Головна

Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.

  1. Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы
  2. Шаруаларға қарсы сталиндік репрессия және кулактардың жойылуы.

Берілетін , таратылатын материал

- мультимедиялық форматтағы презентация;

- тақырып бойынша оқу әдебиеті.

Ауыздың кілегей қабығының вирустық және бактериялық зақымданулары

Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.

Стоматит (көне грекше: στόμα - ауыз) - ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Егер қабыну тілде болса - глоссит, ал қызыл иекте болса - гингивит деп атайды. Аурудың пайда болу себептері:

  1. механика, физика және химия жарақаттану, улану (мысалы, темекіні көп тарту, мөлшерден тыс арақ-шарап қабылдау, өте ыстық не өте салқын, сондай-ақ, өте қышқыл не өте тұзды тағам ішу);
  2. түрлі жұқпалы ауруларға (қызылша, кандидоз, тұмау, т.б.) шалдығу;
  3. дәрі-дәрмек аллергиясы;
  4. дәрумен жетіспеушілік (гиповитаминоз);
  5. жүйке жүйелерінің, ішкі органдардың созылмалы аурулары, ағзада зат алмасу процесінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т.б.

Сондай-ақ стоматит жыныстық жетілу кезінде немесе ақыл тіс кеш шыққанда дамиды. Стоматиттің қай түрінде де ауыздың шырышты қабығы қызарады, сілекей аға бастайды, жақасты лимфа түйіндерінің айналасындағы тіндер ісінеді. Дақ, бөртпе, бұдыр-төмпешіктер пайда болып, кейде олар іріңдеп, жараға айналуы мүмкін. Стоматитті емдеу тәсілдері аурудың негізгі себебіне қарсы бағытталады. Ауру белгісі пайда болысымен ауыз қуысын көмір тотығы, фурациллин, калий перманганаты (ашық қызғылт түсті) ерітінділерімен шаю керек. Физиотерапия жолымен, шырғанақ майымен де емделеді. ==Акрил стоматиті==. Акрилден ауыздың қабынуы. Протез базисінде акрилды пластмассаның монамері мөлшерден көп болған соң, шырышты қабыққа зиян тигізіп, ауыз қуысының қабынуына әкеп соғады.

 



Критерии оценки логико-дидактической схемы | Жұқпалы аурулар

Арапайым герпес | Жергілікті емдеу. | Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы | Екіншілік мерез | Спецификалық инфекциялар. Туберкулез | Тактика врача-стоматолога в комплексном лечении больных туберкулезом (памятка). | Язвенно-некротический гингивит Венсана | Развитие язвенно-некротического гингивита Венсана | Осмотр полости рта больных язвенно-некротическим гингивитом Венсана | Клинический анализ крови при ЯНГВ |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати