Головна

Ақпараттық блок

Репликация - жасушаішілік маңызды процесс. Бұл өзіндік көшіру, ДНҚ санының екі еселенуіне әкеледі. Репликация екі комплементарлы тізбектен тұратын ДНҚ малекуласының химиялық ұйымының ерекшелігіне байланысты жүреді.

Репликация процесінде ДНҚ малекуласының әрбір полинуклеотидті тізбегіне, комплементарлы тізбек синтезделінеді.

Нәтижесінде ДНҚ қос бір оралымынан екі бірдей қос оралым түзіледі. Әрбір жаңа пайда болған малекула бір аналық және бір қайтадан синтезделген тізбек пайда болатын бұндай екі еселену жартылайконсервативті деп аталады.

ДНҚ репликация процессі жасушалық бөлінумен сәйкес және көптеген ақуыздардың бірігіп әсер етуін қажет етеді. Оған қатысады:

1. ДНҚ-хеликаза және дестабилизирлеуші ақуыздар; олар ата-аналық ДНҚ екі орамын ажыратып, репликациялық айырмасын (вилка) түзеді.

2. Әрбір жіпшеден ДНҚ ферменті полимераза көмегімен комплементарлы түрде жаңа (ұрпақ) жіпше синтезделеді. ДНҚ тізбегінің ұзаруы - немесе оның жеке фрагменті (үзіндісі), әрқашан 5 / соңынан 3 / соңы бағытында жүреді, яғни нуклеотидтер өсуші тізбектің 3/ соңына қосылады. Өйткені ДНҚ молекуласындағы комплементарлық тізбектер антипараллельді, сосын өсуші тізбекте матрицалыққа антипараллельді, 3 / → 5 / соңына қарай оқылады. Фрагменттік комплекстердің функциялануы келесі түрде жүреді: екі синтезделетін тізбектің біреуі басқасымен салыстырғанда алдына оза шығып өседі, сондықтан алғашқы тізбек - жетекші деп, ал екіншісі кешігуші тізбек деп аталады. Оказаки. ДНК-полимераза қателерді түзетуге негізделген, бірақ өзіндік жаңа тізбектерді синтездей алмайды.

3. ДНК-праймаза, қысқа РНҚ малекуласын катализдейді. Нәтижесінде РНҚ фрагменттері жоғалады, олардың орнын ДНҚ алмастырады.

4. Теломераза, ДНҚ сызықтық малекуласының репликацияланбаған 3'-соңының құрылуын аяқтаушы.

5. ДНК-топоизомеразалар, ДНҚ оралымын байланыстыру және бұралу мәселесін шешуге көмектеседі.

6. Инициаторлы ақуыздар, репликацияның басталу нүктесімен байланыстырушы. Және бір немесе екі ашамен (вилкамен)репликациялық көздің түзілуіне қатысады. Әрбір ашадан кейін ДНҚ өріміндегі инициаторлы ақуыздармен алдымен ДНҚ-хеликаза және ДНҚ-праймазалардан тұратын ақуыздық комплексі байланысады.

Содан кейін праймосомаға басқа да ақуыздар тобы қосылады "репликациялық машина, ол ДНҚ синтезін жүзеге асырады.

Студенттің өзіндік жұмысы:

1 Жұмыс.Альбомға репликация процессі сызба-нұсқасын салу және бұл процеске қатысатын компоненттерін белгілеу.

Бақылау түрі:

1. Бастапқы білім деңгейін бақылау.

2. Студентттердің өз бетінше жұмысының нәтижесін талдау.

3. Қорытынды білім деңгейін бақылау.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік сабақ жүргізу, компьютерлік модельдермен және микропрепараттармен жұмыс



Тақырып: ДНҚ құрылысы және қызметі. | Тақырып: Генетикалық код.

Тақырып. Жасушалық мембрананың молекулярлық құрылысы және қызметтік компоненттері | Ақпараттық блок | Эндоцитоз | Ақпараттық блок | Ақпараттық блок | Органоидтар | Ақпараттық блок | Ақпараттық блок | Сурет. Жасушаішілік мессенджерлердің түзіліуінің басты механизмдері | Тақырып: Ақуыздың құрылысы және қызметі. Ақуыз. фолдингі |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати