Головна

Жаттығу түрлері.

  1. Жаттығулар
  2. Көмекші мектепке математиканы окытудың ұйымдастыру түрлері. Математика сабақтарының топтастырылуы
  3. Майлау жүйесінің түрлері.
  4. Матрицалар және олардың түрлері.
  5. Түзудің теңдеулерінің түрлері.
  6. Тақарыбы. Болжамдау туралы түсінік. Оның түрлері.

Оқушылар тек санды айырып қана қоймай, сонымен қатар қысқаша сандырды салыстырулары қажет., яғни 50,500,5000-ды алу үшін 5 қашна рет көбейті керек екендігін білуі үшін.

Күпделі разрядтық бірлікті өте кіші және керісінше ауыстырып абакта жазу және есептеу жаттығулары пайдалы. Мысалы: 5000 санындағы бірліктерді мың жүздік, мың бірлік, мың ондықпен ауыстыру керек. 1 мың санын алып, оны жүздікпен ауыстырамыз - 10 жүздік болады, ал барлығы 4 мың 10 жүздік, сосын 1 жүздікті аламыз және оны ондықтарға ауыстырамыз , сонда 4 мың 9 жүз 10 бірлік болады. Соңында 1 ондықты 10 бірлікпен ауыстырамыз, сонда 4 мың. 9 жүз. 9 онд. 10 бірл. болады. Бұл жаттығулар оқушыларды разряд арқылы өту амалын орындауға дайындайды.

1000 шамасындағы нөмірлеуді үйрену кезінде де, сандағы жүздік, ондық, бірлік санын жалпы және жеке разрядта түсінулері бекітіледі. Бұл тақырып оқушылар үшін қиын болып табылады. Ол үлкен көлемдегі жаттығуларды талап тетеді. «Санда қанша бірлік бар?» деген сұраққа оқушыра бірліктер разрядына қарап, ондағы бірлік санын көрсету қажет, ал «Барлығы қанша бірлік бар?» деген сұраққа олар барлықсандарды көрсетулері қажет. «Санда қанша ондық бар?» деген сұраққа оқушы ондық разрядын көрсетіп, ондағы ондық санын атауы қажет, ал «Барлығы санда қанша ондық бар?» деген сұраққа олар 1275 санындағы сандарды санаулары қажет, 1000 - бұл 100 ондық, 200 бұл 20 ондық, 70- бұл 7 ондық, яғни 1275 санында 127 ондық бар. Барлығы сонда қанша ьондық бар екенін білу үшін ондағы бірліктерді алып тастау керек, ал санда қанша жүздік бар екенін білу үшігн екі таңбаны (бірлікті және ондықты) алып тастау керек.

Сонымен қатар сұрақтарға дифференцация жасауды талап ететін жаттығуларда пайдалы, мысалы: «Сандағы ондық разрядты сызық; санның жалпы ондығын сызыңыз. 5370 санында қанша ондық бар?» (оқушы 7 санын сызады). 5385 санында барлығы қанша ондық бар? (оқушы 538 санын сызады

Кері тапсырма: 1238, 1720 санының қандай сандық бірліктері сызылған?

Дәптергн «Кластар және разрядтар» кестесін сызып, оған 736 және 736 мың санын жазу керек. Оларды талдай отырып, оқушылар бұл екі санды салыстырады. Сандар бірдей таңбалармен жазылған, олардың ұқсастығысонда. Бірақ таңба орындары санда бірдей емес. 736 - бұл бірінші класс саны, ал 736 мың - бұл екінші класс саны.

Егер бұл санды кестесіз жазатын болсақ, бірінші кластағы разрядтық бірліктердің орнына нөлге тең 736 мың санына үш нөлді жазу керек: 736000.

Көп таңбалы сандарды класс бойынша оқу керек. Бірінші екінші класс саны , сосын бірінші класс саны оқылады: 37835 - 37 мың 835. Сонымен бірге 55 және 55000, 50 және 50000 саны салыстырылады.

Тағыда бірнеше тапсырма түрлерін келтірейік:

- 75 мың 470 бірліктен тұратын сан жазу керек. Осы санның разрядын және класын атау керек.

- А)Бірінші кластың 8 ондық 3 бірліктен және екінші кластың 7 бірлігінен тұратынын ; Б) бірінші кластың бірінші разрядындағы 6бірлікті және екінші кластың екінші разрядындағы 3 бірліктен тұратын санды жазу және оқу;

- 5075, 4208,3009, 700040 санын оқу және көрсету, ондағы қай разрядпен кластың бірліктері нөлге тең.

Оқушылар осы сандарды оқу барысында мынаған назар аударған жөн, егер разрядтың қандлай да бір бірлігі нөлге тең болса, онда олар оқылмайды. Нөлге тең разрядты сандарды оқу және жазу кезінде айырмашылық болады: 700 мың 40 болып оқылады, ал 700040 болып жазылады. Сондықтан да көптаңбалы сандарды жазып оқуға көптеген арнайы жаттығулар жүргізіледі. Міндетті түрде әрбір разряд пен кластың өте көп және өте аз санын табуға жаттығу жасау қажет.

Оқушылар ең аз бір таңбалы сан 1 болып табылатынын біледі, ал ең көп- 9. Ең аз екі таңбалы сан - 10 болса, ең көп -99, ең аз үш таңбалы сан -100 болса, ең көп - 999. Төрт таңбалы санды оқу барысында 1000 ең аз төрт таңбалы сан екенін көрсету керек, егер 1000 -нан бір бірлікті алсақ- 999, яғни үш таңбалы сан алынатындығын үйрету керек.

Ек көп тқрт таңбалы сан 9999 болып саналады, егер оған 1-ді қоссақ, онда 10 000 деген бес таңбалы сан аламыз. Осылайша оқушылар бес таңбалы (10000 және 99999), алты таңбалы (100000 және 999999) сан туралы түсінік алады. Оқушылар тек ең аз және ең көп сандардың разрядын және класын есте сақтап қана қоймай, оны дәлелдеуі қажет. Сондықтан да ең көп бес таңбалы санды атау тапсырмасын бере отырып, мұғалім бір уақытта сұрайды: «99999 ең көп бес таңбалы сан екекнін қалай дәлелдеу керек?»

«Нөмірлеу» тақырыбымен 3746 + 1; 3747 -1; 24799 + 1; 60000 - 1 түріндегі сандарды шешумен тығыз байланысты. Ол натурал қатардағы санның қасиетіне негізделеді. Бұл амалдар ауызша орындалады.

Мына түрдегі мысалдардың шешімі 36 мың + 12 мың; 37 мың - 20; 2327 -7; 2327 - 327; 2327 - 200 70 мың + 500 мың ; т. Б. көптаңбалы сандардың пайда болуына негізделіп және ауызша орындалады.

Бөлу және көбейту түрлеріне мысалдар ауызша шешіледі: 24 мың х 2; 48 мың : 4; 14 мың х 3; 720 мың : 9; 250 мыңнан 1/5 табу.

Олардың шешімі кестелік және кестелік емес бөлу мен көбейту жағдайына алып келеді.

Нөмірлеуге жоғары түрдегі берілген арифметикалық айтылулар, сонымен бірге ауызша алу тәсілдерімен орындалатын бекіту жаттығулары есепке алынады, оқушылардың естуіне қиын қабылданатын көптаңбалы сандар карточкада, тақтада жазылады, кодоскоптың және басқа техникалық құралдардың көмегімен экранда бейнеленеді,

 



А дейінгі сандардың бөлу кестесіне оқыту. | Ақыл-ойы кем оқушыларға мәтіндік арифметикалық есептерді шешуді үйретудің маңызы.

Жиырмаға дейінгі сандарды нөмірлеуді оқыту. | Көлеміндегі сандарды нөмірлеу. | Бүтін ондықты нөмірлеуге оқыту. | Сандарын нөмірлеуді оқыту. | Зияты зақымдалған балалардың дамуына «Өлшемдер» бөлімін оқыту маңызы және міндеттері. | Ақыл-ойы кем оқушылардың аталган материалды меңгеру киыншылықтары мен ерекшеліктері. | Көмекші мектепте метрикалық өлшем жүйесін оқыту мазмұны және әдістемесі | Көмекші мектепте бөлу және кебейту кестесін оқыту міндеттері. | А дейінгі сандардың көбейту және бөлу кестесіне оқыту. | А дейінгі сандардың көбейту және бөлу кестесіне оқыту. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати