II. Паспорттық бөлемі | Б) Жүйелер бойынша зерттеу | Зәр шығару, жыныс жүйесі. | Жүйке жүйесі. | X. Қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері. | XIV. Емдеу. | Ауру тарихын бағалау ережесі. | Тәжрибелік дағдылар тізімі |

загрузка...
загрузка...
На головну

Жүрек-тамыр жүйесі

Науқасты зерттегенде келесі көрсеткіштірді анықтайды

а) тамыр соғу (пульстің) жағдайы (жиілігі, ырғағы, толуы және кернеуленді). Көбіне тамыр соғуын кәрі жілік артериясынан, анықтайды. Кейбір жағдайда йық артериясынан, қолтық асты немесе жалпы үйқі артериясынан анықтауға тура келеді.

б)артериялық қысым сынап бағанасы бойынша мм мен

в)жүрек итерісі оның күші және жайылымы

г) жүрек тұйықтылығының абсолюттік және шартты шекаралады

д)жүрек аускультациясы-тондары (анық және көмескі, шапалақшалау, екіге айрылған, тондардың ажырауы, акценттері). Шулардың болуы: систолалық, диастолалық, пресистолық, перикардтың үйкелу шуы.

е) перифириялық артериялардың жағдайы. Бунақ артериялярының соғуын анықтау (артқы үлкен жілік артериясы ішкі тобықтың артының төменгі бөлігінде, бунақтың сыртқы артериясы бірінші және екінші бақайшақ сүйектерінің арасы тұсынан), тақым артериясының (тақым ойығында науқас етбетінен жатқызылады да балтырын 900-қа бүгеді), сн артерияларын (мықын жалғамынан төмен ортаңы және ішкі үштен бірі тұсында), мықын артерияларын (мықын аймағында мықын жалғамынан жоғары оның ортаңғы және ішкі үштен бірі тұсынан ішке қарай)

ж)көк тамырлар жағдайы: мойын көк тамырларының кеңеюі (көкірек ортасындағы тамырлардың ісікпен басылып қалуы), кеуде және іш қабырғасының көк тамырларының кеңеюі (портальдық гипертензияда) аяқ көк тамырларының кеңеюі (варикоздық ауруда). Көк тамырлардың варикозды кеңеюі болғанда оны таралу деңгейін, қатайған жерлерін, тамыр бойынмен ауырсыну, кеңейген немесе тромбыланған веналар үстіндегі терінің жағдайын анықтау керек.



Бұлшық ет жүйесі | Ас қорыту жүйесі
загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати