Головна

Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы

  1. Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.

Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы (stomatitis herpetica recidivans) немесе созылмалы қайталамалы герпес (herpes chronicus recidivans) эндогендік герпес вирусы туындататын және жиі кездесетін эндогендік инфекция, ертеректе вирус жұққан, вирусқа қарсы антиденесі бар (ауыздың жедел герпестік қабынуымен ауырған) әртүрлі жастағы адамдарда кездеседі. Аурудың патогенезінде клеткалық иммунитетті төмендететін жағдайлар (суық тію, созылмалы күйзелістер, жалпылай және жұқпалы аурулар), өте ауыр сырқаттар (лейкоз, обыр және б.) маңызды роль атқарады. Әйелдерде созылмалы герпестік қайталануы етеккір келген уақытта байқалуы мүмкін. Ауру жыл мезгіліне қарамай әртүрлі жиілікте қайталанады. Кейбір адамдарда жылына 1-2 рет, немесе айына 3-4 рет, қайталанып, толассыз ағымды болады.

Клиникалық көрінісі. Ауыз қуысында аздап қызарған және ісінген кілегей қабық бетіне диаметрі 1-2 мм ұсақ көпіршік бөрткендердің шығып, әртүрлі көлемді, дұрыс пішінсіз эрозияларға айналуымен сипатталады. Бөрткендер шығатын аймақта ысып-күю, қышу және аздаған ауру сезімдері мазалайды. Эрозиялар беті біраз уақыт өткен соң ақшыл-сары түсті фибринді қақпен жабылады. Ерін жиектерінде тері беттеріне шыққан көпіршік бөрткендердің сұйығы кеуіп қабыршаққа айналады.

Белдеме герпес (Неrpes zoster)

Орама герпес - жекелеген сезімтал жүйке тамыры бойында тығыз орналасатын көпіршіктер мен сипатталатын жедел жұқпалы ауруы.

Орама герпес және желшешектің қоздырғышы - бір вирус.

Орама герпес спорадикалық түрде байқалады, маусымдылық жоқ, бірақга көктемде, күзде жиі кездеседі көбінесе ересек адамдарда олар баяғыда осы вируспен кездескен, содан кейін вирус организмде қалған, латентті персистенцияға айналады. Вирус көп жылдар бойы омыртқа арасындағы ганглияларда сақталады. Гуморальды иммунитеттің жетіспеушілік әсерінен антиденелердің толық вирусты жоюға күші жетпейді. Жалпы және жергілікті иммунитетт әлсірегенде вирустың активизациясы байқалады, клиникасында теріде жекеленген процесс пайда болады. Көбінесе ауырады ересек балалар мен бала кезінде желшешекпен ауырып кеткен ересек адамдар. Ал орама герпеспен қатынаста болған серонегативті бала желшешекпен ауырады.

Клиникасы. Ауру жедел басталады, жергілікті клиникалық белгілері жай герпестегі сияқгы, тек қана көпіршіктер сезімтал нервтердің бойында орналасады. Жиі қабырға арасындағы нервтар зақымдалады және үш тармақты нерв (тройничный). Процесс көбінесе бір жақга. Ересек адамдарда невралгия пайда болады, сол үшін ұзақ уақыт бөртпе кетседе ауыр сезімі қалады. Балаларда невралгия өте сирек.

Диагноз қою. Диагноз қойылады клиника белгілері бойынша.

Емі жай герпестегі сияқгы. Невралгия ауру сезімін басу үшін анальгетиктар қолданады, ультрадыбыс, новокайнмен блокада жасайды.

Алдын алу шаралары. Орама герпеспен ауруларды соңғы бөртпе шыққан күннен бастап 5 күнге дейін жекелеу керек. Ауру тұрған бөлмені тез - тез желдетіп, ылғалды жинастыру жасап тұру керек. Мектеп жасына дейінгі балалар және аурумен қатынаста болғандар балалар бақшасына жіберілмейді, қатынас болған күннің 11-ші күнінен 21-ші күніне дейін иммунодефициті бар, лейкозбен ауруларға иммунодепрессанттар алған балаларға пассивті иммунизация жүргізу керек. Бұл балаларға 3-6 мл иммуноглобулин енгізеді. Иммуноглобулин барлық кезде ауруды болғызбайды деп айтпаймыз, бірақ, сонда да аурудың жеңілірек өтуіне көмектеседі.

Белсенді иммунизация үшін тірі әлсіретілген вакцина жасалған Ленинградта, Жапонияда. Бірақ оның толық көмек беруі күмәнді жағдайда.

Мерез

Мерез (Сифилис - Lues) созылмалы жыныстық ауру қатарына жатады және көбіне жыныс жолдары арқылы беріледі. дж Фраскстороның поэмасындағы бақташы Сифилустың атынан аталған. Ауру қазіргі кезде Қазақстанда кең өріс ала бастады.

1905 жылы атақты ғалымдар Шаудин мен Гофман ауруды ашқан және бозғылт трепонема (бледная трепонема - Treponema pallidum) деп атаған (әртүрлі бояулармен боялмайтын қасиетіне байланысты).

Трепонема (синонимы спирохета) ұзындығы 14 мкм-ге дейін, 8-12 айналымнан туратын спиральға ұқсас бактерия. Адам организміне кілегей қабық пен терідегі шамалы жарақат ошақтары (тілікте ) арқылы енеді және 1-2 трепанема ғана ауру туындата алады, организмге енген спирахеталар көбейіп, жауапты реакция дамиды және ол аурудың айқын клиникалық белгілері бар және жоқ кезеңдермен (латентті кезең) алмасып отырады.

Мерез туа және жүре дамыған болып екі түрге бөлінеді. Жүре дамыған мерез жыныс қатынастары кезінде, тұрмыстық жағдайларда және қан құю нәтижесінде (қан беруші мерезбен ауру болған жағдайда) жұғады. Туа дамыған мерез іште жатқан балаға ауру анадан жұғу арқылы дамиды. Сонымен қатар кәсіби мамандыққа да байланысты аурудың жұғуы орын алуы мүмкін (нашар заласыздандырылған стоматологиялық аспаптар арқылы, дәрігер-стоматолог ауруға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтамаған кезде). Мерез жұғуы үшін терінің немесе кілегей қабықтың беткі қабаттарының бүтіндігі бұзылуы қажет, соңғы кезде бозғылт трепонема бүтін тері немесе кілегей қабық арқылы да өтуі мүмкін деген көзқастар айтылуда.

Инфекцияның жиі жұғуы - ауру бөртпелері ауыз кілегей қабығында, жыныс ағзаларында және тері бетінде орналасқан, бойында мерездің белсенді бірінші немесе екінші кезеңдері дамыған науқас адамдар болып саналады.

Мерез кез-келген жастағы адамдарға жұға береді және ең көп жұғатыны - жыныстық белсенділігі жоғары 20-29 жас арасындағы өкілдер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Х қайта қарастырылған халықаралық жүйесі (1997 ж) бойынша аурудың төмендегі түрлерін ажыратады.

1) ертерек туа дамыған мерез, кешірек туа дамыған мерез;

2) ертерек жүре дамыған біріншілік мерез және екіншілік мерез;

3) кеш жүре дамыған үшіншілік мерез.

Мерездің ағымы толқынға ұқсас, айқын клиникалық белгілері бар кезеңдері жасырын дамитын кезеңдермен алмасып отырады. Сондықтан аурудың төрт кезеңін ажыратады: инкубациялық, біріншілік, екіншілік және үшіншілік мерез.

Инкубациялық кезең алғашқы ауру жұққан уақыттан (трепонема организмге енген кезден) басталып, бірінші клиникалық белгілері білінген уақытқа дейін (3-4 жеті) созылады. Кейде одан ұзаққа (2-3 айға) созылуы мүмкін, және иммундық қасиеті төмендеген, белгілі бір себеппен антибиотиктер қабылдаған адамдарда орын алады.

Біріншілік мерез (первичный сифилис - syprilis primaria, Lues I) 6-7 аптаға, кейде 2-3 айға созылады.

Аурудың бұл кезеңінде бозғылт трепонема енген жерде ауырусыз қабыну инфильтраты берішті шанкр (біріншілік сифилома) пайда болады. Осыдан 5-7 күн өткен соң аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды немесе аймақтық склераденит дамиды. Ұлғайған лимфа түйіндерінің диаметрі 2-3 см жетеді, консистенциясы тығыз-шеміршектей, бір-бірінен және қоршаған терімен жабыспаған, тері қабатының түсі өзгермеген. Біріншілік мерез кезеңінің аяғында барлық топтағы лимфа түйіндері ұлғаяды (полиаденит) және оларда трепонемалар барынша көбейеді. Берішті шанкр біреу немесе екі-үшеу болуы мүмкін және жиі орналасатын аймағы ерін-жиектері, тілдің кілегей қабығы, таңдай бадамша бездері. Ауыз кілегей қабығында берішті шанкрдың дамуының өз ерекшелігі бар: алғашқы кезде шағын қызару (гиперемия) ошағы пайда болып, қабыну инфильтратының әсерінен тығызданады және көлемі біртіндеп үлкейіп, диаметрі 1-2 см құрайды. Біраздан кейін шанкрдың орта бөлігі өліеттеніп, диаметрі 3-5 мм домалақ немесе сопақ пішінді, шикі ет түстес, аса ауырмайтын, жиектері тегіс және көтеріңкі, табақшаға ұқсас эрозия немесе жара пайда болады. Эрозия немесе жараның табанында сипап тексергенде тығыз шеміршек консистенциялы инфильтрат анықталады және табаны тегіс, жылтыр таза немесе сарғыштау-сұр түсті «майлы» («сальный») қақпен жабылған болады.

Кейбір кездерде берішті шанкрдың атипиялық түрлері кездеседі және әртүрлі пішінге ие болады. Тілде орналасқан берішті шанкр табанындағы қабыну инфильтратының нәтижесінде төңірегіндегі тіндерден биіктеу ораналасады және төңкерілген табақшаға ұқсас келеді. Қатпарлы тілі бар адамдарда қатпарларды қуалай орналасып, саңылауға ұқсайды. Езуде орналасқан шанкр табаны инфильтраттанған ауыздықты еске түсіреді.

Қызылиекте орналасқан шанкр ашық-қызыл түсті, бірнеше тістер аймағында жарты айға ұқсас эрозия түрінде кездеседі.

Бадамша безде орналасқан берішті шанкр үш түрде (жаралы, баспаға ұқсас және аралас беріш) кездесуі мүмкін. Бадамша без көбінесе біржақты жарақаттанады, қызыл-мыс түстеніп ұлғаяды және тығызданады, бірақ ауырмайды. Жаралы беріш кезінде келтірілген негізде жиегі тегіс, сопақ пішінді шикі ет түстес қызыл жара пайда болады. Жара төңірегіндегі кілегей қабық қызарып ісінген, беті іріңді немесе өліетті қақпен жабылған және жара тереңдей береді.

Аурудың диагнозын дұрыс қою үшін берішті шанкрдің бетінен алынған затта бозғылт трепонеманың бар-жоқтығы анықталады және серологиялық реакциялар (Вассерман және тұндырма реакциялар) жүргізіледі. Аурудың дамуының 4-ші аптасынан бастап барлық классикалық серологиялық реакциялар (Вассерман, комплементті байланыстыру, Кан және Закс-Витебский реакциялары) тұрақты түрде оң болады. Осыған байланысты біріншілік мерездің даму уақытын біріншілік серонегативті (аталған реакциялар теріс) және біріншілік серопозитивті кезеңдерге бөледі. Серопозитивті кезең берішті шанкр пайда болғаннан кейін 3-4 аптада басталады және серологиялық реакциялардың оң болуы ұзақ уақыт сақталады. Серологиялық реакциялардың оң болуы организмге енген трепонемаға қарсы антиденелердің көптеп құрылуына байланысты.

Біріншілік мерез кезеңінің соңына қарай жалпы продромальдық белгілер (дымкәстік, дене қызуының көтерілуі, сүйектердің сырқырауы, бас ауруы, еттердің сыздауы, тез шаршау, эритроциттердің шөгу жылдамдығының жоғарылауы, лейкоцитоз) байқалуы мүмкін. Осыдан бірнеше күн өткен соң тері және кілегей қабық беттерінде көптеген розеолалы папулезді бөрткендер шыға бастайды және ол екіншілік мерез кезеңінің басталуының айғақтық белгісі болып табылады.

Сараптамалы диагностикасы. Берішті шанкрды зақымдану жарасынан ажырата білу керек. Зақымдану жарасы кезінде себепті әсер анықталады (ұрып-соғып алу, тістеп алу), жара табаны аса қатты болмайды және дұрыс емдесе тез жазылып кетеді.

Берішті шанкр бадамша безде орналасқанда баспадан (ангинадан) ажырату керек. Бірақ бұл кезде баспадағыдай емес, ауру сезімі болмайды, жарақат біржақты орналасады.

Ерін жиегінде орналасқан шанкрды қайталамалы ерін герпесі кезіндегі эрозиядан ажырату керек. Герпестік эрозия қызарған және ісінген негізде орналасады және көпіршік бөрткеннің жарылуы нәтижесінде пайда болады (мерез кезінде ешуақытта көпіршік бөрткен шықпайды).

Берішті шанкрды шанкрге ұқсас пиодермиядан ажырату керек. Пиодермияға қабыну үрдісі тән, бетінен іріңді жалқық бөлініп ауырады және дұрыс емделмесе ұзақ сақталады. Жарақат ошағынан көп мөлшерде коктар бөлінеді.

Берішті шанкрды ауыздың қайталамалы афтозды қабынуы кезіндегі афтадан ажырату керек. Бұл ауру кезінде афталар қызарып ісінген, кілегей қабық бетіне шығады және ауық-ауық қайталанып тұрады, серологиялық реациялар теріс болады.

Берішті шанкрды ыдырай бастаған обыр ісігінен ажырату керек. Обыр ісігі тереңдеу орналасады, жараның жиектері тегіс емес, табаны қанағыш келеді. Патогистологиялық және цитологиялық зерттеулер нәтижесінде атипиялық клеткалар анықталады.



Жергілікті емдеу. | Екіншілік мерез

Ауыздың ойылуы /стоматиттер/. | Жұқпалы аурулар | Арапайым герпес | Спецификалық инфекциялар. Туберкулез | Тактика врача-стоматолога в комплексном лечении больных туберкулезом (памятка). | Язвенно-некротический гингивит Венсана | Развитие язвенно-некротического гингивита Венсана | Осмотр полости рта больных язвенно-некротическим гингивитом Венсана | Клинический анализ крови при ЯНГВ |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати