Головна

Орытындылар

  1. Кемел жастағы дамудың негізгі қорытындылары
  2. Оқытудың соңғы қорытындылары
  3. Орытындылар
  4. Орытындылар
  5. Орытындылар

Өзін-өзі тану - бұл сыртқы да, ішкі де әлемде жүзеге асырылатын, өзін, өзінің потенциалды және өзекті қасиеттерін, тұлғалық және зияттық ерекшеліктерін, басқалармен қарым қатынастарын, жүріс-тұрыс сипаттамаларын тану үрдісі.

Өзін өзу танудың маңыз-мағыналары:

- діни деңгейде - бұл өзінде Құдайлық бастауды тану арқылы, адамның Құдаймен (Абсолютпен, Әлем дүниесі) бірігу тәсілі;

- үстіртін-психологиялық (қара дүрсін, тұрмыстық) деңгейде - бұл өз мүмкіндіктерін ең толықтай пайдалану тәсілі, басқа адамдарды басқару тәсілі;

- тереңдетілген психологиялық деңгейде - бұл психологиялық саулыққа, гармонияға және кемелдікке, өзін тану және дамыту мен өзін-өзі таныту тәсіліне ие болу жолы.

Өзін-өзі тану аумақтарына: адамның сыртқы әлемдегі жүріс-тұрысы және ішкі әлемдегі өмірі жатады. Өзін-өзі танудың аумақтары болып сана, санасыз және санадан тыс (жоғарғы санасыз) табылады. Өзін-өзі тану әрқашан да өзі туралы өз білімдерін мен туралы басқалар білетінмен байланыстыра отырып жүзеге асырылады.

Өзін-өзі тану сана-сезімнің құрылымдық компоненті болып табылады. Өзін-өзі тану - бұл Меннің Мен бейнесін (Мен-тұжырымдамасын) тану (немесе ұғыну) жөніндегі іс-әрекеті. Мен бейнесі, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау функцияларын орындай отырып, адамның сыртқы және ішкі іс-әрекеті арқылы субъект ретіндегі Меннің құрылымына түзетулер енгізіп отырады. Өзін-өзі тану және өзіне эмоциялық-құндылық қарау барысында Мен-тұжырымдама мен оның әртүрлі аспектілері айқындалады. Мен-тұжырымдама: «Мен өзім туралы не білемін», «Мен өзім туралы не ойлаймын», «Мен өзіме қалай қараймын», «Мен өзімді қалай бағалаймын» формулалары арқылы суреттелуі мүмкін.

Өзін-өзі тану - өзінің мақсаттары, мотивтері, тәсілдері мен амал-құралдары бар, өз бойында белгілі бір қасиеттерді немесе жүріс-тұрыс сипаттамаларын табу, бекіту, талдау, бағалау, қабылдау жөніндегі үрдіс.

Өзін-өзі танудың мотивтері тиісті қажеттіліктердің: өзін-өзі тануға, өзін-өзі құрметтеуге, өзінің Менінің тұтастығына деген қажеттіліктердің негізінде туындайды. Өзін-өзі танудың мақсаттары кең - өзін жалпы алғанда танудан және өзінің өмірлік мақсаттарын танудан тұратын - және өмір және нақтылы жағдайлар себепші болған тарырақ болып келеді. Өзін-өзі танудың тәсілдері болып: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, салыстыру, өз тұлғасын үлгілеу, қарама-қарсылықтарды ұғыну болып табылады. Өзін-өзі танудың амал-құралдары - басқа адамдарды тану, өз өзіне есеп беру, кинофильмдер көру, әдебиет оқу, психологияны зерттеу. Өзін-өзі танудың нәтижесі болып ұғыну үшін қол жетерлік Мен-тұжырымдамаға біріккен, өзі туралы білімдер жүйесі және өз өзіне қарау жүйесі: тұлғалық сәйкестік, өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі құрметтеу, өз құзыреттілігі сезімі болып табылады.

Өзін-өзі танудың механизмдері ретінде сәйкестендіру мен рефлексияның өзара әрекеттесуі көрініс табады. Сәйкестендіру басқа адамға немесе өз өзіне ұқса болуға, ал рефлексия - шеттелуге, терең де толыққанды өзін-өзі талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әр алуан позициялар алуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі танудың нәтижесінде жалпы алғанда адам табиғатының жетілмегендігімен, өзін-өзі тануға қалыптаспаған қабілетпен немесе адам өз алдына өзі қоятын кедергілермен байланысты әртүрлі кедергілер туындауы мүмкін.

Бақылау сұрақтары

1. Өзін-өзі тануды зерттеген отандық ғалымдардың тұжырымдамаларындағы ұстанымдарын негізге ала отырып, олардың басты өзін-өзі тану жайлы ой пікірлеріне теориялық талдау жасаңыз?

2. Психологиядағы өзін-өзі тану түсінігіне анықтама беріңіз?

3. Өзін-өзі тану түсінігі қазіргі таңда кәсіби мамандарға неге керек деп ойлайсыз?

4. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жетілдіру механизмі ретінде сипаттамаберіңіз?

5. Өзін-өзі танудың адам өмірінде алатын рөлі қандай?

6. Өзін-өзі тану үрдісі қандай аумақтарды қамтиды?

7. Өзін-өзі танытатын тұлғаның негізгі қасиеттерін атап және оағн сипаттама беріңіз?

8. Өзін-өзі тану ғылым ретінде қай уақытта және қай жерде пайда болды?

9. Өзін-өзі тану бұл жаңа ғылыми сала ма, әлде даму тарихы бар ма?

10. Өзін-өзі тану қандай ғылымдармен байланысты деп ойлайсыз?

СӨЖ тапсырмалары:

1. Өзін-өзі тануға қатысты шет елдердегні даму тарихына тоқталыңыз?

2. Өзін-өзі тану туралы ТМД елдеріндегі зерттеген ғалымдардың еңбектері туралы жазыңыз?

3. Өзін-өзі тану қазіргі қоғамда өзектілігі қаншалықты және оның пайда болуының қайнар көзіне кім үлесін қосып отыр және не себептен деп ойлайсыз?

4. Қазіргі кездегі қазақстанлдық ғалымдардың өзін-өзі тану психологиясына қосқан үлесі туралы не айта аласңыз?

5. Бүгінгі таңда өзін-өзі тану манадығы не себептен ашылып отыр деп ойлайсыз?

6. Олардың кәсіби қызметі қандай?



Тарау 5. ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУДЫҢ КЕДЕРГІЛЕРІ | Даму туралы түсінік

Тақырып. Өзін танудың адам өміріндегі мағынасы | Тақырып. Өзін-өзі танудың аумақтары мен аймақтары | Тақырып - 3. Сана және сана-сезім | Сана-сезімнің құрылымы | Рдіс ретіндегі өзін-өзі танудың жалпы сипаттамасы | Зін-өзі танудың мақсаттары мен мотивтері | Зін-өзі тану тәсілдері мен амалдары | Зін-өзі тану нәтижелері | Сәйкестендіру | Рефлексия |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати