На головну

Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

  1. D MAX-те модельдеу негіздері» пәні бойынша негізгі емтихан сұрақтарының тізімі
  2. Басқару теориясының негіздері» пәні бойынша билеттер
  3. Геометриялық және толқындық оптика негіздері
  4. Дәріс №10. Тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
  5. Дәріс №14. Тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объекіліердің құқықтық режимі
  6. Дәріс №5. Тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік
  7. Дәріс №6. Тақырып. Жер қойнауының құқықтық режимі

Тапсырма - 1

Осы сұрақты талқылауда сұраныс, сұраныс көлемі, сұраныс қызметі, жеке және нарықтық сұраныс сияқты түсініктер сипаттамасына назар аудару қажет. Сұранысты тұтынушылар белгілі бір баға бойынша және қандай да уақыт ішінде сатып алуға дайын тауар саны ретінде анықтауға болады. Қандай да бір тауарға деген сұраныс көлемі деп жеке адам, адамдар тобы немесе жалпы халық белгілі бір шарттармен уақыт бірлігінде (күн, ай, жыл) сатып алуға келісетін осы тауардың максималды саны аталады. Осы шарттарға: осы тауар бағасы, басқа тауарлар бағасы, ақша табысының шамасы, тұтынушы қалауы мен болжамдылық беруі, мүлік жинау және басқалар жатады.

Сұраныс көлемінің оны анықтаушы факторларға тәуелділігі сұраныс қызметі деп аталады.

Сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторларды өзгермейтін шама деп алсақ тауар бағасы мен оған деген сұраныс шамасы арасындағы тәуелділік сұраныстың бағадан болатын қызметі түрін қабылдайды:

QD=f(PX).

Бағадан болатын сұраныс қызметі үш тәсілмен берілуі мүмкін:

1. Кестелік

(Баға, теңге) Q(сұраныс көлемі, данамен)

2. Аналитикалық

QD = 7 - 2 P

3. Графикалық

4-сызба. Сұраныс қисығы

Сұраныс қисығы тауар бағасы деңгейіне баланысты тұтынушы сұранысының көлемі қалай өзгеретінің көрсетеді. Сұраныс көлемінің тауар бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді.

Осыдан басқа жеке және нарықтық сұраныс арақатынасын жақсы елестете білу керек. Осы үшін 2-кесте материалдарын пайдаланыңыз

1-кесте

Р бағасы (теңге) Жеке сұраныс Нарықтық сұраныс
А субъектісі В субъектісі С субъектісі Qd

Сұранысқа баға емес факторлардың әсер етуін анықтау үшін келесі сұрақтарды пайдаланыңыз:

1. Халық табысы өскенде бейнемагнитофондарға деген сұраныс қисығына не болады?

2. Жаңа автомобильдер бағасы өскенде ұсталған автомобильдерге деген сұраныс қисығына не болады?

3. Қой еті бағасы өскенде сиыр етіне деген сұраныс қисығына не болады?

4. Халық табысы өскенде ас тұзына деген сұраныс қисығына не болады?



Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері | Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы

Курстың қысқаша сипаттамасы | Академиялық мінез-қылық және әдеп бойынша курс саясаты | Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері | Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері | Тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде | Тақырып. Экономикалық өсу | Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдістері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі | Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати