Головна

Бейнекамералар

Бейнекамералардың жұмыс принципі.

3. Бөлім Сандық бейнежазба

3.1 Сандық бейнежазбаның әдістері

Серпінді - кодтық модуляцияны анықтау. Аналогтік - сандық құрылғылардың қызметі, жұмыс істеу принципі.. сандық схемалардың атауы, аналогтік - сандық құрылғылардың қызметі. Бейнесигналдардың сандық жазба канал ерекшеліктері

Құрылымдық схемасы, жұмыс істеу принципі жеке элементтердің белгіленуі сандық бейнемагнитафон. Санды - аналогты түрлендіргіштердің жұмыс істеу принципі, құрылымдық схемасы, белгіленуі преобразователя. Бейне дабылының сандық жазу әдісі.

Сандық бейне магнитофонының бқлек элементтерінің жұмыс істеу принципі, құрылымдық схемасы, белгіленуі. Сандық бейне магнитофонының көріністегі дабылды шығару, жазу ерекшелігі.

Стандарт 4:2:2 бойынша жоғары деңгейдегі дабылын өңдеу. Бір сандық компонентті дабылды және төрт сандық дабылды дыбысты бейнелеу (үш негізгі дабылды санау) (48кГц, 20 бит).

Зертханалық жұмыс 7

Оптикалық жазба

Оптикалық жазба, бейнедыбыстарды қайта іске қосу.

4 Бөлім Бейнекөрсету және бейнежазу құрығылары

Заманауи бейнемагнитофондардың структуралық схемасын көрсету. DVD-video, VCD 1.0/1.1/2.0, Su-perVCD, CD-DA, HDCD, MP3, JPEG, Kodak Picture CD, сияқты

Бейнені магнитті дискіге жазу

4.1 тақырып Диск тасығыштарға бейне

Телевизионды кескінді жазудың ерекшелігі.

Телевизионды сигнал жиілігінің диапозонының кеңдігі, диапозонның төменгі жиілігі, жоғарғы жиілігі.

Телевизионды кескін жазылу сапасына магнитті лента жылдамдығының әсері өзгеруі және магнитті лентаның магнитті головкаға тұрақты түрде тимеу әсері.

Бейне жазатын магнитті головкалар. Магнитті лентаға бейне жазудың түрлері Қисайтылған жол тәсілі. Магнитті лента жазықтығының ерекшелігі.

Көлденең жолды тәсіл. Бейне магнитті головканың ерекшелігі.

Бақылау жұмысы

4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

«Бейнетехника» пәні бойынша бақылау нәтижесі мынандай тапсырмалар қарастырады: электронды тестілеу және мемлекеттік емтихан (МЕК).

Тест тапсырмалары бөлімдер, тақырыптар бойынша күрделілігі негізгі үш деңгейде (ең төмен, орташа, күрделі) болу керек.

Тестке келесі бөлімдер бойынша сұрақтар енгізілуі тиіс:

1-бөлім Негізгі бейнежазбалар 30%;
2-бөлім Аналогтік видеоаппарат 60%;
3-бөлім Сандық бейнежазба 10%

5. Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары:

Негізгі әдебиеттер:

1. Афанасьев А. п., Самохин В. п. Тұрмыстық видеомагнитофондар. - М.: Радио және байланыс, 1989

2. Вайда Э., Қазіргі замандағы бейнежазба. - М.: Радио және байланыс, 1997

3. Ершов А. с., Дементьев В. а., Бейнеқұрылғы. - М.: 2008

Қосымша әдебиеттер:

1. Гончарев А. в., Хаританов М. и., Бейнемагнитофонның арна бейнесі.

2. Быков Р. е. Теледидар және бейнетехника негізі.

Оқыту құралдары:

Симонович С., Ессеев Г. Практическая информатика учебное пособие. 2001

2. Эрбен Ж. Ремонт и поиск неисправностей современных видеомагнитофонов. - М.: ДМК, 2007

3. Ярочнина Г. в. Радиоэлектронная аппаратура и приборы: монтаж регулировка.

4. Кинофильмы (учебные, научно-популярные, научные, хроникально кументальные).

5. Видеофильмы (учебные, научно-популярные, научные, хроникально-документальные).

6. Лабораторные стенды, комплексы (виртуальные, натурные);

7. Компьютерные прикладные программы (например, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 и т. д.).

8. Компьютерные обучающие программы (демонстрационные, имитационные, справочно-информационные и т. д.).

9. Тематический комплект плакатов (таблиц, чертежей, схем, карты и т. д.).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу №___

___2013ж

ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

АУДИОСИГНАЛДАРДЫҢ КҮШЕЙТКІШТЕРІ

(мамандық бойынша пән атауы)

1306000 РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың атауы және коды)

Астана 2013


Авторлар:

1. Сеитов Н. м Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Сарапшылар

1. М. а. чингужинов ЖШС «Silk Wai City» директоры
2. В. с. долгов «Алматыкино» коммунальды мемлекеттік мекеменің директоры
3. А. б. сабитов ЖШС «Киномонтаж» директоры

Бағдарлама Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің жанындағы «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» профильді Оқу - әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды

2013 жылғы ___ № ___ хаттамасы

Оқу - әдістемелік бірлестік төрағасы. з.ғ. к. ___ Н. жабыкбаев

Бағдарлама ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды

2013 жылғы ___ № ___ хаттамасы

Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінің төрағасы ___ Қ. бөрібеков

Үлгілік оқу бағдараламасының сапасын арттыру туралы ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына мекен -жайға хабарлауларыңызды сұраймыз:

Тастақ 1, 1В үй, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Тел 8(727)3967258, 2768598, 3967251, факс 2768693

E - mail: maia_61_12@ mail.ru

Мазмұны

    бет
1. Түсіндірме жазба
2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері
3. 3.1 3.2 Тақырыптық жоспары және пән мазмұны Пәннің тақырыптық жоспары Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау
5. Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары

1. Түсіндірме жазба

«Аудиосигналдардың күшейткіштері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№ 150 24 сәуір 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Аудиосигналдардың күшейткіштері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының рөлі мен маңыздылығы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау мен қатар техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері әзірлеген негізгі оқу жұмыс бағдарламасы болып табылады.

«Аудиосигналдардың күшейткіштері» пәні алдағы алған білімдерін бекіту үшін мына пәндерге жүгінеді:

- электроника;

- электрорадиоөлшеуіш;

- электроника және импульсті техника;

- есептеуіш техника.

Пәннің негізгі мақсаты білім алушыларға сандық, теле-, бейнетехника және күшейткіш аппараттармен кинотеатр және теледидарларда дыбысты қайта қалпына келтіру жұмыстарын орындау саласында теориялық білім беру және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

Білім алушылардың оқу материалын сапалы игеру үшін техникалық және аудиовизуалды, мультимедиялық оқыту құралдарымен өткізу, автоматты технологиялық жүйелердің өндірістегі жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін, техникалық жабдықтар мен машиналардың құрылысын анықтауда анықтамалық, техникалық, нормативтік құжаттар мен әдебиеттерді, виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық бағдарламаларды кеңінен қолданылуы керек.

Пәнді оқыту тәжірибелік бағытта және жұмыс берушілердің талаптарына сай тығыз байланыста өткізілуі керек.

Үлгілік оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

- циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ №1080 23.08.2012 жылғы);

- оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

- бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

- жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелер

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттілік Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижесі
Студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады: Базалық құзыреттілік:   БҚ1 Жұмыс орнын ұйымдастыру БҚ2Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау; БҚ3Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау; БҚ4Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату; БҚ5Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау; БҚ6Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру; БК7Жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару;     Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады: білуі : -электронды және жартылай өткізгішті аспаптары және оларды аудиосигналдарды күшейткіштерде қолданулын; меңгеруі : -жазба құжаттардың, әртүрлі схемалардың, сызбаларды орындаудың басты талаптарын орындауды; құзыретті: ремонттық түрлері мен әдістерін және оларды жасау уақытын ажыратуды дағдысын қалыптастырады: -жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару.
Кәсіби құзыреттілік: КҚ 3.11.41 Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу; КҚ 3.11.42 Бақылау- өңдеу құралдарының көмегімен бөлшектердің қолдану мерзімін бақылау; КҚ 3.11.43 Электрлік схема мен шамаларын оқу, өлшеу және есептеу КҚ 3.11.44 Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамсыздандыруларды қолдану; КҚ 3.11.45 Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу; Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу; КҚ 3.11.6 Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу; білуі : -жеке қаскадтың жұмысын; -жөндеу түрлерін, әдістерін; меңгеруі: - құрылғыларды жабдықтау ережелерін сақтауды; құзыретті: - күшейткіштің схемасын түсінуді; дағдысын қалыптастырады: - күшейткіштердің барлық түрлерінде бақылау және реттеу жұмыстарын атқаруды.  

3. Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

3.1 Пәннің оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары

  Бөлімдер мен тақырыптардың атауы Күндізгі оқыту нысаны кезіндегі оқу уақытысының көлемі (сағ)
1306113 техник-электроник
Негізгі орта білім жалпы орта білім
Кіріспе + +
1. Бөлім Күшейткіштер теориясы  
1.1 тақырып Күшейткіштің тағайындалуы + +
1.2 тақырып Күшейткіштің негізгі көрсеткіштері + +
2. Бөлім Кері байланыс
2.1 тақырып Күшейткіштегі кері байланыстар + +
3. Бөлім Транзистордың қорек тізбегі және оның схемадағы жұмысы
3.1 тақырып Схемадағы транзистор жұмысы + +
3.2 тақырып Транзистордың динамикалық сипаттамалары + +
3.3 тақырып Транзистордың жұмыс режимдері + +
3.4тақырып Қорек тізбегінің схемасы және тыныштық нүктесін тұрақтандыру + +
4. Бөлім Кернеуді және қуатты күшейту каскадтары
4.1 тақырып Алдын-ала күшейту каскады + +
4.2 тақырып Қуатты күшейту каскады + +
4.3 тақырып Тұрақты тоқ күшейткіштері + +
4.4тақырып Жиіліктік сипаттаманы дәлелдеу + +
4.5тақырып Күшейтуді және тембрды реттегіштер + +
5. Бөлім Телевизиялық дыбыс күшейткіштері
5.1 тақырып Аралықтық жиілікті дыбыс күшейткіші + +
5.2 тақырып Интегралды күшейткіштер + +
5.3 тақырып Күшейткіштің кіріс тізбектері + +
5.4 тақырып Күшейткіштегі паразиттік байланыстар + +
Бақылау жұмысы + +
6. Бөлім Дыбыс өндіріп шығару аппаратурасы
6.1 тақырып Акустикалық аспаптар + +
6.2 тақырып «Дыбыс -Т» тұрақты аппаратурасы + +
6.3 тақырып Көп каналды дыбысөндіріпшығаратын санды жүйесі «Сандық Долби» + +
  Барлығы пән бойынша

3.2 Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны

Кіріспе

Пән тапсырмасы. Күшейткіш құрылғысы туралы түсінік.

1. Бөлім Күшейткіштер теориясы

1.1 тақырып Күшейткіштің тағайындалуы

Құрылымдық, функционалды, электрлік және электрлі принципиалды схемалары, каскад туралы түсінік. Күшейткіштің құрылымдық схемасы және каскадтың қызметі. Сигнал туралы түсінік.

Күшейткіштердің классификациясы, киноқондырғының дыбыс өндіріп шығару трактысындағы күшейткіштің орны.

1.2 тақырып Күшейткіштің негізгі көрсеткіштері

Күшейткіштің негізгі көрсеткіштері және оларды анықтау, жиілікті бұрмаланудың пайда болу себебі және оның дыбыс сапасына әсері.

Ауысудың бұрмалануы, олардың пайда болуының себептері және олардың берілетін импульс сигналдарының пішініне әсері.

Қисық сызықты бұрмалану, олардың себебі және дыбыс сапасына әсері. жиілікті және қисық сызықты бұрмалануды азайту тәсілдері.

Күшейткіште меншікті және бөгде шудың пайда болу себептері, амплитудалық сипаттама туралы түсінік.

2. Бөлім Кері байланыс

2.1 тақырып Күшейткіштегі кері байланыстар

Кері байланыстар туралы түсінік және оның классификациясы. Схемадағы байланыстар түрлері және анықтау тәсілдері.

Кері байланыс коэффициенті туралы түсінік.

Күшейткіш көрсеткіштеріне теріс кері байланыстардың әсері.

3. бөлім Транзистордың қорек тізбегі және оның схемадағы жұмысы

3.1 тақырып Схемадағы транзистор жұмысы

Транзисторларды қосу схемасы, күшейту каскад элементтерінің тағайындалуы, каскадтың принципиалдық жұмысы, ортақ эмиттерлі, коллекторлы, базалы каскадтарының қасиеттері.

Схемадағы база, коллектор токтарының жүру жолдары және динамикалық режимде схемадағы токтармен кернеу өзгерісінің кестесі.

Зертханалық жұмыстар

1-2 Ортақ эмитті каскад

Ортақ эмитті каскад.

Ортақ коллекторлы каскад.

3. 2 тақырып Транзистордың динамикалық сипаттамалары

Негізгі түсінік және анықтама. Шығыс, кіріс және тура динамикалық сипаттама туралы түсінік.

Тұрақты және айнымалы тоқ үшін динамикалық сипаттама.

3.3 тақырып Транзистордың жұмыс режимдері

Ығысу туралы түсінік, режим түрлері, олардың қасиеттері және қарастырылған немесе басқа каскадта режимдерді қолдану.

ПӘК байланысы және жұмыс нүктесін таңдаудағы қисық сызықты бұрмаланулар.

3.4 тақырып Қорек тізбегінің схемасы және тыныштық нүктесін

тұрақтандыру

Транзистордың температуралық тұрақсыздығы. Транзистордың базасына ығысу беру тәсілі.

Тұрақтандырылған ығыстыру және оның кемшілігі, автоматты ығыстыру, параметрлік тұрақтандыру туралы түсінік, берілген немесе басқа ығысу түрлерін қолдану.

4. бөлім Кернеуді және қуатты күшейту каскадтары

4.1 тақырып Алдын-ала күшейту каскады

Каскадтар арасындағы байланыс түрлері. Транзисторлы резистор каскадының схемасы, схемадағы физикалық процесстер және сыйымдылықпен байланысқан резисторлы каскадтың эквивалент схемасы.

Күрделі эмитті қайталағыштың схемасы.

Динамикалық жүктеме туралы түсінік. Схема элементтерінің тағайындалуы, оның жұмыс принципі, қасиеті және қолдануы.

Зертханалық жұмыс 3 Резисторлы каскадпен жұмыс

Резисторлы каскадты күшейтуін тексеру.

4.2 тақырып Қуатты күшейту каскады

Каскадтарға қойылатын талаптар. Кино және бейне қондырғының күшейткіштерінде қолданылатын қуатты күшейту каскадтарындағы транзисторларының екі тактылы схемасы.

Схема элементтерінің қызметі, жүктемені қосу тәсілі және қорек каскадтары. Схеманың жұмыс принципі, оның жетістігі және кемшілігі, қолданылуы.

4.3 тақырып Тұрақты тоқ күшейткіштері

Тура гальваникалық байланысты екі каскадты күшейткіш схемасы, гальваникалық байланыстың жетістігі және кемшілігі. Гальваникалық байланысты күшейткіштің бастапқы режимін тұрақтандыру.

Дифференциялды каскадтың схемасы және жұмыс принципі, оның жетістігі, кемшілігі және қолданылуы.

Гальваникалық байланысты көп каскадты күшейткіштерді тұрғызу ерекшеліктері.

4.4 тақырып Жиіліктік сипаттаманы дәлелдеу

Жиіліктік сипаттаманы дәлелдеудің керектігі.

Көрермен залының акустикалық жағдайына, сигнал көзіне, фонограмма жағдайына, түріне байланысты күшейткіштің АЖС талап етілген пішіні.

Дәлдеу жүргізу принципі. ТБК қолданып және оларсыз дәлдеудің қарапайым схемасы.

Кең жолақты күшейткіштердегі дәлдеу схемалары.

Зертханалық жұмыстар 4-5 Жиіліктік сипаттаманы дәлелдеу

Теріс кері байланыссыз жиіліктік сипаттаманы дәлдеу.

Теріс кері байланысты қолданып жиіліктік сипаттаманы дәлдеу.

4.5 тақырып Күшейтуді және тембрды реттегіштер

Қондырғы жән шығарылған дыбыс реттегішті қосатын орны және қызметі. Кино- және бейнеаппаратурадағы қолданылатын күшейтуді реттегіш схемасы, олардың жетістігі және кемшілігі.

5. бөлім Телевизиялық дыбыс күшейткіштері

5.1 тақырып Аралықтық жиілікті дыбыс күшейткіші

Аралықтық жиілікті дыбыс күшейткіштерінің тағайындалуы, құрылымының тұрғызылуы. АЖДК-ның айырмашылық ерекшеліктері.

Бейне күшейткішінің тағайындалуы, оған қойылатын негізгі талаптар, БК тұрғызылу принципі.

5.2 тақырып Интегралды күшейткіштер

Интегралды микросхеманың көмегімен шешілетін негізгі тапсырмалар. Интегралды микросхеманың қолданылатын аймағы, ИМС-ті қолданып күшейткіштерді тұрғызу.

5.3 тақырып Күшейткіштің кіріс тізбектері

Кіріс тізбегінің қызметі және сигнал көзінің күшейткіш элементтерімен байланыс түрі, әр түрлі деңгейдегі сигнал көздерін күшейткіштің көздеріне қосу тәсілі.

Фотодиодты күшейткіш кірісіне қосу схемасы, оның қасиеті және қолданылуы. Кіріс тізбегін экрандау қызметі.

5.4 тақырып Күшейткіштегі паразиттік байланыстар

Паразиттік байланыстар түрлері: сыйымдылық, индуктивтілік,

гальваникалық. Паразиттік байланыстардың күшейткіштік әсері және оларды әлсірету тәсілдері.

Генерацияның бар болуын анықтау тәсілдері.

6 бөлім Дыбыс өндіріп шығару аппаратурасы

6.1 тақырып Акустикалық аспаптар

Дыбыс зорайтқыштардың қызметі, негізгі сипаттамалары және классификациясы. Электродинамикалық дыбыс зорайтқыштары жұмыс принципі, дыбыс зорайтқыштардың диффузорлы және рупорлы бастарының құрылысы.

Екі жолақты дыбыс зорайтқыштарын қолданудың керектігі. Микрофондардың қызметі, негізгі сипаттамалары және классификациясы, динамикалық микрофонның құрылысы және жұмысы.

6.2 тақырып «Дыбыс -Т» тұрақты аппаратурасы

Аппаратураның тағайындалуы, құрамы және техникалық сипаттамалары.

Аппаратураның функционалды және құрылымдық схемалары, алдын-ала және соңғы күшейткіштер схемасына жалпы шолу.

Әр түрлі режимдерде сигналдық жүруі.

УП 49, УОЗІ(33), УП 41, УП 8, УО 16 (18), УК 6 күшейткіштерінің электрлік принципиалдық схемасы.

Зертханалық жұмыстар 6-7

«Дыбыс -Т» тұрақты аппаратурасы

«Дыбыс Т2-25» тұрақты аппаратурасын оқып үйрену.

6.3 тақырып Көп каналды дыбысөндіріп шығаратын санды жүйесі «Сандық Долби»

Жүйесінің тағайындалуы, құрамы және техникалық сипаттамалары. Аппаратураның функционалды және құрылымдық схемалары. Алты каналдық сандық дыбыс фонограммасының берілген перфорациясының арасындағы аралықта блоктар түрінде орналасуы.

Дыбыстық процессормен қуатты күшейткіштің жұмыс принципі.

Дыбыс зорайтқыштардың (сол жақтағы, орталық және оң жақтағы алдыңғы сабуфер, артқы канал, оң жән сол жақтағы артқы) орналасуы.

4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

«Аудиосигналдардың күшейткіштері» пәні бойынша бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан қарастырылған.

Бақылау жұмысы осы пәнді оқытуға бөлінген уақыт есебінен, емтихандар оқу жоспарының кестесі бойынша аралықты аттестациядағы бөлінген мерзімде өткізіледі.

Тест тапсырмалары бөлімдер, тақырыптар бойынша күрделілігі негізгі үш деңгейде (ең төмен, орташа, күрделі) болу керек.

Тестке келесі бөлімдер бойынша сұрақтар енгізілуі тиіс:

1- бөлім Күшейткіштер теориясы 10%
2 -бөлім Кері байланыс 5%;
3 -бөлім Транзистордың қорек тізбегі және оның схемадағы жұмысы 20%
4- бөлімКернеуді және қуатты күшейту каскадтары 30%;
5- бөлім Телевизиялық дыбыс күшейткіштері 20%
6 бөлімДыбыс өндіріп шығару аппаратурасы 15%.

5. Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары

Негізгі әдебиеттер:

1. Федосеев Е. о. Киноқондырғыдағы күшейткіштер құрылысы. 2000

2. Цывкина А. в. Электронды күшейткіштер. 2002

3. Майоров В. с., Майоров С. в. Транзисторлы және микросхемалы

күшейткіш құрылысы. 2002

4. Колин К. т., Аксаентов Ю. в., Колпенская Е. ю. Телевидение. 2007

5. Павловская В. ч., Кагерович А. н. Акустика және элекро акустикалық аппаратура. 2003

Қосымша әдебиеттер:

1. Федосеев Е. о. Кинотеатралдық дыбыс өндіріп шығаратын

аппаратурасы «Дыбыс Т-2». 2005

2. Федосеев Е. о. Күшейткіш құрылғысы (Методикалық

бағыттағыштары І, ІІ,ІІІ бөлімдері). 2003

3. «Киномеханик» журналы. 2005-2009

Оқу-әдістемелік құралдар мен электронды оқулықтар:

1. Анцупов Е. в. Пособие по ремонту телевизоров Журнал радио

2. родин А. в., Тюнин Н. а. «Уроки телемастера» учебное пособие.

Ремонт импортных телевизоров.

3. потапов П. е., Тюнин Н. а. Современные телевизоры, устройство,

ремонт и сервисные регулировки.

4. назаров В. и., Рыженко В. и. Все об антеннах. - М.: Юникс, 2007

5. Кинофильмы (учебные, научно-популярные, научные, хроникально-документальные).

6. Видеофильмы (учебные, научно-популярные, научные, хроникально-документальные).

7. Лабораторные стенды, комплексы (виртуальные, натурные).

8. Компьютерные прикладные программы (например, AutoCad, Компас График V 11 и т. д.).

9. Компьютерные обучающие программы (демонстрационные, имитационные, справочно-информационные, решатели, экспертно-обучающие и т. п.).

10. Тематический комплект плакатов (таблиц, чертежей, схем, карты и

т. д.).

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу №___

___2013ж

ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

АУДИО-ТЕЛЕ ЖӘНЕ БЕЙНЕ ЖАБДЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

(мамандық бойынша пән атауы)

1306000 РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың атауы және коды)

Астана 2013


Авторлар:

1. Майлыбаев Н. а Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
2. Сейтов Н. м Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Сарапшылар:

1. М. а. чингужинов ЖШС «Silk Wai City» директоры
2. В. с. долгов «Алматыкино» коммунальды мемлекеттік мекеменің директоры
3. А. б. сабитов ЖШС «Киномонтаж» директоры

Бағдарлама Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің жанындағы «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» профильді Оқу - әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды

2013 жылғы ___ № ___ хаттамасы

Оқу - әдістемелік бірлестік төрағасы. з.ғ. к. ___ Н. жабыкбаев

Бағдарлама ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды

2013 жылғы ___ № ___ хаттамасы

Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінің төрағасы ___ Қ. бөрібеков

Үлгілік оқу бағдараламасының сапасын арттыру туралы ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына мекен -жайға хабарлауларыңызды сұраймыз:

Тастақ 1, 1В үй, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Тел 8(727)3967258, 2768598, 3967251, факс 2768693

E - mail: maia_61_12@ mail.ru

Мазмұны

    бет
1. Түсіндірме жазба
2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері
3. 3.1 3.2 Тақырыптық жоспар және пән мазмұны Пәннің тақырыптық жоспары Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау
5. Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары

1. Түсіндірме жазба

«Аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№150 24 сәуір 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану» пәні бойынша мемлекеттік талаптарға сәйкес дайындау үшін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында негізгі оқу жұмыс бағдарламасы болып табылады.

Бөлімдер мен тақырыптар оқытуға міндетті болып саналады сондықтан қысқарылуына қарай өзгертілуі мүмкін емес.

«Аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану» пәні болашақта еңбек қызметіне қажетті кәсіби білімдерді қалыптастыратын арнайы пән болып табылады.

«Аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану» пәні оқыту кезінде алған білімдерін жетілдіру үшін төмендегідей пәндерге жүгінеді:

- электротехника;

- электроика және импульсті техника;

- электрорадио өлшеуіш;

- аудио және бейнеқондырғылардың электр қорегі;

- аудиосигналдардың күшейткіші;

- теледидар;

- бейнетехника және т. б.

Тақырыпты түсіндіруде терминология бірлігін, белгіленуін, КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі), ТҚБЖ (технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі), ТППБЖ (технологиялық пакет программаларының бірыңғай жүйесі), ССТ (салалық стандарт), КСТ (кәсіпорын стандарты), ТШ (техникалық шарттар), ӨЖ (өлшеу жүйелері) әрекеттік стандарттармен сәйкес Халықаралық жүйеде өлшеу бірлігін, нормативті құжаттарды сақтау керек.

Білім алушылардың оқу материалын сапалы игеру үшін техникалық және аудиовизуалды, мультимедиялық оқыту құралдарымен өткізу, автоматты технологиялық жүйелердің өндірістегі жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін, техникалық жабдықтар мен машиналардың құрылысын анықтауда анықтамалық, техникалық, нормативтік құжаттар мен әдебиеттерді, виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық программаларды кеңінен қолданылуы керек.

Пәнді оқыту тәжірибелік бағытта және жұмыс берушілердің талаптарына сай тығыз байланыста өткізілуі керек.

Үлгілік оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

- циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ №1080 23.08.2012 жылғы);

- оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

- бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

- жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.


2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелер

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттілік Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижесі
Студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады: Базалық құзыреттілік: БҚ1 Жұмыс орнын ұйымдастыру БҚ2Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау; БҚ3Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау; БҚ4Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату; БҚ5Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау; БҚ6Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру; БК7Жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару;     Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады: біледі: техника қауіпсіздік ережесін теле-бейне-аудиотехникалық қондырғылардың техникалық эксплуатациялаудың қауіпсіздік ережесін; меңгереді: - қосалқы өткізгіштерді, сымдарды, шнурларды белгілеуді; құзыретті: -нормативті-техникалық құжаттарды құруды; дағдысын қалыптастырады: - кинопроектрлардың барлық түрлерінің жарық-проекциялық және дыбыс оқу жүктемелеріне бақылау жүргізуді;  
Кәсіби құзыреттілік: КҚ 3.11.46 Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу; КҚ 3.11.47 Бақылау- өңдеу құралдарының көмегімен бөлшектердің қолдану мерзімін бақылау; КҚ 3.11.48 Электрлік схема мен шамаларын оқу, өлшеу және есептеу КҚ 3.11.49 Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамсыздандыруларды қолдану; КҚ 3.11.50 Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу; КҚ 3.11.6 Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу; біледі: -жүйе мен блоктардағы ақауларды; -ақауларды түзету тәсілдерін; меңгереді: -бөлшектер мен блоктардың істен шығу себебін анықтау -кинотехнологиялық құрылғыларды монтаждауды. құзыретті: - қажетті норматтивті-техникалық құжаттауды құруды; дағдысын қалыптастырады: -блоктар мен жүйе қателіктерін жөндеуді

3. Тақырыптық жоспары және пән мазмұны

3.1 Пәннің оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары

№ р/с Бөлімдер және тақырып атауы Күндізгі оқыту нысаны кезіндегі оқу уақытысының көлемі (сағ)  
1306113 техник-электроник  
Негізгі орта білім жалпы орта білім  
     
1 Бөлім Күшейткіш және радио бөлшектердің көрсеткіштерін бақылау    
1.1тақырып Күшейткіштің жұмыс режимін тұрақты ток бойынша өлшеу + +  
1.2 тақырып Күшейткіштің негізгі көрсеткіштерін өлшеу + +  
1.3 тақырып Радиобөлшектердің ақаулары және тексеру әдістері + +  
2 Бөлім Күшейткішті қалпына келтіру және ақауларын анықтау әдістері    
2.1 тақырып Дыбысөндіріпшығару жабдықтарының диагностикасы + +  
2.2 тақырып Дыбысөндіріпшығару жабдықтарын жөндеу + +  
2.3 тақырып Күшейткішті жөндеуден кейінгі реттеу және қалпына келтіру. Дыбыстехникалық жинақтарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру + +  
3 Бөлім Киноқондырғының дыбыс техникалық жабдықтарын пайдалану    
3.1 тақырып Дыбысөндіріпшығару трактсын қалпына келтіру және бақылау + +  
3.2 тақырып Дыбысөндіруші трактының сапалы көрсеткіштерін тексеру әдістері + +  
3.3 тақырып Техникалық қызмет көрсету және қосу-қалпына келтіру жұмыстары + +  
4 Бөлім Теледидарды пайдалану    
4.1 тақырып Теледидарларды қалпына келтіруге арналған бақылау-өлшегіш аспаптары + +  
4.2 тақырып Теледидардың реттеулері бойынша жалпы ұсыныстар және ақауларын табудың жалпы әдістері + +  
4.3 тақырып Кинескоптардағы кескіннің реттеулері + +  
4.4 тақырып Теледидар жұмысының сапасын бақылау + +  
5 Бөлім Бейнемагнитофондарды пайдалану    
5.1 тақырып Бейнемагнитофондардың диагностикасы + +  
5.2 тақырып Бейнемагнитофондарға техникалық қызмет көрсету + +  
5.3 тақырып Бейнемагнитофондарды жөндеу + +  
Бақылау жұмысы + +  
Барлығы пән бойынша  

3.2 Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

1 Бөлім Күшейткіш және радио бөлшектердің көрсеткіштерін

бақылау

1.1 тақырып Күшейткіштің жұмыс режимін тұрақты ток бойынша өлшеу

Күшейткіштің жұмыс режимін тұрақты ток бойынша бақылау қажеттілігі. Күшейткішті тексеру процессіндегі өлшенетін кернеу, оны өлшеу тізбегі, өлшеуіш аспаптарға қойылатын талаптар.

Кернеу картасы, оның тағайындалуы.

Өлшеу қортындысын бағалау.

1.2 тақырып Күшейткіштің негізгі көрсеткіштерін өлшеу

Күшейткіштің негізгі көрсеткіштерін өлшеудің құрылымдық схемасы. Сигнал көзі мен жүктеме эквиваленттерін таңдау және тағайындау.

Өлшеу жүргізу кезіндегі іс-қимыл тізбегі.

Алынған қортындыны бағалау.

1.3 тақырып Радиобөлшектердің ақаулары және тексеру әдістері

Тестер омметрімен жұмыс жасау ережесі.

Омметрмен тұрақты және айнымалы резисторларды тексеру, конденсаторларды үзілуімен тесілуіне тексеру, диодтарды, транзисторларды және тиристорларды тексеру тәртібі.

2 бөлім Күшейткішті қалпына келтіру және ақауларын анықтау

әдістері

2.1 тақырып Дыбысөндіріпшығару жабдықтарының диагностикасы

Дыбыс өндіріп шығару жабдықтарының диагностикасын әртүрлі деңгейде өткізу үшін құрылымдық схеманы әзірлеу. Диагностика үшін аспаптар мен құрал-саймандар.

2.2 тақырып Дыбысөндіріпшығару жабдықтарын жөндеу

Ақауды іздеудің әдісі мен тәсілдері: ақауы бар блокты анықтау; ақауы бар каскадты іздеп табу; ақауы бар элементтің схемасын, өткізгішін немесе пайкасын нақтылау. Ақаулардың сыртқы белгілерін талдау.

Баспа платасын және бөлек радиобөлшектерін қарау.

Құрал-саймандармен тексеру, жасау тізбегі.

2.3 тақырып Күшейткішті жөндеуден кейінгі реттеу және қалпына келтіру.

Дыбыстехникалық жинақтарына техникалық қызмет көрсетуді

ұйымдастыру

Күшейткіштің негізгі көрсеткіштерін өлшеу, оларды талдау және керекті реттеулер. Тұрақты ток бойынша бөлек каскадтардың жұмыс режимдерін тексеру.

Дыбыстехникалық жинақтарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

3 бөлім Киноқондырғының дыбыс техникалық жабдықтарын



Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 7 страница | Пайдалану 1 страница

Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 1 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 2 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 3 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 4 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 5 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 6 страница | Пайдалану 2 страница | Пайдалану 3 страница | Пайдалану 4 страница | Пайдалану |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати