Головна

Антигендер макроорганизмге енген кезде болатын процестер.

Антигендердің организмге енуі және олардың иммундық жүйемен кездесуі сатылап өтіп, біраз мерзімге созылады. Антиген ағзаға кірген және тараған кезеңдерінде иммунитеттің организмде кең тараған әр түрлі факторларының қуатты қарсыласуымен үнемі кездесіп отырады.

Антигеннің организмге енуі мен тарауның әр түрлі тәсілдері бар. Олар организмнің өз бойынан (эндогендік шығу тегі), не тыстан (экзогендік шығу тегі) тарауы мүмкін. Шығу тегі бойынша экзогендік антигендер организмге мынандай жолдармен енуі мүмкін:

1) тері және шырышты қабықша арқылы (жара, микрожарақат, жәндік шағуы, қасыну т.б.);

2) ішек-қарын жүйесі арқылы сіңірілуі (эпителиалдық жасушалардың эндоцитозы);

3) жасуша арасындағы саңлау арқылы (аяқталмаған фагоцитозда, не болмаса жасуша ішінде өсетін облигаттық паразиттердің көмегімен);

4) тікелей жасуша арқылы (жасуша арқылы тарайтын облигатты паразиттер, мысалы-вирустар).

Антиген организмде лимфа (лимфогендік жол) және қанмен (гематогендік жол) басқа ағзаларға, тіндерге тарайды. Антигеннің организмге тарауы белгілі бір ретпен жүреді, ол көбінесе лимфа түйіншектерінде, бауырдың лимфоидтық тінінде, көк бауырда, өкпеде және басқа ағзаларда сүзіліп, сол жерлерде иммундық қорғаныс факторларымен қатынасқа түседі. Ол факторлардың жауабы ретінде антигендер бейтараптанып организмнен тысқа шығарылады. Бұл процесс жүрген кезде бірінші күрес бастаушы тұқым қуалайтын иммунитеттің факторлары болады, олардың күрделігіне және де әр түрлілігіне қарамастан белсенділігін арттыруына ұзақ уақыт керек емес. Егерде антиген 4 сағаттың арасында бейтарапталып тысқа шығарылмаса, онда иммунитеттің жүре пайда болған жүйесінің факторлары іске кіріседі. Олардың әсерінің нәтижелігі «өзімдік-бөтен» спецификалықты тану және де реттеуші әрі иммундық қорғау факторларын (спецификалық антидене, антиген, реактивті лимфоциттердің клоны) бөліп шығару арқылы қамтамасыз етіледі. Процеске қатысу дәрежесіне қарамастан макроорганизмнің иммунды қорғанысының барлық буыны мен деңгейінің ақтық тиімділігі мыналарға бағытталған:

1) антиген молекуласының белсенді учаскесін байланыстыру;

2) антигенді бұзу, не бөліп тастау;

3) толық ыдырату, оқшаулау (капсуламен қоршау), не болмаса антигеннің қалдығын макроорганизмнен шығару.

Айта келгенде гомеостаз толық немесе жартылай қалпына келтіріледі. Сонымен қатарласып иммундық еске сақту, толеранттық, немесе аллергия пайда болады.



Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың негізгі CD- маркерлері | Иммундық жүйенің құрлымдық және функционалдық элементтері

Фагоцитоз | Комплемент | Интерферон | Жалпы түсінік | Антигендердің қасиеттері | Антигендердің жіктелуі | Адамның қан тобының антигендері | Гистосәйкестік антигендері. | Атерлі ісіктің пайда болу механизіміне қатынасты антигендер. | СД-антигендер. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати