық дыбыс - онда шарбы болғанда анықталады), жөтелдік итеріс симптомы, жарық қақпасының көлемі анықталады. Шап жарығында шап каналының беткейлі тесігін анықтау үшін сұқ саусақты ұманың терісі арқылы шап каналына қарай кіргізеді де қасаға бүдірін анықтайды, одан кейін саусақты сыртқа қарай алға жылжытады сонда шап каналының беткейлі тесігіне кіреді.

Тік ішек пен артқы тесікті зерттегенде сыртқы геморроидальдық түйіндердің, кондиломалардың, жарықтың, параректальдық жыланкөздер, клегей қабығының немесе ішектің барлық қабаттарының түсіп кетуіне (тегіс немесе бір бөлігі) назар аударады.

Іш органдарының хирургиялық ауруы бар науқастарға тік арқылы зерттеу міндетті түрде жүргізіледі, ал әйелдерге оған қоса қынап арқылы зерттеу жүргізіледі. Тік ішек арқылы зерттеуді науқасты шалқасынан жатқызып, оң жақ қырында, шынтақ-тізесіне тұрғызған күйінде жүргізеді. Тік ішек арқылы зерттеуді науқасты шалқасынан жатқызып, оң жақ қырында, шынтақ-тізесіне тұрғызған күйінде жүргізеді. Резина қолғап киіп сұқсаусағын вазелинмен майлап, зерттеуші саусақты ептеп тік ішекке кіргізеді. Зерттеу кезінде сфинктер тонусын, ампуланың ішіндегісін (нәжіспен толған, бос, ашылып қалған), ішек қабырғасынан патологиялық құрылымды анықтайды-геморорроидальдық түйіндер, жарықтар, жыланкөздің ішкі тесігін, ісік (жазық, бүдірлі, оның жылжымалылығы және т. Б.)және ішектен тыс - қуық астылық без, жатыр және оның қосалқылары, ішектің алдыңғы қабырғасының салбырауы, инфильтраттар олардың консистенциясы, жұмсарған жерінің болуы, ауырсыну (жамбас ішкілік іріңдік). Саусақты ішектен шығарғаннан кейін резина қолқапты қарайды - нәжістің түсі, патологиялық қосындылар (қан, ірің, шырыш). Тік ішектің ауруына күдік туғанда зерттеу арнаулы ректальдық айна арқылы жүргізіледі. Іш органдарының жедел хирургиялық ауруы бар науқастарды зерттегенде арнаулы симптомдарды анықтау керек.



Жүрек-тамыр жүйесі | Зәр шығару, жыныс жүйесі.

II. Паспорттық бөлемі | Б) Жүйелер бойынша зерттеу | Бұлшық ет жүйесі | Жүйке жүйесі. | X. Қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері. | XIV. Емдеу. | Ауру тарихын бағалау ережесі. | Тәжрибелік дағдылар тізімі |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати