Головна

Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 4 страница

  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Еңбек қорғау»үлгілік оқу бағдарламасында изучаются законодательные акты по охране труда, мероприятия по технике безопасности и пожаропасности, составлять акты по нетрудоспособности работающих и оказывать помощь при производственной травме

Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында, «Еңбек қорғау»үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда дәстүрлі оқу жүйесін, жаңа технологияларды, дидактикалық және көрнекі құралдар: плакаттар, модельдер, оқу бейнефильмдер, электрондық оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар қолдануға ұсынылады.

Теориялық білімдерді бекіту және қажетті тәжірибелік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруда пән бағдарламасында зертханалық жұмыстар өткізу қарастырылған.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

циклға бөлінген оқу уақыты көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 10-20% аралығында өзгертуге (ҚР МЖМБС 4.05.048-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік. Негізгі ережелер»);

оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

Есептеуіш техника құралдарының тұрақты және қарқынды дамуы пәннің мазмұнына үнемі өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Есептеуіш техника құралдарының қарқынды дамуы пәннің мазмұнына үнемі өзгеріс енгізіп отыруды қажет етеді.

2 Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже

Стандарт бойынша оқыту қорытындысының жалпы бағдарламасы Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған оқыту қорытындысы
Пәнді игеру кезінде мынадай келесі құзыреттерді меңгеруі қажет Базалық: БҚ 1. Техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздік ережесін сақтау; БҚ 3. Шиеленісті жағдайлар мен жұмыс орнындағы мәселелерді шешудің жалпы нәтижесін алу үшін топтағы әр түрлі орындарда тұрған адамдармен, өзге ұлт өкілдерімен коммуникативті қарым-қатынас құру; Пәнді оқытуда білім алушылар біледі: - өндірістік санитария және гигиена туралы жалпы мағлұматты; меңгереді: - өндірістік жарақат алу кезінде көмек көрсетуді; - жұмысшылардың еңбекке қабілетсіздігі туралы акт жасауды;
Кәсіби: КҚ 4. Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдар-ламалық қамсыздандыруларды қолдану; біледі: - техника қауіпсіздігі және электр, өрт, қауіпсіздігін; меңгереді: - экология және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жүргізуді.

3 Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары

Бөлім мен тақырып аттары Күндізгі бөлімнің аудиторлық сағат саны
Орта буынды мамандар
Негізгі орта білім
Кіріспе + +
  Бөлім 1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұжымдық мәселелері.
Тақырып 1.1. еңбекті қорғаудың негізгі еңбек заңдылықтары. + +
Тақырып 1.2. кәсіпорындардағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру жұмыстары + +
Тақырып 1.3. мекемедегі метрологиялық жағдайлар. + +
  Бөлім 2. Қауіпсіздік ережелері
Тақырып 2.1. Электр қауіпсіздігі. + +
Тақырып 2.2. Электр тоғының адам ағзасына әсері. + +
Тақырып 2.3. электр тоғына түскен адамға көрсетілетін алғашқы көмек.  
Тақырып 2.4. жерлендіру қорғанысы + +
Тақырып 2.5. сақтық сым, сақтық ажыратқыштар + +
Тақырып 2.6. электр тоғынан қорғану іс шаралары + +
  Бөлім 3. Өндірістік тазалық.  
Тақырып 3.1. Өндірістік орындар-дағы және жұмыс орындарындағы тазалық гигениалық талаптар. + +
Тақырып 3.2. Өндіріс орнындарын жарықтандыру. + +
Тақырып 3.3. Өндірістік шу мен дірілден қорғану. + +
Тақырып 3.4.Өндірістік сәулеленуден қорғану. + +
  Бөлім 4. Өрт қауіпсіздігі
Тақырып 4.1. заттардың өрттеуі мен өрт қауіпті қасиеті. + +
Тақырып 4.2. Өрт профилактикасы. + +
Тақырып 4.3. Өрт сөндіру құрылғылары мен өрт дабылы. + +
  Бөлім 5. Экология
Тақырып 5.1.Өндірістегі зиянды фак-торлардан қоршаған ортаны қорғау. + +
Тақырып 5.2. Әуе қауіпсіздігін қорғау. + +
Тақырып 5.3. Су бассейнін қорғау Су сапасын бақылау + +
  Барлығы пән бойынша:

3.2 Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны

Кіріспе

Еңбекті қарғаудың дамуы. Еңбекті қарғау пәнінің мәні мен мақсаты, оның анықтамасы, орны және социалды экономикалық мағынасы.

Бөлім 1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұжымдық мәселелері

Тақырып 1.1 Еңбекті қорғаудың негізгі еңбек заңдылықтары

Мекемелер мен ұжымдар әкімшілігінің қауіпсіз еңбек жайдайын құру міндеттері. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтаудағы міндеттер мен жауапкершіліктер. Еңбекті қарғаудың заңдылығын бұзу жауапкершіліктері (пән аралық, әкімшілік, қылмыстық және материалды)

Мекемелер мен ұйымдарда еңбекті қорғауды арнайы қадағалау. Қадағалау құрлымының мүшелері, міндеттері мен кұқы. Еңбек жүйесінің стандарттары, оның құрлысы. Психологиялық қауіпсіздік пен зиянды өндірістік факторлар.

Тақырып 1.2 Кәсіпорындардағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру жұмыстары

Еңбекті қорғау ұйымдарындағы бақылау және профилактикалық шараларды өткізу жағдайын тексеру. Еңбекті қорғау шаралары қаржыландыру.

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттық жүйесі. Стандарттық жүйенің құрлысы. Топтық жіктеу, оның мазмұны. Негізгі түсінік пен терминдер, анықтамалар. Мемлекеттік, республикалық және салалық стандарттар.

Зертханалық жұмыс №1

Кәсіпорынындағы еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.

Тақырып 1.3 Мекемедегі метрологиялық жағдайлар.

Желдету мекеме орындарында маңызды фактор болып табылады. Жұмыс орнындағы температура, өндірістік щу деңгейі, ғимаратты жарықтандыру, ауаның ылғалдылығы.

Бөлім 2 . техника қауіпсіздігі

Тақырып 2.1. Электр қауіпсіздігі

Электр тоғының адам ағзасына әсері. Электр жарақатының негізгі түрлері мен себептері. Электр тоғына түскен адамға әсер ететін жағдайлар мен факторлар.

Ғимаратта тоққа түсудің қауіптілік деңгейіне бөлінуі. Техника қауіпсіздігінің ұйымдық техникалық іс шаралары. Электр тоғына түсуден қорғану жолдары.

Тақырып 2.2. Электр тоғының адам ағзасына әсері

Тоқтың адам ағзасымен өтудің екі негізгі факторлары: адамдағы кернеу, ағзаның қарсылысуы.

Зертханалық жұмыс№2

Электр тоғының адам ағзасына әсері.

Тақырып 2.3. Электр тоғына түскен адамға көрсетілетін алғашқы көмек

Электр тоғына түскен адамды құтқару. Адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Жүрекке массаж жассау мен табиғи дем алдыру жолдары.

Зертханалық жұмыс №3

Электр тоғына түскен адамға көрсетілетін алғашқы көмек.

Тақырып 2.4. Жерлестіру қорғанысы

Жерлестіру қорғанысының принциптері. Жерлестіру қорғанысын қолдану. Жерлестірушілер. Жерлестіруді бақылау.

Зертханалық жұмыс №4

Жерлестіру қорғанысы

Тақырып 2.5. Сақтық сым мен сақтық ажыратқыштар

Сақтық ажыратқыш, жылдам қорғаныс, электр тоғына түскен жағдайда электр орнатқыштарды автоматты түрде ажырату.

Тақырып 2.6. Электр тоғынан қорғану іс шаралары

Электр тоғынан қорғанудың негізгі шаралары. Электрлік зарядтың пайда болған кезінде негізгі ескерту жолдары.

Бөлім 3. Өндірістік тазалық

Тақырып 3.1. Өндірістік орындардағы және жұмыс орындарындағы тазалық гигениалық талаптар

Өнеркәсіптік ғимараттарды, жұмыс орындарын,қоймалық ғимараттарды жоспарлау талабы. Ғимараттағы арнайы тұрмыстық аудан құрамы.

Тақырып 3.2. Өндіріс орнындарын жарықтандыру

Бөлмедегі жарықтың өлшемі, монтаждық алаңы және жекелеген жұмыс орны Сумен қамтамасыз ету және арна құбырларының тазалық гигениялық талаптар. Жарықтану апараттарының түрлері. Жарықтандыру түрлері.

Зертханалық жұмыс №5

Өндіріс орнындарын жарықтандыру

Тақырып 3.3. Шу мен дірілден қорғау

Метал өңдеу станоктарының шу мен дірілдің төмендетудің негізгі жолдары: жоғарғы сапалы подшипкиктерді қолдану, шуы аз тісті беріліс пен электро қозғалтқыш, кескіш құралдарын мықты орнату т. с. с. .

Зертханалық жұмыс №6

Шу мен дірілден қорғау

Тақырып 3.4. Өндірістік сәулеленуден қорғау

Электромагниттік энергия жұмыс алаңына электро термикалық, радио және теле орнатқыштармен сәулеленуі. Электромагниттік алаң адамға ағзасына ұзақ уақыт әсері

Зертханалық жұмыс №7

Өндірістік сәулеленуден қорғау

Бөлім 4. Өрттен сақтандыру

Тақырып 4.1. Заттардың өрттеуі мен өрт қауіпті қасиеті

Жану, оның түрлері. Негізгі параметрлері. Жану процесінлегі жалпы анықтама, өндірістегі жану, өртену қауіпсіздігі және сақтануы. Ғимараттың отқа беріктілігі және қорғануы. Найзағай түсуден қорғану.

Зертханалық жұмыс №8

Заттардың өрттеуі мен өрт қауіпті қасиеті

Тақырып 4.2. Өрт профилактикасы

Өрт қауіпсіздік шаралары.Өндірістегі электр разрядынан қорғану. Өртке қарсы бөгеулер. найзағайдан қорғау

Тақырып 4.3. Өрт сөндіру құрылғылары мен өрт дабылы.

Өрт сөндірудің негізгі жолдары : аймақты жанудың белгіленген темтератураға салқындату; жанудың ошағын ауамен изоляциялау.

Зертханалық жұмыс №9

Өрт сөндіру құрылғылары мен өрт дабылы.

Бөлім 5. Экология

Тақырып 5.1 Өндірістегі зиянды факторлардан қоршаған ортаны қорғау

Өнеркәсіпте кездесетін зиянды өндірістік факторлардан қоршаған ортаны сақтандыру іс шаралары. Өнеркәсіпте кездесетін зиянды өндірістік факторлардың қоршаған ортаға және адам ағзасына әсері

Тақырып 5.2 Әуе қауіпсіздігін қорғау

Атмосфералық ауаның сапасын анықтау жолдары. Атмосфера құрамы. Атмосфераның табиғи жіне жасанды ластануы.

Тақырып 5.3 Су бассейнін қорғау Су сапасын бақылау

Су сапасын бақылау әдістері. Су сапасын реттеу. ағынды судың құрамының есебі. Ағынды суды тазалау.

Зертханалық жұмыс №9

Су бассейнін қорғау Су сапасын бақылау.

4 Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

Материал тану пәнінің бақылауы аралық аттестация жүргізу кезінде бақылау жұмысы, сынақ түрінде жүргізілді. Бақылау жұмысы мен сынақ пәнді өтуге бөлінген уақыт есебінде алынды.

Тесттапсырмасы бөлімдер мен тақырыптардан алынып, негізгі үш деңгейге бөлінді (жеңіл, орташа, қиын). Әр деңгейдің өзіндік кәсіптік квалификациялық қиындығы бар.

Тесттік тапсырмалар келесі бөлімдерден тұрады:

Бөлім 1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұжымдық мәселелері - 10%

Бөлім 2. Техника қауіпсіздігі -20%

Бөлім 3. Өндірістік тазалық -20%

Бөлім 4. Өрттен сақтандыру -20%

Бөлім 5. Экология -20%

5 Оқыту құралдары мен әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Аманжолов Ж. к. «Охрана труда и техника безопасности» Астана 2007 г.

2. Арустамов Э. а. «Охрана труда» М., 2007 г.

3. Нуржанова М. а. «Охрана труда» Астана 2007 г.

4. Новиков В. ю. «Слесарь -ремонтник» М., 2003 г.

5. Гришин А. с. «Безопасность жизнедеятельности» М., 2002 г.

6. Маврищев В. в. «Основы экологии» М., 2005 г.

7. Потанов А. д. «Экология» 2004 г.

Қосымша:

1. Федосеев Е. о. Кинотеатралдық дыбыс өндіріп шығаратын аппаратурасы «Дыбыс Т-2».2005 ж.

2. Федосеев Е. о. Күшейткіш құрылғысы (Методикалық бағыттағыштары І, ІІ,ІІІ бөлімдері).2003 ж.

3. «Киномеханик» журналы. 2005-2009 жж.

Оқу-әдістемелік құралдар мен электронды оқулықтар:

1. Кинофильдер (оқуға арналған, ғылыми-танымал, ғылымдық, хроникальдық-құжаттық);

2. Бейнефильмдер (оқуға арналған, ғылыми-танымал, ғылымдық, хроникальдық-құжаттық);

3. Зертханалық стенділер, кешендер (виртуальды, табиғи болмысты );

4. Компьютерлік қолданбалы бағдарламалар (мысалы: AutoCad, Компас График V11 және т. б.);

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу №___

___2013ж

ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

КИНОПРОЕКЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКА

(мамандық бойынша пән атауы)

1306000 РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың атауы және коды)

Астана 2013

Авторлар:

1. Майлыбаев Н. а Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Сарапшылар:

1. м. а. чингужинов - ЖШС «Silk Wai City» директоры

2. В. с. долгов - «Алматыкино» коммунальды мемлекеттік мекеменің директоры

3. а. б. сабитов - ЖШС «Киномонтаж» директоры

Бағдарлама Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің жанындағы «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» профильді Оқу - әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды

2013 жылғы ___ № ___ хаттамасы

Оқу - әдістемелік бірлестік төрағасы. з.ғ. к. ___ Н. жабыкбаев

Бағдарлама ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды

2013 жылғы ___ № ___ хаттамасы

Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінің төрағасы ___ Қ. бөрібеков

Үлгілік оқу бағдараламасының сапасын арттыру туралы ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына мекен -жайға хабарлауларыңызды сұраймыз:

Тастақ 1, 1В үй, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Тел 8(727)3967258, 2768598, 3967251, факс 2768693

E - mail: maia_61_12@ mail.ru

Мазмұны

    бет  
1. Түсіндірме жазба
2. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже
3. 3.1 3. 2 Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны Пәннің тақырыптық жоспары Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау
5. Әдебиеттер және оқыту құралдары тізімі

1. Түсіндірме жазба

«Кинопроекциялық техника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№ 150 24 сәуір 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Кинопроекциялық техника» пәні бойынша міндетті мазмұнына және дайындау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналған.

«Кинопроекциялық техника» пәнін оқытуда білім алушылардың физика, машина бөлшектері және конструкциялық материалдар, электротехника мен электр машиналары пәндерінен алған білімдерді негізге ала отырып және «Кинопроекциялық аппаратураның техникалық пайдалануы» пәнін оқып білуге негіз болады.

«Кинопроекциялық аппаратура» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы киноаппаратураның механизмдері мен бөлшектерінің тозығын және оның көрніс пен дыбыс шығару сапасың әсерін қарастырады.

Білім алушылардың оқу материалын сапалы игеру үшін өндірістік жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін,өзіндік жұмысты меңгертуді виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық бағдарламаларды кеңінен қолданылуы керек.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

- циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ №1080 23.08.2012 жылғы);

- оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

- бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

- жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін


2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттер Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер
Студенттер келесідей құзыреттіліктерге ие болады Базалық құзыреті: БҚ1Жұмыс орнын ұйымдастыру БҚ2Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау; БҚ3Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау; БҚ4Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату; БҚ5Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау; БҚ6Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру; БК7Жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару;     Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттерге ие болады: біледі: - кинопроекциялық аппаратуралардың құрылғыларын және қосалқыларын; -техникалық мінездемелерді және өндірістік кинофильмдерге арналған аппаратураның конструкциялық ерекшеліктерін; меңгереді: -жалпы кинопроектрды және қосалқыларды бақылаудың әдістерін қолдануды; -кино, теле және бейне қондырғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді; дағдысын қалыптастырады: -жарық аспаптарының монтажын өндіруді; құзыретті: -кинопроектор түрлерінің жүйесін және қосалқылардың керекті реттеулерін өндіруді.
Кәсіби құзыреттілік: КҚ 3.11.31 Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу; КҚ 3.11.32 Бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен бөлшектердің қолдану мерзімін бақылау; КҚ 3.11.33 Электрлік схема мен шамаларын оқу, өлшеу және есептеу КҚ 3.11.34 Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамсыздандыруларды қолдану;   КҚ 3.11.35 Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу; КҚ3.11.6 Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу; біледі: -кинопленка форматын; -кинопроекция түрлерін; -барлық кинопроектор-лардың техникалық сипаттамаларын; меңгереді: - фильмкөшірмелерін техникалық жағдайын анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізуді; дағдысын қалыптастырады: -кинопроекциядағы аппаратуралардың шамдарын ауыстыру жұмысын жүргізуді құзыретті: -кинопроектор түрлерінің шашу жұмысын атқаруды, дыбысты және проекциялы фильмдердің көмегімен ремонтталған кинопроекцияларды бақылауды.


Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 3 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 5 страница

Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 1 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 2 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 6 страница | Раздел 2. Электрвакуумды аспаптар 7 страница | Бейнекамералар | Пайдалану 1 страница | Пайдалану 2 страница | Пайдалану 3 страница | Пайдалану 4 страница | Пайдалану |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати