Головна

Арапайым герпес

  1. Арапайым физиотерапия.
  2. Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы
  3. ГЕНИТАЛЬНЫЙ ГЕРПЕС
  4. Генітальний герпес
  5. Герпесвірусні інфекції
  6. Опоясывающий герпес

Қарапайым (әдетті) герпес синонимы көпіршікті теміреткі (простой герпес- пузырковый лишай - herpes simplex) немесе кәдімгі ұшық - герпес вирусы туындататын жұқпалы ауру. Антигендік қасиетіне байланысты бұл вирусты негізгі екі топқа (1 және 2) бөледі. Бірінші типтегі вирустар ауыздың кілегей қабығын, теріні, ал екінші типтегі вирустар жыныс ағзаларының кілегей қабығын жарақаттайды. Қарапайым ұшық вирусы ДНК-дан тұрады және тікенекті қабат клеткаларының ядросында жасырын өмір сүріп, ыңғайлы жағдайда көбеюге ұшырайды және қайталамалы ауру туындатады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1985) ұйғаруынша жер беті тұрғындарының 90%-на аталмыш вирус жұққан, ол 20-30%-да ауру белгілері білінеді.

Инфекцияның алғаш рет жұғуы 1-3 жас арасында байқалады. Себебі бұл кезде баланың қанында анадан алған антидене жойылады немесе саны азаяды да, организм вирустық инфекцияны оңай жұқтырады. Көп жағдайда балаға біріншілік герпестік инфекцияның жұғуы аса көп байқалмайды, ал кейбір жағдайда біріншілік герпестік ауру дамиды. Жас баланың алғашқы айларында ауру өте ауыр түрде дамиды және көптеген кілегей қабықты ағзаларды жарақаттайды. Сирек жағдайда біріншілік герпеспен ертеректе вирусқа қатынасы болмаған үлкен адам да ауруы мүмкін. Біріншілік герпестен сауыққаннан кейін инфекция жасырын түрге ауысып, әртүрлі зиянды ықпалдардың әсерінен (дененің суыққа шалдығуы, тумау, жүйкелік күйзелістер, витаминдер тапшылығы) жиі қайталуы мүмкін.

Қарапайым герпес вирусы науқастан немесе вирустасымалдаушы адаммен тікелей жанасу және ауа-тамшылары арқылы жұғады (герпестік вирус вирустасымалдаушылардың сілекейінен де бөлініп алынған).

Ауыз ішінде герпестік инфекция екі түрде көрініс табады: ауыздың жедел герпестік қабынуы немесе біріншілік герпес (острый герпетический стоматит или первичный герпес); ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы немесе созылмалы қайталамалы герпесі (рецидивирующий герпетический стоматит или хронический рецидивирующий герпес).

Ауыздың жедел герпестік қабынуы (stomatitis herpetica acuta). Ауруды ертеректе «ауыздың жедел афтоздық қабынуы» деп атаған.

Науқас адамның жалпы жағдайына және кілегей қабықтың жарақатқа ұшырау аймағына байланысты аурудың үш дәрежесін (жеңіл, орташа, ауыр), патогенезіне байланысты 5 кезеңін - инкубациялық (инкубационный), продромалдық (продромальный или катаральный , даму шыңы (разгара болезни или высыпаний), бетінің қайтуы (угасания) және сауығу (выздороления или реконвалесценции) кезеңдерін ажыратады.

Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 1-4 күнге созылады. Бұл кезең герпестік вирус жұққаннан кейін басталады және олар жақын орналасқан лимфа түйіндеріне жетіп, көбейе бастайды. Сондықтан осы және продромалдық кезеңде аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды және ауырады. Ауру жедел басталады, ауырлығына байланысты дене қызуы 37-41° С көтеріледі, жалпылай уыттану белгілері - әлсіздік, организмнің салғырттық, дімкестік, бас ауруы, бұлшық еттерінің сыздауы, лоқсу және құсу, іші өтуі байқалады. Бала тынышсызданып, ұйқысы қашады, тері түсі бозғылтанады, тамақ қабылдаудан, емшек емуден бас тартады.

Продрамалдық кезеңде -ауыз кілегей қабығында жайылған қызару ошақтары пайда болып, ісіну, домбығу , балаларда сонымен қатар қызыл иектің катаралды қабынуы байқалады, кейде қызылиек жиегі эрозияланып кетуі де мүмкін. Ересек балалармен үлкен адамдар ауыз ішінің ысып, күйіп, сыздап ауыратынына, қышуына, сілекейдің көп бөлінуіне шағымданады. Кілегей қабақта ішінде мөлдір сұйық бар ұсақ көпіршік бөрткендер шыға бастайды және топтаса орналасқандықтан сандары да әртүрлі болады. Бірнеше сағаттан кейін бөрткендер жарылып, орнында диаметрі 1-5 мм домалақ, сопақ пішінді беті ақшыл-сұр өліетті қақпен немесе сары-сұр фибринді қақпен жабылған эрозиялар пайда болады. Көптеген көпіршіктердің бірігіп барып жарылуынан пайда болған эрозиялар белгілі пішінсіз полигоналды (көпбұрышты) болып келеді (сурет). Көпіршік бөрткендер көбіне таңдайда, тілдің үстінде, қызылиекте, ұртта, ерінде орналасады. Ауыр жағдайда ерін, ерін жиектері мен жақын орналасқан тері аймақтары да жарақаттанады. Бөртпелер шыға бастасымен дене қызуы төмендей бастайды, кейде олар бірнеше рет қайталана шығып отыруы мүмкін. Осыған байланысты дене қызуының көтерілуі де қайталанады және бөртпелерді әртүрлі даму сатысында байқауға болады.

Пайда болған эрозия ошақтары 5-7 күнде жазыла бастайды және емдеу шараларын дұрыс жүргізсе жазылуы жылдамдайды.

Продрамалды кезеңде дамыған аймақтық лимфаденит пен қызылиек қабынуы аурудың барлық кезеңінде, тіптен эрозиялар жазылғаннан кейін де 5-10 күн шамасында сақталады. Аурудың орташа ұзақтығы 1-3 жетіге созылады.

Аурудың алғашқы кезеңінде сілекейдің рН реакциясы қышқыл (рН -,8-6,4) болып, сауыға бастағанда бейтараптана бастайды немесе әлсіз сілтілік ортаға ауысады. Лизоцимнің мөлшері төмендеп, интерферон жойылады. Гистологиялық зерттеулер нәтижесі герпестік көпіршік бөрткендердің тікенекті қабат ішінде баллонды және вакуольді дегенерациялану, аканголиздену үрдісінің нәтижесінде дамитыныны дәлелдеген. Осыған байланысты аурудың алғашқы 2-3 күнінде жарақат ошағынан алынған жақпа-таңбада көп ядролы алып клеткалар анықталады. Бұл клеткаларға бояулық және өлшемдік (диаметрі 30-120 мкм) көптүрлілік (полиморфизм) тән. Клеткалардың ортасында бірнеше ядролардан (2-3 тен оншақтыға дейін) тұратын конгломерат орын алған, ядрошықтар (нулеолы) анықталмайды (сурет).

Аурудың алғашқы күндерінде және қайталану кезінде көпіршік бөрткендер сұйығынан герпес вирусын бөліп алуға болады, ал қанда вирусқа қарсы антидене титры аурудың кезеңіне сай жоғарылай бастайды.

Ауыздың жедел герпестік қабынуын нақтылау үшін иммунофлюоресценциялық әдістерді, антигенмен теріішілік сынамаларды, серологиялық реакцияларды қолдануға болады.

Аурудың салыстырмалы диагностикасы - көптүрлі жалқықты эритемамен, дәрілер әсерінен дамыған қабынулармен, басқа вирустық аурулармен (белдене теміреткі, аусыл), буллезді дерматоздармен, ауыз-қызылиектің өліеттеніп - жаралана қабынуымен (Венсон гингивостоматиті) жүргізіледі.

Емі. Ауыздың жедел герпестік қабынуын емдеу оның ауырлығына байланысты; этиотроптық, патогенездік, симптоматикалық, жалпылай және жергілікті шаралардан тұрады.

Жалпылай емдеу:

1) Вирусқа қарсы дәрілерді (таңдай білу керек) алғашқы күндері тағайындайды: бонафтон 0,1г 3-4 рет 5 күн қабылдаған соң 1-2 күн үзіліс жасап, қайта қабылдайды (емдеу ұзақтығы 2-3 курс); ацикловир (зовиракс, виролекс) 0,2 г күніне 5 рет -5 күн қабылдайды. Балаларға дәрінің жарты мөлшерін береді; неовир - көк етке күнара салады, барлығы 5 ине, ДНК (дезоксирибонуклеиназа) 10-25 мг натрий хлоридінің изотониялық ертіндісіне ерітіп күнара көкетке салады, барлығы 6-10 ине;

2) Ауру сезімін және ыстықты басатын дәрілер: парацетамол, панадол, амидоперин, аспирин (аурудың жасына сәйкес тағайындайды).

3) Гистаминге қарсы дәрілер: супрастин, фенкарол, тавегил, антигистамин, алсет, ломилан, траксил, диазолин, димедрол.

4) Витаминдер жекелей немесе жиынтық түрінде: аскорутин 0,05г- күніне 3-4 рет, аскорбин қышқылы 0,05 г күніне 2-3 рет; поливит, дуовит, триовит, олиговит және б., организмнің реактивтілігін көтеру үшін - 150 мг тәулігіне 2-3 рет 7-9 күн лизоцим, фузобактериялардың асқыну қаупі болған жағдайда метронидазол тағайындайды. Сілтілі минералды суды, шайды көбірек ішіп, жаралы ошақтарды аса тітіркендірмейтін жұмсақ тағамдар қабылдау туралы ақыл-кеңес беріледі.



Жұқпалы аурулар | Жергілікті емдеу.

Ауыздың ойылуы /стоматиттер/. | Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы | Екіншілік мерез | Спецификалық инфекциялар. Туберкулез | Тактика врача-стоматолога в комплексном лечении больных туберкулезом (памятка). | Язвенно-некротический гингивит Венсана | Развитие язвенно-некротического гингивита Венсана | Осмотр полости рта больных язвенно-некротическим гингивитом Венсана | Клинический анализ крови при ЯНГВ |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати