На головну

ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІКТІ ҚОЮ

Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

Қолдану көрсетілімдері: іш кебу (метеоризм), ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймагының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаган геморройда.

Ресурстар: залалсыздандырылган: жел шыгаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолгапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қагазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюга арналган контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі
Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.
Наукасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).
Науқастың қасына отыргыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су қүйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолгапты киіңіз.
Жел шыгаратыи түтіктің домалақ үшына 20-30 см үзындыгына вазелинді жағыңыз.
Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос үшын оң қолдың IV жэне V саусақтарымен кысып, ал домалақ үшын жазатын қаламүштай үстаңыз.
Сол қолдың I жэне II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алгаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
Науқасты шалқасына бүрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.
Жел шығаратын түтіктің бос үшын су күйған судноға немесе лотокқа салыңыз.
Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратып түтіктің сыртқы үшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.
Науқастың қал жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.
Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.
Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесіғі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.
Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.

 

Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тэулігіне 2-3 реттен кем емес.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ішек функциясының бұзылуының көріністері: ішек диспепсиясы: іш өту, іш қату, метеоризм, нәжісті ұстамау; қарамайлы нәжіс «мелена».

2. Ішек функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері.

3. Ас қорыту жүйесі мүшелерін зертханалық және аспапты тексеру әдістері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.

4. Газ шығырғыш түтікті орнатудын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау.

5. Емшараны орындау техникасы.

6. Стомалар орнатудын көрсеткіштері.

7. Стомаларды күту ерекшеліктері.

8. Пациентті және онын туыстарын стомаға өздік күтім көрсетуді үйрету.

9. Зәржинағыш және памперсттерді қолдану.

10. Нәжісті саусақ арқылы шығаруды.

11. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г. Т., ЕшоваГ. А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С. А., Тарновская И. И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С. А., Тарновская И. И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И. И., Шикорова Н. В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т. П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т. Морозова Г. И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. - М., 2008год

3. Т. П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т. П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.

7.1. Тақырыбы №19 Клизмалар: тазарту және сифонды.

7.2. Мақсаты:: Тазарту және сифонды клизмаларды қоюды студенттерге уйрету.

7.3. Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

1. «Клизма» түсінігі. Клизма түрлері.

2. Клизма қою мақсаттары.

3. Тазарту және сифон клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

4. Медбике мен пациентті емшараға дайындау.

5. Тазарту және сифон клизмаларын өткізу техникасы.

6. Қолданылған жабдықтарды өндеу.

 

Клизма дегеніміз - тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және диагноз қою мақсатымен түрлі сұйықтарды енгізу.

Клизма түрлері: тазалау, сифондық, майлы, гипертониялық, дәрілік, қоректік тамшы.

Клизма және жел шығаратын түтікті қояр алдындағы науқас іш киімдерін шешу керек.

Сондықтан медбике манипуляция алдында науқаспен жоғары әдепке негізделген психологиялық дайындық жүргізуі керек.

Біріншіден, медбике науқасқа осы процедураны өткізу әрекетіне жас пен жынысына қарамастан көптеген науқастарға өткізетін әдеттегі манипуляция екендігін көрсету керек. Медбике манипуляцияны өткізетін шақта науқастың толық жекелеуін қамтамасыз ету қажет. Егер манипуляция палатада өткізілсе, медбике палатаның ауасын процедура аяқталған соң жеделдету керек. Клизма жасайтын бөлме дәретханаға жақын орналасқан дұрыс.

Клизма дегеніміз-тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және диагноз қою мақсатына әр түрлі сұйықтықтар жіберетін процесс.

Емдік клизма мына мақсатпен қолданылады:

а) ішекті тазалауға - тазалау, сифон, босату;

ә) дәрілік заттарды тоқ ішекке енгізу.

Өзара жергілікті және жалпы әсер етуіне, дәрілік микроклизма , тамызғыш клизма.

Диагноз қою мақсатымен клизманы жасайды:

а) ас қорыту, зәр шығару және жамбас мүшесін рентгенологиялық тексеруге дайындалғанда;

ә) тоқ ішекті эндоскопиялық тексеруге дайындағанда кейбір науқасқа клизма жасауға көрсеткіштер қарсы болып табылады:

-ас қорыту трактісінен қан кету;

-тоқ ішек немесе тік ішек аумағындағы жіті қабыну процесі;

-тік ішек қатерлі ісіктері;

-ас қорыту мүшелеріне операциядан кейінгі бірінші күндері;

-толық анықталмаған іш аурулары;

-тік ішек аумағының тілімдері немесе тік ішектің төмен түсуі.

Манипуляцияның орындар алдында мейірбике науқасқа психологиялық және физиологиялық дайындық өткізеді.

Психологиялық дайындық науқастармен әңгіме түрінде жүргізіледі:

-манипуляция сипаты;

-манипуляция кезіндегі науқастың сезімі ;

-манипуляция кезіндегі науқастың өзін ұстауы;

-манипуляция дан кейін науқастың өзін ұстауы.

Физиологиялық дайындық: -науқастың кушеткаға оң жақын қырынан тізесін бүгіп жатқызады;

-клизманы науқасты арқасына жатқызып және тізесін бүгу жағдайында жасауға болады.



Іш қатудың пайда болу қаупі. | Тазарту клизмасын қою

ІІІ. Процедураны аяқтау. | ІІІ. Процедураны аяқтау. | Жүрек қан - тамырлар жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс | ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ. | Жүрек -тамыр, жүйесін тексерудің инструментальді тәсілдері | Тақырыбы №17Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Асқазанды шаю. | Ас қорыту жүйесі ауруларына тән симптомдар | АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСЫ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ПРОЦЕСС | БІРІНШІ КЕЗЕҢ -ТЕКСЕРУ | Асқазанды жуу |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати