Головна

А) Актиномикоздың теріасты- бұлшықеттік формасы

  1. G - global платформасындағы жұмысты бағалау
  2. Газет-журнал мәтіндері негізінде қазақ тіліндегі тілдік қатысымның диалогтық формасына оқыту әдістемесі
  3. Оқытудың сырттай формасы үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  4. Оқытудың сырттай формасы үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  5. Оқытудың сырттай формасы үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Б) Созылмалы төменгі жақасты сиалоденит

С) Созылмалы төменгі жақасты лимфаденит

Д) Төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті

Е) Төменгі жақтың созылмалы одонтогенді остеомиелиті

113. Ер адамда төменгі жақасты сілекей безінің өзегінде сілекей тасы анықталды. Дәрігер тасты келесі әдіс бойынша алып тастады: тілдік жансыздандыру жасады, өзек үстінен шырышты қабықтан тілік жасады, тасты алды, жараны анестетикпен шприц көмегімен жуып шайды.

Төменде көрсетілген қателердің ішінен қайсысын дәрігер жіберіп алды?

А) жансыздандыру әдісі

В) Тілікті дұрыс жасамады

С) Жараны дренаждау керек еді

Д) Операциядан кейін жараны тікпеді

Е)+ Өзек артынан тінді тікпеді

114. Ер адамда төменгі жақасты сілекей безінің өзегінде сілекей тасы анықталды. Вартонов өзегінен тасты алғанда дәрігер тілдік жансыздандыру жасады. Өзекті тас орналасқан жердің артынан іргелес тіндері арқылы тікті және оны лигатураға алды. Өзек үсті шырыштан тілік жасады, тасты алды және резеңке жолақпен жараны дренаждады.

Төменде көрсетілген қателердің қайсысын дәрігер жіберіп алды?

А) Жансыздандыру әдісі

В)+ Жараны дренаждау

С) Тілікті дұрыс жасамады

Д) Операциядан кейін жараны тікпеді

Е) Өзек артынан тінді тікпеді

115. 46 жастағы ер адам клиникаға жарақат алғаннан 2 сағаттан кейін келді. Ауыз ашылуының шектелгеніне, косметикалық ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақтан бет аймағының тығыздануы, көз ұяшығының төменгі қыры бойынша «баспалдақ» симптомы, мұрын қанаты және көз аймағы терісінің жансыздануы.

Төменде көрсетілген репозиция әдістерінің қайсысы ең тиімді?

А) Кеен әдісі

В) Карапетян элеваторымен

С) Бет доғасының остеотомиясы

Д) +Лимбергтің біртісті ілмегімен

Е) Екіжақты шина салу

116. Бет- жақ бөліміне 46 жастағы ер адам оң жақтағы төменгі жақ денесі аймағында пайда болған түзіліске және косметикалық ақауға шағымданып келді. Анамнезінен: 2 ай бұрын жарақат алған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Объективті: оң жағынан төменгі жақ денесі аймағында гранулициясы шығып тұрған жыланкөз анықталды. Жыланкөз арқылы Зондтау кезінде сүйектің қозғалмалы фрагменті анықталды.

Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысы ең тиімді?

А) жыланкөзді кесу;

В) +секвестрэктомия;

С) антисептикпен жыланкөзді жуып шаю;

D) екіжақты шина салу;

Е) антибактериальды, десенсибилизациялық терапия.

117. 40 жастағы әйел адам жоғарғы жақ аймағындағы ауру сезіміне, ауыз қуысынан қанды бөліндіге шағымданады. Жарақатты екі сағат бұрын алған- автобус күрт тоқтаған, алдыңғы орындықтың арқасына бетімен ұрылған, есін жоғалтпаған. Объективті: жоғарғы жақтың фронтальді бөлігінің альвеолярлы өсіндісінің патологиялық қозғалуы, шырышты қабық бүтіндігінің бұзылуы. Өтпелі қатпар бойымен канкету.

Төменде көрсетілген иммобилизация әдістерінің қайсысы ең тиімді?

А) Айви бойынша таңу

В) +Жақша тәрізді тегіс шеңдеуіш;

С) Урбанский бойынша таңу;

D) сүйекті тігу;

Е)екі жақтыілгекті шиндеуіш салу.

118. 42 жасар еркісі бетінің сол жағынан пішінсізденуіне шағымданып келді. Бет терісінің түсі өзгеріссіз. Жарақатты бір жыл бұрын алған. Басып тексеру барысында бетінің сол жағынан бетсүйегі аймағының тегістелуінен деформацияланған. Сол жақ көз ұясының төменгі қырында баспалдақ белгісі байқалады. Қызыметтері бұзылмаған.

Осы науқасқа қандай ем шипалы болады?

А) Кеен тәсілімен көтеру;

В) Карапетян лэеваторымен көтеру;

С) Бет доғасына остеотомия жасау;

D)+ Контурлық пластика жасау;

Е) Филатов с абақшасыменпластика жасау.

119. 48 жасар науқас құлап бетін соғып алған есін жоғалтпаған. Жоғарғы жақсүйегі ауырып, ауызынан қанды су ағып тұрғанына шағымданады. Тексеру барысында жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, соққы алған жері ауырады. Жоғарғы күрек, сойдақ, кіші азу тістер ұяшықты өсіндімен бірге патологиялық қозғалмалы.

Төмендегі бекіту тәсілдерінің қайсысы шипалы болады?

А) Збарж құрсауы;

В) +Тегіс жақша тәрізді құрсау;

С) Сүйекті тігу.

D) Васильевтің стандартты құрсауы;

Е) Екі жақтың ілгешектері бар құрсау.

120.17 жасарқыз бала құлап бетін мұзға соғып алған, есін жоғалтпаған. Жоғарғы жақсүйегі ауырып, ауызынан қанды су ағып тұрғанына шағымданады. Тексеру барысында жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, соққы алған жері ауырады. Жоғарғы күрек, сойдақ, кіші азу тістер ұяшықты өсіндімен бірге патологиялық қозғалмалы. Шырышты қабығы жыртылып, өтпелі қатпары қанталап кеткен.

Төмендегі алдыны ала қойылған нақтамдардың қайсысы сай келеді?

А) Жоғарғы тістердің сынуы;

В) Жоғарғы жақсүйегінің Ле Фор- I сынуы;

С) Жоғарғы жақсүйегінің Ле Фор- II сынуы;

D) Жоғарғы жақсүйегініңЛе Фор- Герен бойынша сынуы;

Е) +Жоғарғы жақсүйегінің ұяшықты өсіндісінің сынуы.

121. Клиникаға жарақат алғанына 2 сағат болған еркек жеткізілді. Төменгі жақсүйегінің ауыратынына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, төменгі жақсүйегінің 3.7 және 3.6 тістерінің тұсындағы бөлігі қозғалмалы. Иек бөлігіне салмақ салып сынағанда оң жағынан төменгі жақсүйегінің денесі ауырады.

Төмендегі бекіту тәсілдерінің қайсысы шипалы болады?

А) Айви бойынша байлау;

В) Збаржаппаратын салу;

С) Жақша тәрізді құрсау салу;

D)Минипластинкалармен остеосинтез жасау;

Е) + Тигерштедттің екі жақты құрсауын салу.

122.78 жасар еркісі төменгі жақсүйегінің оң жағынан ісінудің барлығына шағымданып келді. Ісіну 4.6 тісті жұлғаннан кейін жарты жыл бұрын пайда болған. Біртіндеп ұлғая бастаған. Беті симметриялы, төменгі жақ асты лимфа бездері ұлғаймаған, Төменгі ұяшықты өсіндінің 4.6 тістің ұяшығынан түсті капуста тәрізді жұмсақ өскіндер шығып тұр. 4.5-4.7 тістері қозғалмалы.

Төмендегі нақтамдардың қайсысы осы науқасқа сәйкес келеді?

А) +Төменгі жақ обыры;

В) Төменгі жақсүйегінің фиброматозы;

С) Ұяшықтың остеомиелиті;

D) Төмегі жақсүйегінің алып жасушалы эпулиді;

Е) Төменгі жақсүйегінің созылмалы остеомиелиті

123. Онкологқа келген 78 жасар ер кісі төменгі жақсүйегінің оі жағынан 4.6 тісін жарты жыл бұрын жұлғаннан кейін ісінудің пайда болғанына шағымданады. Ісік біртіндеп ұлғая бастаған. Бет әлпеті симметриялы, төменгі жақсүйегі асты лимфа бездері ұлғаймаған, 4.6 тістің ұяшығынан түсті капуста секілді жұмсақ өсінді көтеріліп шығып тұр, 4.5-4.7 тістері қозғалмалы. Кешенді тексеру қорытындысы төменгі жақсүйегінің обыры деген қортынды нақтам қойды.

Осы науқас үшін қандай ем тағайындалуы керек?

А) химиотерапия;

В) Сәулеліктерапия;

С) +Аралас ем;

D) Төменгі жақсүйегіне экскохлеация жасау;

Е) Төменгі жақсүйегін кесу және кейін остеопластика жасау.

124. 45 жасар науқас бет әлпетінің косметикалық ақауына шағымданып келді. Жарты жыл бұрын оқтан жарақаттанған. Жалпы денсаушылығы жаман емес. Тексеру барысында оң жағынан ұрт және жоғарғы еріннің тіндері ақауланған. Жоғарғы күрек , сойдақ және кіші азу тістері мен бірге ұяшықты өсіндісі көрініп тұр. Ақаудың шеттері тыртықтанған.

Төмендегі тәсілдердің ішінде қайсысы ос ынауқас үшін шипалы болады?

А) Тіндерді еркін көшіру;

B) Жергілікті тіндермен пластика жасау;

C) Хитрова бойынша операция жасау;

D) Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасау;

E) + Филатов сабақшасыменпластика жасау.

125. 40әйел бетіндігі косметикалық ақауға шағымданады. Жарақатты алғанына үш жыл болған. Беттің соғылып жыртылған жарақатына алғашқы хирургиялық өңдеу аудандық ауруханада жасалған. Тыртықтанудың салдарынан төменгі қабағы айналып кеткен. Төменгі қабақтың коньюктивасының шырышты қабығы жалаңаштанған, көзден төменгі терісі жарылған.

Төмендегі пластикалық тәсілдің қайсысын жасап осы асқынуды жоюға болады?

А) Хитрова бойынша операция жасау;

B) Тіндерді еркін көшіру;

C) Филатов сабақшасымен пластика жасау.

D) Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасау;

E) + Үшбұрыш қиықпен пластика жасау.

126. 20 жасар қыз бала бетінің косметикалық ақауына шағымданады. Бала күнінде остеомиелитпен ауырыпты. Тексеру барысында төменгі жақсүйегінің оң бөлігінің жетілмей қалғаны анықталды. Микрогенияны жою үшін аутотрансплантантпен сүйек пластикасын жасау жоспарланды.

Осы операцияға аутотрансплантатты қай жерден алған дұрыс?

А) Қабырғадан;

B) Бұғанадан;

C) Сан сүйгінен;

D) + Мықын сүйегінің қырынан;

E) Сирақ сүйегініен.

127. 32 жасар ер кісі бетінің косметикалық жетіспеушілігіне, тыртықтың астындағы терісінің үнемі ылғалданатыныны шағымданып келді. Төрт ай бұрын жарақат алған, бірақ емделмеген. Оң жақ құлақ маңы аймағында тыртық бар, оның дисталды қырынан мөлдір сұйықтық бөлініп тұр. Ауыз қуысында шықшыт маңы сілекей безінің ауызынан таза мөлдір сілекей бөлінеді.

Төмендегі пластикалық тәсілдердің қайсысы тиімді болады?

А) Жергілікті физиоем;

B) Жыланкөзді алып тастау;

C) Сілекей жыланкөзіне пластика жасау;

D) Антибактериалық ем;

E) Склероздаушы ем.

128. Ер кісі бетінің косметикалық ақауына шағымданып келді. Анамнезінде төрт ай бұрын жарақат алған емделмеген. Тексеру барысында құлақ маңы шайнау аймағында тартылып біткен тыртық бар. Ауыздың аздап шектеліп ашылуы анықталады.

Осы тыртықты жойып, қызыметті қалпына келтіру үшін қандай пластика тәсілі тиімді болады?

А) Терінің еркін трансплантатымен;

B) Қоректік аяқшасы бар қиықпен;

С) Филатов сабақшасымен пластика жасау;

D) + Лимбергтің үшбұрыш қиығымен;

E) Тыртықты алып айналасын тартып тігу.

129. 40 жастағы әйел бір жыл бұрынғы күйіктен пайда болған косметикалық ақауына, мойынының қозғалуының шектелгеніне шағымданады. Тексеру барысында мойынында ұзын бірсызықтық тыртық және қарысу анықталады.

Төмендегі пластиканың қай тәсілі тиімді болады?

А) Филатов сабақшасымен пластика жасау;

B) Қоректік аяқшасы бар қиықпен;

C) Терінің еркін трансплантатымен;

D) Тыртықты алып айналасын тартып тігу.

E) + Лимбергтің үшбұрыш қиығымен;

130.32 жасар науқас автомобиль дөңгелегін ауыстыру кезінде шина жарылып бетіне соққы тиді. Клиникада дәрігер тексеріп сол жағынан бетсүйегі аймағындағы жұмсақ тіндер ісінденін, сүйек контурларының өзгермегенін, тері астында ауа көпіршіктерінің пышырлағанын анықтады. Тістем бұзылмаған. «Тері асты жұмсақ тіндерінің эмфиземасы» деген нақтам қойылды.

Төмендегі ем шаралардың қайсысы шипалы болады?

А) Асептикалық таңба және антибиотиктер тағайындау;

В) + УВЧ ем жіне кешенді физиоем;

С) Ауаны жуан инъекциялық инелермен шығару;

D) Ауа жиналған жерді тіліп шығару;

Е) Уқалау және қыздырғыш ем.

131. 20 жасар қыз төменгі жақсүйегінің сол жағынан ауырып ісінгеніне шағымданады. Тексеру барысында төменгі жақсүйегі аймағының тіндері оң жағынан ісінгені, 4.6 және 4.5 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар ісініп тегістелген, осы тістер сау. Дәрігер 4.5 тісті жұлып, периостотомия жасады. Келесі күні науқастың жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, 4.6, 4.5, 4.4 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар ісініп кетті.

Дәрігердің қателігі не деп түсінесіз?

А) Антибиотиктер тағайындамағаны;

B) Периостотомия жасамау керек еді;

C)+Периоститтің 4.8 тістен дамуын ескеру керек еді;

D) Организмнің резистент тігінің төмендеуі;

Е) 4.6, 4.5 тістердіде бірге жұлып тастауы керек еді.

132.50 жасар ер кісі тамақ шайнаған кезде төменгі жақсүйегінің оң жағынан бұрышының ауыратынына және сол жердің ісінгеніне шағымданып келді. Бернеше күн бұын науқастың 4.8 тісі атиптік тәсілмен жұлынған. Оң жағынан төменгі жақсүйегі аймағы ісінген, ауызы шектеліп ашылады. Төменгі жақ сүйегіне салмақ салу белгісі жұлынған тістің маңынан оң нәтиже берді. 4.8 тістің ұяшығы қан ұйығына толы.

Тіс жұлу операциясынан кейін қандай асқыну дамыды деп ойлайсыз?

А) Төменгі жақсүйегінің шығуы;

В) +Төменгі жақсүйегінің сынуы;

С) Төменгі жақсүйегінің гематомасы;

D) Төменгі жақсүйегінің оң жағынан қарысуы;

Е) Төменгі жақсүйгінің остеомиелиті.

133. Қабылдау бөліміне «Самай асты аймағының флегмонасы» деген нақтаммен келген науқастың флегмонасын ашу жоспарланды.

Төмендегі тәсілдердің қайсысы дұрыс?

А) Сіңбенің төменгі қырымен;

В) Самай етінің талшықтарының бойымен;

С) Бет сүйегі доғасының үстінен, доғал жолмен самай асты шұңқырына жету;

D) Бет сүйегі доғасының астынан паралельді, доғал жолмен самай асты шұңқырына жету;

E)+Жоғарғы азулар тұсындағы өтпелі қатпарды тіліп, доғал жолмен самай асты шұңқырына жету.

134. Қабылдау бөлімінің дәрігері флегмонаны ашу үшін төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра, оның қырынан 2,0 см іш жағындағы тері мен теріасты жұмсақ тіндерін тілді де, меншікті шайнау етінің сіңірлерін кесіп, доғал жолмен оның ішкі бетімен төменгі жақсүйегінің бұтағының сыртқы бетіне кіріп экссудатты шығарды.

Дәрігер қандай аймақтың флегмонасын ашты?

А) Жұтқыншақ маңы аймағының.

В) Жақрты аймағының;

С) Төменгі жақсүйегі асты аймағының;

D)+Массетер асты аймағының;

E) Қанат- төменгі жақсүйегі кеңістігінің.

135.Қабылдау бөлімінің дәрігері флегмонаны ашу үшін төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра, оның қырынан 2,0 см іш жағындағы тері мен теріасты жұмсақ тіндерін тілді де, ішкі қанат тәрізді шайнау етінің сіңірлерін кесіп, доғал жолмен оның ішкі бетімен төменгі жақсүйегінің бұтағының ішкі бетіне кіріп экссудатты шығарды.

Дәрігер қандай аймақтың флегмонасын ашты?

А) Жұтқыншақ маңы аймағының.

В) Жақарты аймағының;

С) Төменгі жақсүйегі асты аймағының;

D) Массетер асты аймағының;

E) +Қанат- төменгі жақсүйегі кеңістігінің.

136. Қабылдау бөлімінің дәрігері флегмонаны ашу үшін төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра, оның қырынан 2,0 см іш жағындағы тері мен теріасты жұмсақ тіндерін тілді де, қан тоқтатқыш қысқышпен ішкі қанат тәрізді шайнау етінің ішкі бетімен жоғары, артқа және ішке өтіп эссудатты шығарды.

А) + Жұтқыншақ маңы аймағының.

В) Жақарты аймағының;

С) Төменгі жақсүйегі асты аймағының;

D) Массетер асты аймағының;

E) Қанат- төменгі жақсүйегі кеңістігінің.

137. 32 жасар науқас автомобиль дөңгелегін ауыстыру кезінде шина жарылып бетіне соққы тиді. Клиникада дәрігер тексеріп сол жағынан бетсүйегі аймағындағы жұмсақ тіндер ісінденін, сүйек контурларының өзгермегенін, тері астында ауа көпіршіктерінің пышырлағанын анықтады. Тістем бұзылмаған. «Тері асты жұмсақ тіндерінің ауа эмфиземасы» деген нақтам қойылды.

Төмендегі емдердің қайсысы осы науқас үшін осы науқас үшін шипасыз болып табылады?

А) Асептикалық таңба және антибиотиктер тағайындау;

В) УВЧ ем жіне кешенді физиоем;

С) +Ауаны жуан инъекциялық инелермен шығару;

D) Жыртылған жұмсақ тінді тігу;

Е) Уқалау және қыздырғыш ем.

138.20 жасар қыз төменгі жақсүйегінің сол жағынан ауырып ісінгеніне шағымданады. Тексеру барысында төменгі жақсүйегі аймағының тіндері оң жағынан ісінгені, 4.6 және 4.5 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар ісініп тегістелген, осы тістер сау. Дәрігер 4.5 тісті жұлып, периостотомия жасады. Келесі күні науқастың жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, 4.6, 4.5, 4.4 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар ісініп кетті. Рентген суретінде 4.8- тісі медиалды көлбеу жағдайда орналасқан. Медиалды бұдырларымен 4.7 тлып тұр.

Дәрігердің қателігі не деп түсінесіз?

А) Антибиотиктер тағайындамағаны;

B) Периостотомия жасамау керек еді;

C)+ 4.8 тісті жұлуы керек еді;

D) Организмнің резистент тігінің төмендеуі;

Е) 4.6, 4.5 тістердіде бірге жұлып тастауы керек еді.

139. 55 жасар әйел жоғарғы жақ сүйегіндегі жұлынған тісінің ұяшығының қатты ауырып одан кейін оның ұяшықты өсіндіге беріліп, қызыл иектің, тістердің және ұрттың күйген және гиперэстезиясына шағымданады. Қатты тамақ шайнаған кезде ауыру сезім басылады. Аурудың басталғанына алты ай болған. Көзге түсер өзгерістер жоқ. Жұлынған 2.5 тістің тұсындағы шырышты қабық ақшыл қызыл түсті, басқанда аздап ауырады.

Үшкіл нервтің екіншілік (соматикалық) невралгиясын нақтамалау үшін қандай тесттік препаратберіледі?

А) Антиконвульсанттық препарат;

В) Анксиолитиктік препарат;

С) Антидепрессанттық препарат;

D) Антигистаминдік препарат;



Дәрігер төмендегі жансыздандырудың қайсысын жасады? | Е) Нестероидты қабынуға қарсы препарат.

Е) басын бүйіріне бұру немесе етпетінен жатқызу | D) Берше-Дубов жансыздандыруы | В) Күйіктік шоктың алдын алу және емдеу. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати