Головна

Ауыл шаруашылығы

Экология ғылымының маңызды қолданбалы проблемаларының бірі агроэкожүйелердің қалыптасу және жұмыс істеу заңдылықтарын зерделеу болып табылады. Егін шаруашылығы орманды кесу, тың жерлерді жырту, мелиорация және т.б. түрде ландшафттың түпкілікті өзгеруімен байланысты.

Ауыл шаруашылығының экожүйелерге жағымсыз әсері келесі жағдайлардан көрінеді:

1)ауыл шаруашылығы алқаптары адам қызметімен ықшамдалған экожүйелердің картинасы тәрізді. Оларда өсімдік түрлерінің саны монодақылға дейін төмендетілген; жануарлар әлемі ретінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері танылады. Адамзат арам шөптермен және өсірілетін өсімдіктер зиянкестерімен белсенді күреседі. Осының барлығы экожүйе тұрақтылығының әлсіреуіне әкеледі: зиянкестер көбейіп, өсімдік түрлері құрғақшылыққа немесе аса көп ылғалға сезімтал болып, жойылады;

2)мәдени дақылдардың аз төзімділігі және бәсекеге қабілеттілігі адамның араласып, табиғи іріктеудің жасанды іріктеумен ауыстырылуына әкелуімен де анықталады; өсімдіктер үшін пайдалы сапаға емес, адам үшін маңызды сапаға іріктеу жүреді. Нәтижесінде агроэкожүйелер дербестілігін жоғалтады, мұндай жүйелер «жабайы» түрлер қауымдастықтарымен жылдам ығыстырылады;

3)агроэкожүйелерде айналымның толық емес болуының маңызы үлкен: жыл сайын экожүйелерден астық түрінде өнімнің көп бөлігі қайтарусыз алынады; тыңайтқыштардың жартылай ғана орыны толтырылып, пайдаланылатын топырақ жұтаңдайды;

4)агроэкожүйелер қоршаған биоценоздарға әсер етеді. Агроэкожүйелердің даму кезеңдері биомассаның жинақталу кезеңінде агроэкожүйелерге сырттан бірқатар түрлердің келуін және алқаптарды машинамен өңдеу және астық жинау кезеңдерінде олардың қоршаған пайдаланылған жерлерге кері жылыстауын тудырады. Бұл жылдық тіршілік әрекеті және жәндіктердің, кеміргіштердің және басқа жануарлардың бірқатар түрлері санының динамикасы циклдеріне елеулі түзетулер енгізеді;

5)тарихи масштабтарда ауыл шаруашылығының табиғи жүйелерге әсер етуі ландшафттар эволюциясының түбегейлі факторы болуы мүмкін;

6)сондай-ақ мал шаруашылығында экологиялық проблемалар пайда болады: түрдің биологиялық талаптарын қамтамасыз ету (қоректендіру, климат, ұдайы өсіру), үй жануарларының қоршаған экожүйелерге әсер етуі (жаюдың фитоценозға әсер етуі, жабайы түрлермен бәсекелесу, гельминттердің таралуы, инфекциялардың табиғи ошақтарына қатысу және т.б.).

Аталған проблемаларды шешу жолдары мыналар болып табылады:

1) дәнді дақылдарды аралас егу ауа-райы және басқа жағдайлар ауытқығанда астықтың төзімділігін арттырады;

2) орман жолақтарын жасау күрделі көп белдеулі өсімдіктер қауымдастығын қалыптастыруды көздейді, онда ауыл шаруашылығының дақылдары зиянкестерінің санын бақылайтын жәндіктер мен құстардың түрлері болады;

3) топырақтағы қоректік элементтер мен органиканың тапшы емес балансы жүйесін пайдалану;

4) құс шаруашылығында жасанды өсіруді кеңінен ендіру құс етін шығарудың индустриялық әдістеріне жол ашты;

5) популяциялық генетика саласындағы зерттеулер.

 



|

Жаһандық экологиялық мәселелер | Биологиялық түрліліктің жаһандық өзгерістері | Биологиялық ресурстар және шаруашылық қауіпсіздігі | Биосфераның ластануы | Бейімдендіру | Ландшафттардың өзгеруі | | | Жасыл экономика және тұрақты даму | Экологиялық ресурсологияның принциптері |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати