Головна

Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 6 страница

  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

«Теледидар» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының рөлі мен маңыздылығы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, бейнетехника және аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану құрылғылары мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету жүйесінің негізгі түсінігін қалыптастыру.

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері әзірлеген «теледидар» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы оқу жұмыс бағдарламасын жасауға негіз болып табылады.

«Теледидар» пәні алдағы алған білімдерін бекіту үшін мына пәндерге жүгінеді:

- электроника;

- электрорадиоматериалдар және радиоэлементтер;

- электрорадиоөлшеуіш;

- электроника және импульсті техника;

- есептеуіш техника;

- қорек көздері;

- күшейткіштер құрылғылар т. б.

Теориялық білімдерді бекіту үшін теориялық және зертханалық -тәжірибелік сабақтардың өткізілуі үлгілік оқу бағдарламада қарастырылған.

Пәнді жетік меңгеру мақсатында сабақта алған өндірістік инновациалық технология және ғылым мен теледидар болашағын ескеру қажет.

Білім алушылардың оқу материалын сапалы игеру үшін техникалық және аудиовизуалды, мультимедиялық оқыту құралдарымен өткізу, автоматты технологиялық жүйелердің өндірістегі жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін, техникалық жабдықтар мен машиналардың құрылысын анықтауда анықтамалық, техникалық, нормативтік құжаттар мен әдебиеттерді, виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық программаларды кеңінен қолданылуы керек.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

-циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ №1080 23.08.2012 жылғы);

- оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

- бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

- жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.


2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттер Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер
Студенттер келесідей құзыреттіліктерге ие болады Базалық құзыреті БҚ1 Жұмыс орнын ұйымдастыру БҚ2 Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау; БҚ3 Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау; БҚ4 Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату; БҚ5 Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау; БҚ6 Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру;   Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттерге ие болады: біледі: - теледидар қондырғыларының жалпыланған құрылымдық схемалары; меңгереді: - теледидар қондырғыларын зерттеуге арналған қажетті өлшеу қондырғылар дұрыс қолдану; құзыретті: - теледидар қондырғы-ларының істен шыққан функционалды түйіндерін анықтау; дағдысын қалыптастырады: таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру
Кәсіби құзыреттілік: КҚ 3.11.1 Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу; КҚ 3.11.4 Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыздандыру қолдану; КҚ 3.11.5Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу;     біледі: -теледидарлық қондырғылардың және сигналдардың негізгі сапа параметрлері; меңгереді: - олардың жұмыс дұрыстығын бағалау, құзыретті: -теледидар құрылғыларының функционалдық түйіндерінің ақауларын дағдысын қалыптастырады: жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу

3. Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары

Бөлімдер мен тақырыптардың атауы Күндізгі оқыту нысаны кезіндегі оқу уақытысының көлемі (сағ)
1306113 техник-электроншы
Негізгі орта білім Жалпы орта білім
Кіріспе + +
1. Бөлім Теледидардың физикалық негізі    
1.1 тақырып Теледидар сигналының жіберу жолдарының құрылымдық схемасы + +
1.2 тақырып Импульстік дыбыстардың негізгі сипаттамасы + +
1.3. тақырып Монохромды дыбыстарды түрлендіргіш + +
1.4. тақырып Теледидарлық дыбыстардың қасиеті мен сипаттамасы + +
1.5. тақырып Теледидарлық сигналдың берілу ерекшеліктері + +
2. Бөлім Теледидарлық қабылдағыштардың құрылымдық схемасы    
2.1 тақырып Теледидарлық қабыл-дағыштардың құрылымдық схемасы + +
2.2 тақырып Импульсті генераторлар + +
2.3 тақырып Разверткалау құрылғылары. разверкалау құрылғысының синхронизация жұмысы + +
2.4 тақырып Теледидарлық антеналар және түрлендіргіштер + +
2.5 тақырып Каналдар селекторы. бейнедетектор + +
2.6. тақырып Теледидар күшейткішінің автоматты реттеу схемасы + +
2.7. тақырып Дыбыс каналдарын қамтамасыз ету + +
3. Бөлім Түрлі - түсті теледидар негізі    
3.1. тақырып Түрлі - түсті теледидардың толық теледидарлық сигналы + +
3.2. тақырып Түрлі - түсті теледидар жүйесі + +
3.3. тақырып Үш түсті монитордың канал жарығы + +
3.4. тақырып Түсті блоктар + +
Бақылау жұмысы + +
Барлығы пән бойынша

3.2. Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

Кіріспе

Теледидардың жалпы тапсырмалары - сәулелі энергияның электрлі сигналға түрленуі.

1. Бөлім теледидардың физикалық негізі

1.1 тақырып Теледидар сигналының жіберу жолдарының құрылымдық схемасы

Теледидар сигналаының құрылымдық беріліс трактосының схемасы.

Жарықпен және олардың қорек көздерімен жарықтандыру. Теледидар негіздерімен таныстыру. Жарық және түс ғылымының элементтері.

1.2 тақырып Импульстік дыбыстардың негізгі сипаттамасы

Электрлық бейне және радиоимпульстарының кезектесуі. Периодты импульс сигналдарының негізгі сипаттамалары. Кернеу мен тоқтың бейнеимпульстары (жай импульс), нолден кейбір максимальды (амплитудты) оң және теріс мәндерінің көтерілуі. Импульс бөлігінің өсуі.

Электрлік бейне және радиоимпульстің тізбектелуі. периодтық импульсті сигналдардың негізгі сипаттамасы.

1.3 тақырып Монохромды дыбыстарды түрлендіргіш

Қазіргі кескіннің түрлендіру әрекеті. аналогтық тыйым салынған түрленген кескін. Сызықтық және аналогтық түрленген кескінді жасау қағидасы.

1.4 тақырып Теледидарлық дыбыстардың қасиеті мен сипаттамасы

Теледидарлық дыбыстардың берілуі және қабылдау қасиеті. Теледидарлық дыбыстардың таратылуы, модуляция түрлері және радиодыбысты спектр ені. Теледидарлық дыбыстардың арасындағы хабарлама тарату түрі мен оның диапазон түрлері.

Зертханалық жұмыс № 1

Теледидарлық дыбыстарды зерттеу

Стандартты бос теледидарлық дыбыстарды зерттеу. (ПЦТС).

1.5 тақырып Теледидарлық сигналдың берілу ерекшеліктері

Теледидар орталықтарының құрылымдық схемасы және оның жұмыс істеуі. Түрлі - түсті тасымалдаушы камераның аппаратты - студиялық кешенінің құрылымдық схемасы. Таратушы теледидардағы түрлі - түсті технологияның жаңа қарқынмен дамуы.

2. Бөлім теледидарлық қабылдағыштардың құрылымдық схемасы

2.1 тақырып Теледидарлық қабылдағыштардың құрылымдық схемасы

Теледидар қабылдағыштарының құрылымдық схемасының ерекшелігі. Негізгі радиотаратушы желілер мен теледидар қабылдағыштарының жұмыс қағидасы. Радиодыбыстың кең спектрлік ерекшелік сипаты. Қазіргі заманға сай түрлі - түсті теледидар тарату жүйесінің барлық белгілері.

Зертханалық жұмыс №2

Түрлі - түсті теледидардың құрылысын үйрену

Түрлі - түсті теледидардың құрылысын оқып үйрену.

2.2 тақырып Импульсті генераторлар

Қорек көзінің жұмыс принципі. Теледидар тізбек тоғының құрылымдық схемасы. Теледидардың қорек көзі яғни импульстік стабилизатордың принципиалды схемасы.

2.3 тақырып Разверткалау құрылғылары. разверкалау құрылғысының синхронизация жұмысы

Кескінді толығымен бейнелеу туралы түсінігі. Жолдық және кадрлық толығымен бейнелеу құрылғысының негізгі жұмысы. Толығымен бейнелеу құрылғысының құрылу принципі. Жолдық толығымен бейнелеу элементтері. Синхрондық және толығымен бейнелеу құрылғының ақаулары. Кадр жиынтығының микросхемасы.

Зертханалық жұмыс №3 Дыбыс каналын зерттеу

Дыбыс каналын зерттеу.

2.4 тақырып Теледидарлық антеналар және түрлендіргіштер

Қабылдағыш антеналардың параметрлері мен сипаттамасы. Бағытталған жұмыс коэффициенті және күшейткіш антенаның коэффициенті. Теледидарлық және қабылдағыш антенаның симметриялы және келістіргіш құрылғысы. Бөлмедегі теледидарлық антенаның құрылысы. Тағайындалуы, құрылымдық схемасы, түрлендіру принципі.

2.5 тақырып Каналдар селекторы. бейнедетектор

Теледидардағы селектор каналдарының метрлік және дециметрлік диапазонының жұмыс қағидасы. Селектор каналдарының негізгі схемасы. СК - М - 24 - 2 және электронды орнықтырғыш, каналдарды ауыстыру 3 каналға арналған.I;II;III: және СК - Д - 24 диапазон қабылдау үшін IV және V.

2.6 тақырып Теледидар күшейткішінің автоматты реттеу схемасы

Теледидар күшейткішінің тағайындалуы және автоматты реттеуіш. МРК - 41 - 2 радиоканал модулінің құрылымдық схемасы.

2.7 тақырып Дыбыс каналдарын қамтамасыз ету

Теледидарлық берілудің дыбыс каналын қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс принципі. Дыбыс каналдарының қамтамасыз ету құрылысының ерекшелігі. Формаланған дыбыстардың жазбасын қамтамасыз ету үшін мынадай стандарт қолданылады: NICAM - 728. стерео және монофоникалық жазбалардың дыбыс схемасының канал өңдеуінің принциптік схемасы.

Зертханалық жұмыс №4

Теледидарлық қабылдағыштарды оқып үйрену

Теледидарлық қабылдағыштардың жиналмалы құрылғысын оқып - үйрену.

3. Бөлім Түрлі - түсті теледидар негізі

3.1 тақырып Түрлі - түсті теледидардың толық теледидарлық сигналы

Түрлі -түсті теледидардың ақпарат беру жүйесінің негізгі талаптары. Түрлендіру сапасын көтеру. Бейнелеуді беру және өңдеу. Сөндіруші және синхрондаушы импульстардың бейнелеу сигналдарына қосылған берілісі. тікелей түскен сәуленің бейнеленуі. сәуленің кері жүрісі. Берілетін фото нысана тұтқаның электр зарядтарының дұрыс таратылуы. Бейнелеу сапасын төмендететін қисайған жарық сызықтарының пайдаланылуы

3.2 тақырып Түрлі - түсті теледидар жүйесі

Теледидардың аналогты берілу жүйесі. NTSC; PAL; SECAM түрлі-түсті теледидардың жалпы жүйелік принциптері. кодтайтын құрылғылардың құрылымдық схемасы және пайдалану жүйесінің сипаттамасы. аҚШ құрастырылға НТСК, жүйесі. Канада, Жапония Америка континеті елдері қолданатын түрлі-түсті теледидар стандартының берілісі. СЕКАМ жұйесі, түс туралы ақпарат.

Қабылдағыш теледидардың аналогтық тарату жүйесі түрлі - түсті теледидардың барлық жүйедегі қағидалары ntsc; pal; secam. кодтау құрылғысы жүйесінің эксплуатациялау сипаттамасы және құрылымдық схемасы.

Зертханалық жұмыс №5 Түрлі - түсті теледидарды жетік меңгеру

Түрлі - түсті теледидар жүйесін жетік меңгеру.

3.3 тақырып Үш түсті монитордың канал жарығы

Толық бейнесигнал өңдеу каналының құрылымдық схемасы мен жұмыс принципі. Жарық және түрлі - түсті дыбыстарды бөлу схемасы. Жарық каналдарының негізгі параметрлері, кернеу бойынша коэффициент берілуі. Сигнал жарығының сызықсыз серіппедегі канал жиілік құрылысы.

Зертханалық жұмыс №6 Жарық каналдарын меңгеру

Жарық каналдарын меңгеру.

3.4 тақырып Түсті блоктар

Түрлі - түсті дыбыстарды өңдеуден өткізу, канал жұмысының қағидасы, құрылымдық схемасы. декодер (транскодировка) құру тәсілі. аналық декодердің микросхемасын, құрылымдық схемасын және RGB дыбысын өңдеу.

4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

Жоспарланған пәндік оқу нәтижесінің соңында «теледидар» пәні бойынша электронды тестілеу және мемлекеттік емтихан (мек) жүргізіледі.

Тестке келесі бөлімдер бойынша сұрақтар енгізілуі тиіс:

Бөлім 1. Теледидардың физикалық негізі 30%;
Бөлім 2. Теледидарлық қабылдағыштардың құрылымдық схемасы 50%
Бөлім 3. Түрлі - түсті теледидардың негізі 20%

5. Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары

Негізгі әдебиеттер:

1. Джаконии В. е. Телевидение. - М.: Горячая линия - Телеком, 2007

2. Каганов В. и. Радиотехнические цепи и сигналы. Академия, 2003

3. Быков Р Е. Основы телевидения и видеотехники. - М.: Горячая линия - телеком, 2006

Қосымша әдебиеттер:

1. Виноградов В. а. Основы телевизионной техники.

2. Ельяшкевич С. а., Пескин А. е. Устройства и ремонт цветных телевизоров.

3. Бородский М. а. Бытовая радиоэлектронная аппаратура.

Оқу-әдістемелік құралдар мен электронды оқулықтар:

1. Пособие по ремонту телевизоров анцупов е. в. журнал радио

2. «уроки телемастера» учебное пособие родин а. в., тюнин н. а. ремонт импортных телевизоров.

3. Потапов П. е., тюнин н. а. современные телевизоры, устройства, ремонт и сервисные регулировки.

4. Назаров В. и., рыженко в. и. все об антеннах. - м.: юникс, 2007

Оқыту құралдары:

1. Кинофильмы (учебные, научно - популярные, научные, хронико - документалоьные);

2. Видеофильмы (учебные, научно - популярные, научные, хронико - документалоьные);

3. Лабораторные стенды, комплексы (вертуальные, натуральные);

4. Компьютерные прикладные программы (например, edius, video studia - 9 - 11, adobe primer, компас график v 11 и т. д.);

5. Компьютерные обучающие программы (демонстрационные, имитационные, справочно - информационные, решатели, экспертно - обучающие и т. п.);

6. Тематический комплект, плакатов (таблиц, чертежей, схем, карты и т. д.).

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу №___

___2013ж

ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

БЕЙНЕТЕХНИКА

(мамандық бойынша пән атауы)

1306000 РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың атауы және коды)

Астана 2013

Авторлар  
1. майлыбаев Н. а Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
Сарапшылар:    
1. м. а. чингужинов ЖШС «Silk Wai City» директоры
2. В. с. долгов «Алматыкино» коммунальды мемлекеттік мекеменің директоры
3. А. б. сабитов ЖШС «Киномонтаж» директоры

Бағдарлама Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің жанындағы «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» профильді Оқу - әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды

2013 жылғы ___ № ___ хаттамасы

Оқу - әдістемелік бірлестік төрағасы. з.ғ. к. ___ Н. жабыкбаев

Бағдарлама ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды

2013 жылғы ___ № ___ хаттамасы

Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінің төрағасы ___ Қ. бөрібеков

Үлгілік оқу бағдараламасының сапасын арттыру туралы ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына мекен -жайға хабарлауларыңызды сұраймыз:

Тастақ 1, 1В үй, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Тел 8(727)3967258, 2768598, 3967251, факс 2768693

E - mail: maia_61_12@ mail.ru

Мазмұны

    бет
1. Түсіндірме жазба
2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері
3. 3.1 3.2 Тақырыптық жоспар және пән мазмұны Пәннің тақырыптық жоспары Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау
5. Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары

1. Түсіндірме жазба

«Бейнетехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№150 "24" сәуір 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Бейнетехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының рөлі мен маңыздылығы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, бейнетехника және аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану құрылғылары мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету жүйесінің негізгі түсінігін қалыптастыруға негізделген.

«Бейнетехника» пәні оқу барысында төменде көрсетілген пәндермен интегрленеді:

- қорек коздері;

- электрорадио өлшеуіш;

- күшейткіш құрылғылар

Теориялық білімдерді бекіту үшін зертханалық және тәжірибелік сабақтармен ұштастырыру үлгілік оқу бағдарламада қарастырылған.

Студенттердің оқу материалын сапалы игеру үшін техникалық және аудиовизуалды, мультимедиялық оқыту құралдарымен өткізу, автоматты технологиялық жүйелердің өндірістегі жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін техникалық жабдықтар мен машиналардың құрылысын анықтауда анықтамалық, техникалық, нормативтік құжаттар мен әдебиеттерді, виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық бағдарламаларды кеңінен қолдану керек.

Пәнді оқыту тәжірибелік бағытта және жұмыс берушілердің талаптарына сай тығыз байланыста өткізілгені жөн.

Аталған «Бейнетехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы пәнді ақпараттық инновациялық коммуникативтік технологияларды, мультимедиялық құралдарды, білім алушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыруға бағыттайды.

Үлгілік оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

- циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ 1080 23.08.2012 жылғы);

- оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

- бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

- жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттілік Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер
Студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады: Кәсіби құзыреттілік: БҚ1 Жұмыс орнын ұйымдастыру БҚ2 Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау; БҚ3 Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау; БҚ4 Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату; БҚ5 Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау; БҚ6 Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру; БК7 Жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару;     Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады: білуі керек: бейнемагнитафонның негізгі блоктарының структуралы-функционалды схемасы туралы;   меңгеруі керек: -анықтама әдебиетін қолдануды; -жарық аппараторынң монтаж жұмысын жүргізуді; дағдысын қалыптастырады: -бейнеге смандық ақпаратты жазу тәсілдері; құзыретті: -бөлшектердің істен шығу себебін анықтауды және оларды жөндеуді;    
Арнайы құзыреттілік: КҚ 3.11.36 Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу; КҚ 3.11.37 Бақылау- өңдеу құралдарының көмегімен бөлшектердің қолдану мерзімін бақылау; КҚ 3.11.38 Электрлік схема мен шамаларын оқу, өлшеу және есептеу КҚ 3.11.39 Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамсыздандыруларды қолдану; КҚ 3.11.40 Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу; КҚ 3.11.6 Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу; білуі керек: -бейне техникалық аппаратуралардың техникалық көрсеткіштерін, жұмыс істеу принципін; меңгеруі керек: -бейнетехникалық аппаратураның сапалық көрсеткішін анықтауды; -аппаратураның ремонттан кейінгі бақылауын жүргізуді; дағдысын қалыптастырады: -сапалық көрсеткіштердің өзгеру себебін анықтауды; құзыретті: -деталдар және блоктардың істен шығу себебін анықтау; .-  

3. пәннің тақырыптық жоспар және пән мазмұны



Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 5 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 7 страница

Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 1 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 2 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 3 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 4 страница | Бейнекамералар | Пайдалану 1 страница | Пайдалану 2 страница | Пайдалану 3 страница | Пайдалану 4 страница | Пайдалану |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати