Головна

Мейірбикелік сырқатнама. Науқасты бақылау.

Мейірбикелік үрдіс - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми тәсілі, екі жаққа бірдей тиімді күтім жоспарын орындау мақсатында науқас пен мейірбикені қоршаған жағдайды және бұл кезде пайда болатын мәселелерді анықтаудың жүйелі жолы.

Мейірбикелік үрдіс денсаулық сақтау тәжірибесіндегі мейірбикенің орнын түсінудегі жаңалық. Оның барлық қызметі науқастың күтім қажеттігін қанағаттандыруға, науқастың тәуелсіздігін демеуге және қалыптандыруға бағытталған болуы керек.

Мейірбике ісін үйретудегі негізгі аспектілер:

1. Науқас.

2. Мейірбике ісі.

3. Қоршаған орта.

4. Денсаулық.

Еуропада ВОЗ қолданылатын аймақта мейірбике физиологиялық, психологиялық және әлеуметтікі қажетгіліктерді бағалайтын Вирджинии Хендерсон моделі ұсынылады.

Күнделікті қызмет түрлері (Хендерсон бойынша):

1. Қалыпты тыныс.

2. Адекватты су және ішу.

3. Қалыпты шығарылым.

4. Қимыл және түрлі қалып.

5. Ұйқы және дем алу.

6. Сәйкес киім таңдау, киіну, шешіну.

7. Дұрыс киімді таңдап, дене қызуын қалыпты деңгейде ұстау.

8. Денені күту жэне таза ұстау, сырқы әлпетті күту.

9. Айналадағы кауіпті факторларға жоламау және басқаға зиян келтірмеу.

10. эмоциямен басқалармен қарым- қатынас жасау.

11. рухани ойдың сақталуы.

12. нәтиже алып келетін жұмыс.

13. ойнау немесе демалу.

14. тану, қызығу. бір нәрсені ашу қалыпты дамуға және денсаулықтың жақсы болуына алып келеді.

Мейірбикелік урдістің кезеңдері, олардың мазмұны және өз ара байланысы.

I кезеңі - мейірбикелік зерттеу әдісімен жағдайды бағалау. Ол мынандай сәттерден тұрады:

«науқас жайында, субъективті, объективті деректер туралы қажетті мәліметтерді жинау;

- науқасты қоршаған психоәлеуметтік жағдайды бағалау;

- денсаулыққа әсер ететін қауіп факторларын, қоршаған орта туралы деректерді анықтау;

науқастың күтімді қажет етуін анықтау мақсатында жиналған мәліметтерді талқылау.

Қажеттік - адамның өмір бойғы сезінген, санасында бейнеленген, жете түсінген бір нәрсенің психологиялық немесе физиологиялық жеткіліксіздігі.

А. маслоу бойынша адамның негізгі

1. Тыныс алу

2. Тамақтану

3. Су ішу

4. Шығару

5. Ұйықтау, дем алу

6. Таза болу

7. Киіну, шешіну қажеттіктері

8. Дене температурасын сақтау

9. Дені сау болу

10. Қауіптерге жоламау

11. Қозғалу

12. Қарым-катынас жасау

13. тұрмыстық және рухани

байлықтарының болуы

14. Ойнау, оқу, жұмыс істеу

II кезең - науқастын күтіміндегі мәселелерді анықтау немесе мейірбикелік диагностикалау. Оған кіретіндер:

«науқастың нағыз және жасырын мәселелерін және оның күтімдегі қажеттігін анықтау;

- күтімнің маңызды мақсаттарын талдау, тезірек шешуді талап ететін маңызды мәселелерді анықтау;

«науқаспен оның анықталған мәселелері, канағаттандырылмаған қажеттіктері және алдыға койылған мақсаттар туралы сұхбаттасу. Ш кезең - кажетті көмекті жоспарлау. Оған жататындар:

- мақсаттарды белгілеу (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді); » науқаспен бірге күтім нәтижелерін анықтау;

- науқасқа көрсетілетін мейірбикелік іс-әрекет түрлерін анықтау (тәуелді, өзара тәуелді, тәуелсіз);

- мейірбикелік іс-әрекеттерді жоспарлау, оларды мына төмендегі тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асыру ұсынылады:

1. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.

2. Дәрігерлік тағайындауларды орындау.

3. Науқастың негізгі қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында оған ыңғайлы жағдай жасау.

4. Науқас пен оның жащясына психологиялық демеу жэне көмек көрсету.

5. Техникалык эрекеттер. ісшаралар жүргізу.

6. Денсаулықты нығайту жэне асқынулардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру.

7. Науқас пен оның жанұясы мүшелеріне кеңес беру, үйрету және сүхбатгасу.

«науқаспен күтім жоспарын талқылау:

«мейірбикелік күтім жүргізетін адамдарды күтім жоспарымен таныстыру.

IV кезең - күтім жоспарын жүзеге асыру.

Бүл кезең мейірбикелік күтімді келісілген жоспарға сәйкес үйлестіруді, кез келген бір мэселелердің салдарьшан койылған мақсатқа жету мүмкін болмаған жағдайда шешім қабылдауды талап етеді.

Бұл кезеңді қисынды негіздеу наукастың қажетгігін қанағаттандыру бойынша көмек көрсетуге және жоспарды орындауға катысатъш мейірбике мен баска адамдардың біліміне, ептілігіне, дағдыларына жүгінеді.

Жоспарды жүзеге асыруда науқаспен және оның туыстарымен сұхбаттасу, оларды күтім жасауға үйрету ерекше орын алады.

V кезең - мейірбикелік күтімді қорытынды бағалау, нәтижелерін бағалау. Оған кіретіндер:

- кол жеткен нәтижелерді жоспарланған мақсатпен салыстыру;

- жоспарланған іс-әрекеттің нәтижелілігін бағалау;

- егер күткен нәтижеге қол жетпесе, онда бағалауды және жоспарлауды жалғастыру;

- мейірбикелік процестің барлық кезеңдерін сыншыл талдау және қажетті түзетулер енгізу.

Үйлестіруді тәжірибелі, жоғары мамандандырылған мейірбике орындауы қажет. Мейірбикелік процесс мейірбикелердің өздері анықтап, бекіткен мейірбикелік сырқатнамаға немесе мейірбикелік күтім мен бақылаудың картасына жазылады.

Мейірбикелік сырқатнама

Наукастың аты жөні...

Бөлімше: ...

Палата:...

1 Тексеру: 1 Сұрау, қарау, бағалау, Қараған күндер

(күнді, сағатты, минутты көрсету)

қорытындылау.

1. Тексерген кездегі шағындары: ауру сезімі (орналасу орны, сипаты, ; ұзақтығы, науқастың ауру сезіміне 1 берген реакциясы)

2. Есі

3. Бет әлпеті

4. Эмоциональді статус (көңіл-күйі, көңіліне тез алу, тез ренжу және т. б жеке тұлғаның қасиеттері)

5. Ұйқы

- күндіз ұйықтауға бейім

-ұйқының бұзылуы

6. Тері мен кілегей қабаттың жағдайы -ісінудің болуы (орналасу орнын көрсету)

7. Дене қызуы - таңертең - кешке

8. Тыныс: өзіндік, дауыстың өзгеруі, тыныс алу жиілігі, тыныс сипаты, ентігу сипаты, қакырық сипаты, жөтел сипаты, қан кақыру

9. Тамыр соғуы, оның 1 минуттағы сипаты, ырғағы, толымдылығы, қатаңдығы

10. Екі қолдағы АҚҚ. - Сол: -Оң:

11. сезім мүшелері: -есту, - көру, -иіс сезу, - сипап сезу, - дәм сезу, - сөйлеу.

12 Ауыз қуысын қарау: - протез бар жоғын

13 Тағам қабылдау: -

№ емдәмдік мәзір,

- тәбет: (сақталған, жоғарылаған, төмендеген);

- сұйықтық ішу:

шектелген, көп мөлшерде, өзгеріссіз.

- өзі ішеді,

- ішкізетін кұрал арқылы ішеді,

- жұтынуы (еркін, қиындаған, өтпейді),

-басқа да мәліметтер.

14 Нәжістің сипаты

15 Несептің сипаты, зәр шығару

16 Қимыл белсенділігі: қолдың треморы, қимылының бұзылуы, парездер, параличтер

17 Зәр шығару:

өз еркімен,

зэәр ұстамау,

зәр қабылдағыш,

катетер

18. Нәжіс:

өз еркімен,

нәжіс ұстамау,

клизма көмегімен,

дәрет ыдысы,

нәжіс қабылдағыш,

колостома не басқа стома

19. Қимыл қабілеті:

өз еркімен жүру,

төсекте,

басқа адамның көмегімен қимылдайды,

қосымша зат қолданылады (сүйеніш, коляска, арба).

палата ішінде жүреді,

дәретханаға дейін бара алады, - сыртқа шығуға

20 келуін күтеді)

21. Науқастың жүйкелік-психикалык жағдайы: бақылаған жағдайды сипаттау: (өзін-езі ұстау, калпы, сөйлеуі, реакциясы, көңіл куйі, эмоционалді жағдайы, орналаскан орнын. уакытты, айналадағыларды және өзін-өзі тан

22. Қажеттіктердің бұзылуы:

- тыныс алу

- тамақтану

- су ішу

- шығару

- ұйыктау, дем алу

- таза болу

- киіну

- шешіну

- дені сау болу

- козғалу

- қауіптерге жоламау

- қарым-қатынас жасау

- дене температурасын сақтау

тұрмыстық және рухани байлықтарының болуы

23 Күтім кезіндегі науқастын тәуелсіздік дәрежесі Өзін өзі күту (тәуелсіздік дәрежесі) - өзін өзі куту, жартылай тәуелді, біреудің көмегімен, толығымен тәуелді

Мейірбикелік диагноз - бұл мейірбикенің араласуын қажет ететін және мейірбикенің тексеру нәтижесінде қойылатын науқастың денсаулығының жағдайы. Мейірбикелік диагноз дәрігерлік диагнозды айырмашылығы:

- дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік - ағзаның өзінің жағдайына берген реакциясын анықтауға мақсатталады;

дәрігерлік диагноз аурудың ағымында өзгермеуі де мүмкін. Мейірбикелік диагноз әр күн сайын өзгеруі мүмкін немесе ағзаның реакциясының өзгеруіне байланысты күніне бірнеше рет өзгеруі мүмкін;

- дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибе деңгейіндегі емді тағайындайды, ал мейірбикелік - мейірбикелік араласу онын компетенциясымен тәжірибесіне байланысты;

Дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістердін тууына байланысты болады. Мейірбикелік - көбіне науқастың жағдайына байланысты болады.

 

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Медбикелік үрдіс түсінігі.

2. Медбике ісінің қазіргі заманға сай моделдері.

3. Медбикелік үрдістің кезендері.

4. Адамның негізгі қажеттілігі.

5. «Медбикелік үрдістің» әр кезеніндегі медбикенің міңдеттері.

6. Медбикелік құжаттарды жүргізу.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г. т., ЕшоваГ. а. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С. а., Тарновская И. и., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С. а., Тарновская И. и., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И. и., Шикорова Н. в. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т. п. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т. морозова Г. и. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. - М., 2008год

3. Т. п. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т. п. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.

 



Леуметтік медициналық мәселелер | Тақырыбы №15 Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Оксигенотерапия.

БУЫНДЫ ТЕСУГЕ ДАЯРЛАУ | СҮЙЕГІН ТЕСУГЕ ДАЙЫНДАУ | НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ЖҰЛЫН (люмбальды) ПУНКЦИЯСЫНА ДАЙЫНДАУ | Тақырыбы № 13Жасанды тамақтандыру | ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ МҰРЫН-АСҚАЗАН СҮҢГІСІ АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ | ГАСТРОСТОМАНЫ КҮТУ | НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ | Парентеральды немесе қоректік заттарды қан тамыры арқылы жіберу | Мейірбикелік үрдіс | Пирамиданың 1-ші сатысы. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати