На головну

Алматы, 2015

  1. АЛМАТЫ, 2006
  2. Алматы, 2015г.

СИЛЛАБУС

«Фармакологии 2» пәнінен Far-2 3214

051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

Фармакология модулі

Курс үшінші Бесінші, алтыншы семестр

Практикалық сабақтар 30 сағат

Студенттің оқытушы жетекшілігімен

өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 30 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) 30 сағат

Барлығы 90 сағат (2 кредит)

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2015

Силлабус 2012 жылдың ҚР МЖМБС негізінде 051301 -«Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына және 2012 жылдың 23 тамыз айындағы №1080 ҚР Үкімет қаулысына сәйкес м.ғ. к. Г. б. Айтжанова, аға оқыт Есетова Қ.Ө. қатысуымен құрастырылды (ҚазҰМУ Ғылым Кеңесінің мәжілісінде бекітілген, №8 хаттама, 27.03.2012 ж.). Силлабус фармакология модулінің отырысында қарастырылды және мақұлданды.

Хаттама № «____», «____» _____2014 ж.

Фармакология модулі жетекшісі, м.ғ. к. Г. б. айтжанова

1. Жалпы мәліметтер:

1.1. ЖОО атауы:С. ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

1.2. Модуль:фармакология

1.3. Пән:«Фармакология 2», Far-2 3214

1.4. Мамандық:051301 «Жалпы медицина»

1.5. Оқу сағаттарының (кредиттер) саны -90 сағат, 2 кредит

1.6. Оқытылатын курс және семестр- 3 курс, 5, 6 семестр

1.7 Оқытушылар жайлы мәліметтер:

Аты -жөні   Қызметі Ғылыми дәрежесі Қызығушылық тудыратын ғылыми саласы , жетістіктері
Айтжанова Гулзира Байдиллаевна. Модуль жетекшісі, доцент м.ғ. к. Фитопрепараттарды қолдану ерекшеліктері
Изатова Айгуль Есенгельдиновна Доцент м.ғ. д. Кардиологияда қолданылатын препараттардың ерекшеліктері
Есетова Қамажай Өтениязовна Аға оқытушы м.ғ. к. Аритмияға қарсы заттар
Кантуреева Гульзахира Тасыбаевна Оқытушы - Гастроэнтерологияда қолданылатын препараттардың ерекшеліктері
Мамашева Гульмира Мухтаровна Оқытушы - Полипрагмазия

1.8 Байланыс ақпараттары:

Алматы қ, Ақан Сері көшесі 34, 1 қабат (интеграциялап оқыту орталығы)

Жұмыс. тел. 8(3272) 35-18-20

1.9 Пән саясаты:

- сабаққа кешікпей келу;

- студенттер сабаққа және дәрістерге тек ақ халатпен жіберіледі;

- сабақты себепсіз жіберуге болмайды;

- жіберілген сабақтарды өтеу кестесіне сәйкес қайта өтеу;

- оқу үрдісіне белсенді қатынасу;

- дозасын білуге және талдауға арналған препараттарды рецепте жаза білу;

- СӨЖ талаптарға сәйкес және белгіленген уақыттан қалдырмай өткізу; СӨЖ бойынша 2 тақырыпты міндетті түрде тапсыру керек;

- аралық бақылауды толығымен тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді;

- белгілі себеппен сабақты босатқан студенттерге деканаттың жарлығы бойынша сабақты өтеуге рұқсат етіледі;

- практикалық сабақ, аралық бақылау, емтихан барысында ұялы телефонды, шпаргалка және т. б. құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Фармакология науқас адамның организміне дәрілік заттардың тигізетін әсерін зерттейді. Фармакологияның басты міндеттеріне неғұрлым тиімді дәрілік қалыптар мен оларды қабылдау тәртібін анықтау, дәрілік затты енгізу жолын анықтау, дәрілік заттың әсерін бақылау, дәрілік заттың жанама әсерінің алдын алу және жою, жаңа фармакологиялық заттарды сынақтан өткізу, дәрілік препараттарды неғұрлым тиімді және қауіпті қолдану әдістерін жасап шығару, ескі препараттарды клиникалық зерттеу және қайта бағалау, медициналық қызметкерді ақпараттық қамтамасыздандыру және кеңес берулер жатады.

Оған қоса, фармакология түрлі жағдайларда дәрілік заттардың жанама әсерлерін, әсер ету ерекшеліктерін (егде жас, жүктілік және т. б.), оларды жұптастырып қолданғанда өзара әсерлесуін, дәрілік заттардың фармакокинетикасына тағамның әсерін зерттейді. Көрсетілген сұрақтар бойынша заманауи мәліметтер дәрілік заттарды таңдаудың және оларды әр науқас үшін жеке дозалау тәртібінінің неғұрлым тиімді және қауіпсіз ретін құрастыруға көмектеседі.

Фармакологияның ілгерілеуі клиникалық пәндердің дамуына ықпал етуде. Соңғы жылдар фармакологияның шапшаң дамуымен, дәрілік заттардың жаңа топтарының пайда болуымен есте қалды, соның нәтижесінде фармакотерапия көптеген ауруларды емдеудің әмбебап әдісі болып қалыптасты. Сонымен, фармакология медициналық білім беру жүйесінде маңызды орын алады, сондықтан әр дәрігер мамандығына байланыссыз фармакологияның басты бағыттарын жақсы білуі қажет.

2.2 Пәннің мақсаты: әртүрлі патологиялық жағдайлар кезінде препараттарды рационалды таңдау үшін дәрілік заттар фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы білімін қалыптастыру.

2.3 Пәннің міндеттері:

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент келесі компетенцияларды игеруі қажет:

Когнитивті компетенция:

1. Патологиялық үрдістерді реттеуге бағытталған дәрілік препараттар тобының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмдері мен негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру;

2. Қолдануға қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу туралы білімді қалыптастыру.

3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

4. Терапияның тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

5. Түрлі патологиялық жағдайларда дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.

Операционалды компетенция:

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

3. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін тани білу, оның алдын алу және болдырмау.

4. Шұғыл көмек көрсету үшін дәрілік заттарды таңдай білу.

5. Жаңа дәрілік заттар жайында хабардар болу және олардың кең таралған синонимдерін білу.

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакологияның мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы рецептте жазу, босату, сақтауды реттеуші ҚР негізгі заңнамалық актілері.

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

2.5. Пререквизиттер:гистология, қалыпты физиология, патологиялық физиология, патологиялық анатомия.

2.6. Постреквизиттер:ішкі аурулар пропропедевтикасы

2.7. Фармакология пәнінің құрылымы

Жүйе бойынша компетенциялар: Пәннің мазмұны
«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: · жүйке жүйесіне әсер ететін негізгі препараттардың жіктелуін; · келесі синдромдарды емдеу-дің негізгі принциптері: - ишемия және геморрагиялық инсульт синдромдарын; - тырысу синдромын; - ми қабаттарының зақымдану синдромын (менингиттер)   Студент жасай білуі тиіс: - жүйке жүйесінің патология-лары кезінде дәрілік заттарды таңдай және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - жүйке жүйесінің патологиялары кезінде қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жазу, бір реттік дозасын есептеу: Жүйке жүйесінің қызметіне әсер ететін заттар. Инсульт кезіндегі дәрілік ем принциптері. Ми қанайналымының жедел бұзылыстарын дифференцирленген емінің негізгі бағыттары - ишемиялық аймақта адекватты перфузияны қалыптастыру және ишемия ошағын шектеу, қанның реологиялық және ұю қасиетін қалпына келтіру, ишемияның зақымдаушы әсерінен нейрондарды қорғау және жүйке тінінің репаративті үрдісін ынталандыру.   Нейрометаболикалық заттар: ноотроптар мен церебропротекторлар (пирацетам, глицин, семакс, церебролизин және т. б.), әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Эпилепсияның консервативті емі. Ұстаманың түріне және эпилепсияның формасына байланысты эпилепсияға қарсы препараттарды таңдау. Қазіргі эпилепсияға қарсы препараттардың артықшылықтары (ламотриджин, тиагабин және т. б.). Балаларда қолдану ерекшеліктері. Ми қабаттарының зақымдану синдромы (менингиттер). Менингит фармакотерапиясының негізгі принциптері. Нейроинфекциялар кезінде қолданылатын антибактериялық заттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Балаларда қолдану ерекшеліктері.
«ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ»
  Студент білуі тиіс: - гипо- және гипертиреоз, гипо- және гипергликемия, гипо- және гиперкортицизмнің этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емінің негізгі принциптерін; - келтірілген синдромдар кезінде қолданылатын дәрілік заттарды. Студент жасай білуі тиіс: - эндокринді жүйе патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - эндокринді жүйе патологияларында қолданылатын препараттарға рецепт жазуды, дозасын есептеуді. Эндокринді жүйе мүшелерінің зақымдануында қолданылатын дәрілік заттар: Гипо-, гипертиреозда қолданылатын дәрілік заттар, олардың зат алмасуына әсері. Қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Ұйқы безі гормондарының препараттары. Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Диабетке қарсы пероралды синтетикалық заттар, әсер ету механизмдері, жанама әсерлері. Балаларда қолданылатын инсулиннің негізгі препараттары. Гипогликемия синдромында қолданылатын заттар (глюкагон, адреналин гидрохлориді, глюкоза). Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын препараттар (глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар). Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Семірудің фармакотерапиялық принциптері. Анорексигенді заттар - сибутрамин, липаза ингибиторлары - орлистат (ксеникал), қант алмастырушысы - олестр. Әсер ету механизмдері. Қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері.
«ҚАН ТҮЗУ ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: · келесі синдромдарды емдеуде қолданылатын негізгі препараттарды: - анемияда; - геморрагиялық синдромда; - миело- және лимфопролифера-тивті синдромды. - ҚІШҚҰ синдромында Студент жасай білуі тиіс: - қан түзу жүйесінің патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - келесі синдромдарда қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жазу: ü тапшылықты анемияда; ü геморрагиялық синдромда; ü миело- және лимфопроли- феративті синдромында; дозасын есептеуді Анемия синдромында қолданылатын заттар. Темір препараттары. препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері, педиатриялық практикада қолданылу ерекшеліктері. Аскорбин қышқылының темірдің сіңірілу үрдісі кезіндегі рөлі. Цианокобаламин, фоль қышқылының фармакотерапиялық әсерінің механизмдері. Қолдану көрсеткіштері. Болуы мүмкін жанама әсерлері. Бағдарлама бойынша препараттар: темір сульфаты және құрамында темірі бар препараттар (сорбифер Дурулес, тардиферон), темір фумараты (ферронат, хефенол), темір хлориді (гемофер), темір тотығының сульфаты (актиферрин, тардиферрон, ферроградумет), ферковен, феррум лек, кешенді темір препараттары (мальтофер, ферлатум), эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, фоль қышқылы. Геморрагиялық синдром кезінде қолданылатын заттар. Тікелей және тікелей емес әсерлі антикоагулянттар, фибринолиз тежегіштері, тромбқа қарсы заттар, қантамырларының өткізгіштігіне әсер ететін заттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Миело- және лимфопролиферативті синдромда қолданылатын препараттар. Цитостатиктер: Циклофосфан, цисплатин, хлорбутин, нитрозометилмочевина, ломустин, кармустин, миелосан, метотрексат, меркаптопурин, фторурацил, цитарабин; өсімдік тектес препараттар: винкристин; антибиотиктер: доксорубицин; цитокины, моноклоналды антиденелер
«ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: - жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттарды; - артериялық гипертензия кезіндегі этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емнің негізгі принциптерін; - тәждік жетіспеушілік синдромы, артериялық гипотензия, кенет өлім синдромы, ырғақ бұзылысы синдромы, жүректің жедел және созылмалы жетіспеушілігі, жүрек ақаулары туралы; Студент жасай білуі тиіс: - жүрек-қантамыр патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және қолдану көрсеткіштерін; - дәрілік қалыпты таңдау және қолдану әдістерін; - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдауды; - жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы кезінде қолданылатын препараттарға рецепт жазу, бір реттік дозасын есептеу Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін заттар. Кардиотоникалық дәрілік заттар, әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Балалардағы ерекшеліктері. Тәждік жетіспеушілік синдромында қолданылатын заттар. Жіктелуі (нитраттар, β-блокаторлар, кальций антагонисттері, триметазидин), әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. ЖИА емдеудегі антикоагулянттар, антиагреганттар, фибринолитиктер. Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын емдеуде гипохолестеринемиялық препараттарды таңдау. Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттар, жіктелуі және әсер ету механизмі, негізгі препараттардың фармакологиялық әсерлері, қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері. Артериялық гипертензия синдромында қолданылатын заттар, негізгі 4 топтың сипаттамасы (ААФ ингибиторлары, тиазидті диуретиктер, кальций каналының блокаторлары, β-блокаторлар). Артериялық гипертензия синдромын емдеуде қолданылатын препараттарды таңдау. Жұптастырылған ем. Негізгі препараттардың әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Артериялық гипотензияны емдеуде антигипотензивті заттар, көрсеткіштері, жанама әсерлері, түзету. Жүректің жедел жетіспеушілігін емдеуде дәрілік заттарды қолдану принциптері. Жұптастырылған ем. ААФ ингибиторларының, диуретиктердің, β-блокаторлардың, жүрек гликозидтерінің жүректің жедел жетіспеушілігін жұптастырып емдеудегі рөлдері. Балалардағы ерекшеліктері. Жүрек-қантамыр патологиялары кезінде фитопрепараттарды қолдану патологии (долана, тау арникасы, мамырлық меруертгүл, көктемгі жанаргүл, строфант тұнбасы, шағын барвинок жапырақтары, кәдімгі барбарис, валериана тамыры, сасықшөп, түкті оймақгүл, алқызыл оймақгүл, желтушник раскидистый, желтушник левкойный) Кардиопротекторлар, ангиопротекторлар
«ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: - тыныс алу мүшелерінің қызметіне әсер ететін заттарды; - бронх өткізгіштігі бұзылысы, тыныс жетіспеушілігі, өкпе тінінің тығыздану синдромының этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емінің негізгі принциптерін. Студент жасай білуі тиіс: - тыныс алу жүйесі патологиясы кезінде дәрілік заттарды таңдау және қолдану көрсеткіштерін; - дәрілік қалыпты және қолдану әдісін таңдай білуді; - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді; - тыныс алу жүйесі патологияларында қолданылатын препараттарға рецепт жазуды. Тыныс алу жүйесіне әсер ететін заттар. Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромында қолданылатын заттар: · қабынуға қарсы (ингаляциялық глюкокортикостероидтар, мембранатұрақтандырушы (натрий кромогликаты, недокромил- натрий, кетотифен) заттар; · бронходилататорлар: қысқа және ұзақ әсер ететін β-агонисттер, м-холиноблокаторлар (ипратропий бромиді, тиотропий бромиді), фосфодиэстаразаның тежегіштері. Өкпе тінінің тығыздануы синдромында қолданылатын заттар: · ауруханадан тыс пневмонияда қолданылатын антибактериялық заттар, жіктелуі, антибиотиктердің әсер ету механизмі, синтетикалық антибактериялық заттар. Балаларда дозалау схемасының ерекшеліктері. · Қақырық түсіретін және муколитикалық заттар: препараттардың жіктелуі. Қақырық түсіретін заттардың әсер ету механизмі. Дозалау тәртіптері. Енгізу жолдары. Жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. · Жөтелге қарсы заттар, жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдану ерекшеліктері. · Тыныс алуды ынталандыратындар, жіктелуі, қолдану ерекшеліктері. · Тыныс жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттар. Этил спиртінің көбікбасушы әсері. Балаларда, қарттарда және жүкті әйелдерде ТЖ патологияларының фармакотерапиясының ерекшеліктері.
«АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: · Келесі синдромдар кезіндегі фармакотерапияның негізгі принциптерін: - дисфагия синдромы. - асқазандық және ішектік диспепсия синдромы. - сарғаю синдромы. - бауыр жетіспеушілік синдромы - ұйқы безінің сыртқы секреторлық жетіспеушілік синдромы; · Келтірілген синдромдар кезінде қолданылатын дәрілік заттарды. Студент жасай білуі тиіс: - Ас қорыту жүйесі патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - ас қорыту жүйесі патологияларында қолданылатын препараттарға рецепт жазуды, дозасын есептеуді. Эрадикациялық ем жүргізілгенде қолданылатын антимикробты заттар (амоксициллин, кларитромицин, метронидазол, тетрациклин, фуразолидон, висмут субцитраты). Антисекреторлы заттар: Протондық насостың ннгибиторлары, Н2-гистаминоблокаторлар, М-холиноблокаторлар. Әсер ету механизмдері. Қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Енгізу жолдары. Жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Антацидті заттар. препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Гастропротекторлар. простагландиндердің синтети- калық аналогтары (мизопростол). Шырышты қабатты механикалық қорғайтын және оның қорғаныс функциясын арттыратын препараттар. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Асқазан-ішек жолдарының моторикасына әсер ететін заттар, спазмолитикалық заттар, іш айдағыштар мен диареяға қарсы заттар (метоклопрамид, домперидон, м-холиноблокаторлар, дротаверин, пинаверий бромиді, мебеверин, лактулоза және т. б.). Жіктелуі. Әсер ету механизмдері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Ішек микрофлорасын қалпына келтіретін препараттар (бифидумбактерин, лактобактерин, линекс, лактулоза, хилак форте, ішек таяқшасы-протейлік бактериофаг) Өт айдағыш заттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмдері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Гепатопротекторлар. Жіктелуі. Әсер ету механизмдері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Ұйқы безінің экскреторлы қызметі бұзылғанда қолданылатын заттар. Ұйқы безінің қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын орын басушы заттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері.
«НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: - несеп шығару және репродуктивті жүйенің патологиясында қолданылатын дәрілік заттарды; - нефриттік синдром, нефротикалық синдром, зәрлік синдром, бүйрек жетіспеушілігі синдромы (жедел және созылмалы), бүйректік артериялық гипертензия синдромы, жыныстық және репродуктивті жүйе дамуының бұзылу синдромы (анорхизм, монорхизм, қуық экстрофиясы, дисменорея) этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емінің негізгі принциптерін. Студент жасай білуі тиіс: - зәр шығару жүйесі патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - зәр шығару жүйесі патологияларында қолданылатын препараттарға рецепт жазуды, дозасын есептеуді. Зәр шығару жүйесінің аурулары кезінде қолданылатын заттар. Зәр айдағыш заттар. Карбоангидраза тежегіштері, осмостық диуретиктер, ағзадан негізінен натрий, калий және хлордың шығарылуын арттыратын заттар (ілмектік диуретиктер), ағзадан натрий мен хлордың шығарылуын арттыратын заттар (тиазидтер мен тиазидтәрізді диуретиктер), минералокортикоидты рецепторлардың антагонисттері (альдостеронның антагонисттері, калийсақтаушы диуретиктер), бүйректік эпителиалды натрий каналдарының ингибиторлары (альдостеронның тікелей емес антагонисттері, калийсақтаушы диуретиктер). Әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Нефрологияда қолданылатын қан ұю жүйесіне әсер ететін заттар. тікелей әсерлі антикоагулянттар (гепарин), антиагреганттар (аденозиндезаминаза ингибиторы - дипиридамол). Әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Глюкокортикоидтармен (преднизолон) және цитостатиктермен (циклофосфамид, хлорамбуцил, циклоспорин) иммуносупрессивті емдеу. Глюкокортикоидтар мен цитостатиктерді жұптастырып қолдану. Әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Созылмалы гломерулонефриттің жұптастырылған емі. Үшкомпонентті (цитостатиктер немесе глюкокортикоидтар, антиагерганттар, гепарин) және төрткомпонентті сызба бойынша (глюкокортикоидтар, цитостатиктер, антиагреганттар, гепаринді фенилинге ауыстырып). Әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Микробқа қарсы заттар, зәр шығару жолдарының инфекциясында қолданылатын (бета-лактамдар, аминогликозидтер, фторы бар және фторы жоқ хинолондар, нитрофурандар және т. б.). Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Репродуктивті жүйеге әсер ететін заттар. Жыныстық даму бұзылысында қолданылатын заттар. Стероидты жыныс гормондары (андрогендер мен эстрогендер). Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, дозалау тәртібі, жанама әсерлері. Зәр-тас ауруларын емдеудің негізгі бағыттары. Уратты, фосфатты және оксалатты тастар кезінде қолданылатын препараттар. Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, дозалау тәртібі, жанама әсерлері.   Бүйректің жедел және созылмалы жетіспеушілігінде қолданылатын заттар. Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, дозалау тәртібі, жанама әсерлері. Жоғарыда көрсетілген препараттарды балаларда дозалау ерекшеліктері.
«ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: - буындық синдром кезінде қолданылатын заттарды. Студент жасай білуі тиіс: - тірек-қимыл аппаратының патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - тірек-қимыл аппаратының патологияларында қолданылатын препараттарға рецепт жазу, дозасын есептеуді Қаңқаның қалыптасуына әсер ететін және кальций-фосфор алмасуын реттейтін препараттар. «Д» витаминінің препараттары. Фосфор-кальций алмасуына әсер ететін заттар, қолдану көрсеткіштері. Кальцийдің қазіргі препараттары. Жіктелуі, әсер ету механизмдері, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Остеоартроз кезінде қолданылатын заттар (хондроитин сульфаты, глюкозамин). Қабынуға қарсы стероидты емес және стероидты заттар. Ревматоидты артрит кезінде қолданылатын базисті препараттар (метотрексат, алтын препараттары, сульфасалазин, пенициламин, циклофосфамид және т. б.). Жіктелуі, әсер ету механизмдері, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері.

Фармакология -2 сағаттарын модуль бойынша бөлу

Модуль Сағаттардың жалпы саны Аудиториялық сағаттар СӨЖ
Барлығы Практикалық сабақтар СОӨЖ
Жүйке жүйесі
Эндокринді жүйе
Қан түзу жүйесі
Жүрек-қан тамыр жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Ас қорыту жүйесі
Несеп жыныс жүйесі
Тірек-қимыл жүйесі
  Барлығы

2.8. Тақырыптық жоспар: тақырыптар,әр сабақты өткізу түрі мен ұзақтығы ( практикалық сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ)

2.8.1. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

Практикалық сабақтардың тақырыптары Өткізу түрі Сабақтың ұзақтығы, сағатпен    
   
Жүйке жүйесі    
Жедел және созылмалы ми қанайналымыбұзылысындақолданылатынзаттар Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау    
Ми қабаттарының қабыну ауруларын этиопатогенетикалық және симптоматикалық емдеудің негізгі жолдары Тақырыпты талқылау, практикалық дағдыны игеру, талдауымен рецепт жазу    
Эндокринді жүйе    
Гипергликемия және гипогликемияд қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау    
Қан түзу жүйесі    
Анемиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдарды емдеудің негізгі принциптері Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау    
Геморрагиялық синдромды емдеудің негізгі принциптері Тақырыпты талқылау, практикалық дағдыны игеру, талдауымен рецепт жазу    
Жүрек-қантамыр жүйесі    
Тәждік жетіспеушілік синдромында қолданылатын заттар.   Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау  
Артериялық гипертензия синдромында қолданылатын заттар Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау, практикалық дағдыны игеру, талдауымен рецепт жазу  
Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттар   Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау  
Тыныс алу жүйесі  
Тыныс алу жүйесі патологияларында қолданылатын антибактериялық препараттар. Балаларда дозалауерекшеліктері. Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау  
Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромында қолданылатын заттар. Балаларда дозалау ерекшеліктері. Тақырыпты талқылау, практикалық дағдыны игеру, талдауымен рецепт жазу  
Ас қорыту жүйесі  
Дисфагия және асқазандық диспепсия синдромында қолданылатын заттар. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау  
Гепатобилиарлы патологияларда қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Тақырыпты талқылау, практикалық дағдыны игеру, талдауымен рецепт жазу  
Несеп-жыныс жүйесі  
Зәр шығару жүйесі қабыну ауруларының микробқа қарсы емі. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау  
Гломерулонефриттің әртүрлі түрлерінің фармакотерапиясының принциптері. Тақырыпты талқылау, практикалық дағдыны игеру, талдауымен рецепт жазу  
Тірек-қимыл жүйесі  
Буындық синдромдар кезінде қолданылатын қабынуға қарсы заттар. Жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар және жағдайлық есептерді шешу, оқытудың белсенді әдістері, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелер, суреттер, сызбаларды талдау, электронды оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыс жасау  
  Барлығы    

2.8.2. СОӨЖ тақырыптық жоспары

СОӨЖ тақырыптары Өткізу түрі Сабақтың ұзақтығы, сағатпен  
 
Жүйке жүйесі  
«Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау (коллоквиум) Тақырыптар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу  
Эндокринді жүйе  
Қалқанша безінің функциясы төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын заттар. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу, кестелер және оқулықтармен жұмыс жасау  
«Эндокринді жүйе» модулі бойынша аралық бақылау (коллоквиум) Тақырыптар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу  
Қан түзу жүйесі  
«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау (коллоквиум) Тақырыптар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу  
Жүрек-қантамыр жүйесі  
Артериялық гипотензия синдромында қолданылатын заттар Тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу, кестелер және оқулықтармен жұмыс жасау  
Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік препараттар Пікірталас, тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу, кестелер және оқулықтармен жұмыс жасау, оқытудың интерактивті әдістері  
«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау Тақырыптар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу  
Тыныс алу жүйесі  
Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар. Оларды балаларда қолданудың ерекшеліктері Пікірталас, тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу, кестелер және оқулықтармен жұмыс жасау, оқытудың интерактивті әдістері  
Қақырық түсіретін препараттар. Жөтелге қарсы заттар. Балаларда қолданудың ерекшеліктері. Тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу, кестелер және оқулықтармен жұмыс жасау  
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау (коллоквиум) Тақырыптар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу  
Ас қорыту жүйесі  
Ұйқы безінің сыртқы секреторлы жетіспеушілігін емдеудің негізгі бағыттары Тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу  
Ішек диспепсиясында қолданылатын дәрілік заттар. Балаларда қолданудың ерекшеліктері Пікірталас, тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу  
«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау Тақырыптар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу  
Несеп-жыныс жүйесі  
Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі емінің негізгі бағыттары. Балалардағы БСЖ фармакотерапиясының ерекшеліктері Пікірталас, тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу  
Жыныстық жетілуге әсер ететін негізгі гормондық заттар Пікірталас, тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу  
«Несеп-жыныс жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау (коллоквиум) Тақырыптар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу  
Тірек-қимыл жүйесі  
Қаңқа қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуының реттелуіне әсер ететін заттар. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері Пікірталас, тақырып бойынша кеңес беру, кіші топтарда жұмыс жасау, өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу  
«Тірек-қимыл жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау (коллоквиум) Тақырыптар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу  
  Барлығы    

2.8.3. Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары

СӨЖ тақырыптары Өткізу түрі Сабақтың ұзақтығы
Жүйке жүйесі
Тырысу синдромын емдеу принциптері Рефератты даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Эндокринді жүйе
Семіру фармакотерапиясының принциптері Кесте-сызбаны даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Бүйрек үсті безі жетіспеушілігі синдромында қолданылатын дәрілік препараттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері Презентацияны даярлау. Оқужәнеқосымшаәдебиеттермен, ақпараттың электронды тасымалдауыштарымен жұмысжасау. Баллдық жүйе бойыншаоқытушыныңбағалауы
Қан түзу жүйесі
ҚТШҚҰ-синдромы емінің принциптері Рефератты даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Жүрек-қантамыр жүйесі
Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары кезінде фитопрепараттарды қолдану Презентацияны даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен, ақпараттың электронды тасымалдауыштарымен жұмыс жасау. Баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Ангиопротекторлар, заманауи гиполипидемиялық заттар Кесте даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Тыныс алу жүйесі
Респираторлы-дистресс синдромының медикаментозды емі Эссе даярлау. оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. Баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Тынысты ынталандыратын заттар Эссе даярлау. оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. Баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Жүкті әйелдерде, балаларда және қарттарда ТЖ патологиялары фармакотерапиясының ерекшеліктері Презентацияны даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен, ақпараттың электронды тасымалдауыштарымен жұмыс жасау. Баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Ас қорыту жүйесі
Гастро-эзофагеалды рефлюксті ауру фармакотерапиясы Рефератты даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. Баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Өсімдік тектес өт айдағыш заттар Презентацияны даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен, ақпараттың электронды тасымалдауыштарымен жұмыс жасау. Баллдық жүйе бойыншаоқытушыныңбағалауы
Несеп-жыныс жүйесі
БЖЖ-ін емдеудің заманауи принциптері Рефератты даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттерменжұмысжасау. Баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Несеп-тас ауруы кезіндегі дәрілік емнің негізгі бағыттары Эссе даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. Баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
Тірек-қимыл жүйесі
Д витаминінің уытты әсерлерін емдеудің принциптері Рефератты даярлау. Оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. Баллдық жүйе бойынша оқытушының бағалауы
  Барлығы  

2.8.4. Сабақтың тақырыптары бойынша бағаланатын компетенциялар




| | Ксантин туындыларына | | Максималды балл-100 |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати
Сабақтың тақырыбы Бағаланатын компетенциялар
білімі практ. дағдылары құқықтық компет. коммуник. дағды өзін жетілдіру
Жүйке жүйесі
Жедел және созылмалы ми қанайналымыбұзылысындақолданылатынзаттар +        
Ми қабаттарының қабыну ауруларын этиопатогенетикалық және симптоматикалық емдеудің негізгі жолдары   +      
Тырысу синдромын емдеу принциптері         +
«Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау + +   +  
Эндокринді жүйе
Гипергликемия жәнегипогликемиядақолданылатынзаттар. Балалардақолдануерекшеліктері. +        
Қалқанша безінің функциясы төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын заттар. Балалардағықолдануерекшеліктері. кеңес беру
Семіру фармакотерапиясының принциптері         +
Бүйрек үсті безі жетіспеушілігі синдромында қолданылатын дәрілік препараттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері         +
«Эндокринді жүйе» модулі бойынша аралық бақылау + +   +  
Қан түзу жүйесі
Анемиялық, миело- және лимфопролиферативтісиндромдардыемдеудіңнегізгіпринциптері +        
Геморрагиялықсиндромдыемдеудіңнегізгіпринциптері   +      
ҚТШҚҰ-синдромы емінің принциптері         +
«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау + +   +  
Жүрек-қантамыр жүйесі
Тәждік жетіспеушілік синдромында қолданылатын заттар. +        
Артериялық гипертензия синдромында қолданылатын заттар + +      
Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттар +        
Артериялық гипотензия синдромында қолданылатын заттар кеңес беру
Жүрекжетіспеушілігіндеқолданылатындәрілікпрепараттар кеңес беру
Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары кезінде фитопрепараттарды қолдану         +
Ангиопротекторлар, заманауи гиполипидемиялық заттар         +
«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау + + +    
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу жүйесі патологияларында қолданылатын антибактериялық препараттар. Балаларда дозалау ерекшеліктері. +        
Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромында қолданылатын заттар. Балалардадозалауерекшеліктері.   +      
Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар. Оларды балаларда қолданудың ерекшеліктері кеңес беру
Қақырық түсіретін препараттар. Жөтелге қарсы заттар. Балаларда қолданудың ерекшеліктері. кеңес беру
Респираторлы-дистресс синдромының медикаментозды емі         +
Тынысты ынталандыратын заттар         +
Жүкті әйелдерде, балаларда және қарттарда ТЖ патологиялары фармакотерапиясының ерекшеліктері         +
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау + + +    
Ас қорыту жүйесі
Дисфагия және асқазандық диспепсия синдромында қолданылатын заттар. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. +        
Гепатобилиарлы патологияларда қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері.   +      
Ұйқы безінің сыртқы секреторлы жетіспеушілігін емдеудің негізгі бағыттары кеңес беру
Ішекдиспепсиясындақолданылатындәрілікзаттар. Балалардақолданудыңерекшеліктері кеңес беру
Гастро-эзофагеалдырефлюксті ауру фармакотерапиясы         +
Өсімдіктектесөтайдағышзаттар   ПРОГРАММА |