Головна

ЖАРАҚАТТАНУ, СОҒЫП АЛУ, БУЫН ШЫҒУ, СЫНУ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

  1. Атты ерітінді ыдырауының термодинамикасы. Тозу кезіндегі құрылымдық өзгерістер.
  2. Баспен жатуы кезіндегі акушерлік көмек көрсету.
  3. Жарылыс кезіндегі, жер сілкінісі кезіндегі зақымдалу ошақтары
  4. РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН ЗАҚЫМДАНУ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
  5. Су кезіндегі алғашқы көмек
  6. Су тасқыны кезіндегі өрт ошақтары

Жұмыстың мақсаты:Алғашқы медициналық көмек көрсетудің теориялық жағдаын оқып білу және оларды практикада қолдана білу.

Жұмыстың жоспары:

1. Жарақаттану, соғып алу, буын шығу, сыну кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы мазмұнын оқып білу.

2. Қан тоқтату және ораманы дұрыс байлаудың ережелерімен танысу.

Жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсету келесі деңгей бойынша жүргізіледі:

- бұзу факторларының жағдайларын тоқтату және бағалау ;

- жарақаттанушыны қауіпті аймақтан оған әрі қарай көмек көрсетілетін жерге жеткізу;

- жарақаттанушының ауыр халінің, жарақаттану себебін анықтау;

- жарақаттанушының жағдайын және жарақаттану себебін қабылдады қолдану арқылы алғашқы көмек көрсету;

- жедел жәрдем шақыру, жарақаттанушыны ауруханаға жеткізу.

Жара - механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген , тілінген, тесілген , т. б. болып ажыратылады. Пышақ кескен , балта шапқан жараны - кесілген жара ; ине, біз, пышақ кірген жараны - тесілген жара , сынғанда не бір нәрсе қатты қысып қалғанда болатын жараны - мылжаланған жара , хирургиялық операциядан кейінгі жараны - кездейсоқ жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын жараның шеті жырым - жырым болады. Жара асқынып неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесі де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орны , мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, аадамның басына, кеудесіне не ішкі органдарына түскен жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да , оны ең плдымен тазартып , қанын тоқтатып , антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген жара асқынып кетпей , тез жазылады. Инфекция түсіп , іріңдеп, ісінген жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсия, күбіртке, гангрена, т. б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса , тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның жарасы көпке дейін жазылмайды.

Алғашқы көмек. Адам өміріне немесе денсаулығына қаіп төнген жағдайда оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар , сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тогы соғу , т. б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары : апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару; апаттың зиянды әсерін тоқтату; қан тоқтату , жараны байлау, жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау , апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

Қанды тоқтату

Жарадан немесе дененің табиғи тесіктерден қан сыртқа кеткен кездегі қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды. Дененің ішінде қанның жиналуын ішкі қан кету деп айтады. сыртқы қан кетулердің арасында көбіне жарадан кету жиі кездеседі, атап айтқанда:

капиллярлық - сыртқы жарақаттану кезінде қан жарадан тамшылап ағады;

күре тамырлық - терең жарақаттану, мысалы кесілген, тесілген кезінде мол қою қызыл түсті қан ағады;

артериялық - терең кесілген, тесілген жарақаттану кезінде; артериялық қою қызыл түсті қан жоғары қысыммен зақымданған артериядан сорғалап ағады;

аралас - жарақаттану кезінде күре тамырдан және артериядан қан кетуі, мұндай қан кету жиі терең жарақаттану кезінде байқалады.

Соғып алу - анатомиялық бүтіндігі айтарлықтай көрінерлік бұзылысқа жұмсақ тіндер мен механикалық зақымдануы.

Сынық - сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған Сынық болып бөлінеді. Туа біткен Сынықтар нәресте сүйегінің құрсақ ішінде патологиялық процестер немесе анасының жарақат алуы себептерінен болады. Жүре пайда болатын Сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық Сынық болып ажыратылады. Жарақаттық Сынық - сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық Сынық көбінесе жеңіл жарақаттың асқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады.

Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық Сынық болып ажыратылады. Ашық Сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай Сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық Сынық тез жазылады.

Сынықтың белгілері

қатты ауыру; аяқ-қол қозғалтпауы; зақымданған аяқ-қолдың қозғалысы мен пішінінің өзгеруі; қоршаған жұмсақ тіндердің қанталауы және ісінуі.

Егер адамның қабырғасы сынса, терең тыныс алғанда не жөтелгенде ауырады. Сынықтың бітуі - өте күрделі биологиялық процесс. Сүйектің тез бітуіне жарықшақтардың бір-бірімен дұрыс бірігуі мен сүйекті бір қалыпты ұстап тұрудың маңызы зор. Сонымен қатар Сынықтың бітуі қандай сүйектің сынғандығына да байланысты. Мысалы, саусақ сүйектері 2,5 аптада, ал ортан жіліктің басы 6 айдан астам уақытта бітеді. Сүйек жарықшақтарының арасы алшақ болып, бір-біріне дұрыс орналаспағанда немесе олардың арасында жұмсақ тіндер жаншылып қалса, бір қалыпта ұсталып тұрмаса Сынықтың бітуі баяулайды немесе мүлдем бітпей қалуы, жалған буынның пайда болуы мүмкін. Сынық дұрыс бітпесе, қол-аяқтың қисаюына не қысқаруына әкеліп соқтырады. Ашық Сынық кезінде жараға инфекция түсіп, іріңді инфекцияның дамуы мүмкін.

Емі

Сынық кезінде кез келген қатты материалдан дереу Сыныққа таңғыш салып, орап байлау керек. Таңғыш болмаса, онда сынған аяқты сау аяққа тақап байлап, ал зақымданған қолды орамал арқылы мойынға асып қою қажет. Сынық ашық болса, жараның айналасын йодпен сүртіп, стерильденген таңғыш байлаған жөн. Ауруханада сынған сүйек жарықшақтарын бір-біріне түйістіріп (репозиция) дұрыс қалыпқа келтіріп, гипстеп таңады, антибиотиктер беріледі. Кейде хирургиялық операция жасалынады. Қажет болған жағдайда қан құйылады, емдік дене шынықтыру арқылы сынған органның қызметін қалыптастырады. Витаминді тағамдар мен минералды тұздарға бай жеміс-жидектер беріледі.

Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен-бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), тебе (9), самай (8), шуйде (7) және т. б. сүйектерден құралған . Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері - еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар . Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының өсерінен бұлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті болып, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адам бассүйегінің ми сауыты бөлімінің көлемі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне - үстіңгі және астыңғы жақсүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақсүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны аркылы байланысқан Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақсүйек және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді.

Сурет 6.6 - Бас суйектің сынуы

Бұғана сынуы. Сынған жерді басып көргенде , ондағы май сулардың болуы байқалады. Жәрдем көрсету кезінде қолтық астына мақта немесе дәкеден жасалған тығыз қалтқы қойылып, сосын зардап шегушінің қолын шынтақ буынынан бүгеді, иық сүйегін денеге қатты қысып тұрып, оған қолды мықтап бинтпен орайды немесе үшкіл орамалмен бекітеді.

Сурет 6.7 - Бұғана сынуы

Қабырға сынуы. Тура (жоғарыдан құлағанда, соққы тигенде) және тура емес (кеуде клеткасы қысылғанда) жарақаттар нәтижесінде пайда болады. Бір уақытта қабырғадағы өкпе қабы , қабырғалық тамырлар мен жүйкелер , кейде өкпе, бауыр, көк бауыр да зақымдануы мүмкін. Қабырғаның өткір сынықтары өкпеге зақым келтіріп , пневмоторакс пен ішке қан кету дамуына ықпал етуі мүмкін.

Сурет 6.8 - Қабырға сынуы

Омыртқа сынуы. Бұл аса ауыр зақымдану; жамбас сүйектері қызметінің бұзылуына , қол-аяқтың сал болып қалуына әкеп соқтыратын жұлынның жаншылуымен қоса беріледі. Сынықтар ашық , жабық , асқынған, асқынбаған, жаншылған болуы мүмкін. Алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезінде жұлынның жаншылып қалуын тудырмас үшін , омыртқа бүгілуін болдырмау қажет. Арнайы уақытша белгілеулер - зардап шегушіні етпетінен абайлап зембілге салады , иық асты мен бас жағына жастық немесе қалтқы қояды. Жұмсақ зембілге арқасымен жатқызғанда , оған ағаш жайма тақта , фанер, кең тақтайша немесе бірнеше ұзын фанер жақтаулар салынады.

Мойын омыртқалары сынған кезде - зардап шегуші зембілге арқасымен жатқызады, ал мойын астына жастық немесе бүктелген киім , мүмкіндік болса , мойын астына мақта жағалап салынады. Жарақаттың шоқ құбылыстары кезінде шоққа қарсы шаралар жүргізу және тездетіп емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Жүрек тоқтауы кезіндегі қан айналымның ең тиімді әдісін атаңыз?

2. Қатер болған жердегі алғашқы көмек көрсетудің негізгі схемасын тұрғызу.

3. Артериялық қан кету кезінде қандай жағдай жасалуы тиіс?

4. Шығарып алу, тайдыруда қандай көмек көрсетіледі?

Глоссарий:

Жара - механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген , тілінген, тесілген , т. б. болып ажыратылады.

Соғып алу - анатомиялық бүтіндігі айтарлықтай көрінерлік бұзылысқа жұмсақ тіндер мен механикалық зақымдануы.

Сынық - сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған Сынық болып бөлінеді.

Капиллярлық қан кету - сыртқы жарақаттану кезінде қан жарадан тамшылап ағады;

Күре тамырлық қан кету - терең жарақаттану, мысалы кесілген, тесілген кезінде мол қою қызыл түсті қан ағады;

Блиц тест:

1. сүйектің тұтастығының бұзушылығы ...

A. сынық

B. шығарып алу

C. соғып алу

D. үсіп кету

E. қан кету

2. буындарды, мойынды, төсті орағанда дәкемкен байлаудың қандай түрі ыңғайлы

A. косынкалық

B. крест тәріздес

C. спиральді

D. пращевидная

E. «түйінді»

3. Буындардың бұзылуына әкеледі...

A. сынық

B. шығарып алу

C. соғып алу

D. үсіп кету

E. қан кету

4. анатомиялық бүтіндігі айтарлықтай көрінерлік бұзылысқа жұмсақ тіндер мен механикалық зақымдануы

A. соғып алу

B. сыну

C. шығарып алу

D. үсіп кету

E. қан кету

5. Ми сүйектеріне зақым келгенде науқаста көгерулер қай жерде боладыпод

A. құлақпен

B. мұрынмен

C. көзбен

D. мойын

E. маңдай

Қолданылған әдебиеттер:

1. Девисалов В. а. Охрана труда - М: Форум: ИНФ-М, 2004.

2. Папаев С. т. Охрана труда - М: Издательство стандартов, 2003

3. Российские средства защиты на производстве и в ЧС. - ОАО «Росзащита», каталог, 2004.

4. Хакимжанов Т. е. Охрана труда - Алматы: Эверо, 2006.

5. Хван Т. а., Хван П. л. Безопасность жизнедеятельности. Серия «С - Ростов-на-Дону, 2002.

Практикалық жұмыс №7



ТҰРҒЫНДАРДЫ ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ | РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН ЗАҚЫМДАНУ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Улану аймағының тереңдігі, км | Ауаның тік тұрақтылығының дәрежесі | Ауаның тік тұрақтылығына байланысты және мүмкін болатын шекте мәні, градуста | Желдің жылдамдығына тәуелді АХҚЗ-пен улануы мүмкін аймақтардың бұрыштық өлшемдері | Есепті шешуге арналған бастапқы берілгендер | АХҚЗ-тың негізгі сипаттамалары | ХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛЖАУ БОЙЫНША ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ МЫСАЛДАРЫ | Ртті жағдайды бағалау | Кейбір объекттердің тұтану радиусы (вероятность 50%) ал таза ауада (видимость до 100 км) қарсыз, км. | Орғайтын ғимараттарда орналасқан адамдарға өрттің әсері. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати