Головна

Графитизация процесі

  1. Аутсорсинг логістичних процесів
  2. Безпека технологічних процесів у тваринництві
  3. Виробничі небезпеки й травматизм у тваринництві. Загальні вимоги безпеки до виробничих процесів та виробничого обладнання. Технічні засоби безпеки
  4. Відношення до кольору у процесі мислення
  5. Відповідно можна зробити висновок, що співвідношення рівня процесів креативності й інтелекту впливає на особистісні якості та способи адаптації.
  6. Генералізація навчального матеріалу в процесі фундаменталізації підготовки фахівців з вищою освітою.
  7. Генетична пам'ять виявляється безумовними рефлексами, передається спадково і зберігає інформацію, накопичену в процесі еволюції впродовж багатьох тисячоліть.

Графитизациялық күйдіру ақ шойыннан созылымды ақ шойын алу үшін және сұры шойыннан отбел құймаларын жою үшін қолданылады. Критикалықтан жоғары температураларда графитизациялауды келесі түрде жазуға болады:

Цементит → аустенит және графит [1].

Графитизация процесі графит орталықтарының пайда болуынан басталады, ол орталықтар ақаулар болған жерлерде, яғни шыңдалған немесе деформацияланған микрожарықтар, шөгінді микротесіктерде пайда болады. бастапқы күйінде эвтектикалыққа дейінгі ақ шойын -перлит, екінші ретті және эвтектикалық цементиті бар құрылымды болып келеді. температуралардың эвтектоидты айналуларынан кейін перлит аустенитке ауысады, ал температура 950°-1000°С дейін жоғарылаған кезде цементит жойылады және аустенит пен графиттің құрылымы пайда болады. Бұл процесс графитизацияның алғашқы сатысы болып саналады.

Толық графитизациялау , яғни перлит пен графиттен тұратын құрылымды алу үшін шойынды салқындатуға болады;

1. Эвтектоидті аустениттің тікелей феррит пен графитке ыдырауы үшін эвтектоидті интервалда және жылдамдықта (А → Ф + Г);

2. Эвтектоидті интервалдан аздап төмен температурада аустениттен перлит пайда болады[A → П (Ф + Ц)] , осы температурада ұстауда эвтектоидті цементит үшін графитизация (Ц → Ф + Г).

Екі жағдайда да феррит пен графит құрылымы алынады, бұл процесс графитизацияның екінші сатысы деп аталады. алдын ала шыңдалған күйдіру ақ шойынды

900°-950°С температурада суда немесе майда шыңдаумен түсіндіріледі. Шыңдау кезінде, мартенситті айналу кезінде графитизация ошақтары оңай пайда болатын көптеген жарықшалар пайда болады. Алдын-ала төмен температурада ұсталған күйдіру ақ шойынның 350°-400°С температурада 6-8 сағат ұсталуымен сипатталады. графитизация орталықтары көбейіп, куйдіру уақыты азаяды. төмен температурада ұстау механизімінің әсер етуі әлі анықталмаған. төмен температуралы күйдіруді сұры шойын құймаларынан қалдық кернеулерді жою үшін қолданылады. берілген күйдіру келесі режимде жүреді: құймаларды ақырын қыздыру (30°-180°С/сағ) дан 530°-620°С дейін, осы температурада 1-4 сағат ұстау және пешпен қоса 10°-30°С/сағ жылдамдықпен 250°-400°С температурада салқындату. Күйдіру нәтижесінде ішкі қалдық кернеулер 80-85% азаяды және феррит көлемі артады. [1].



Эвтектоидке дейінгі және кейінгі болаттар үшін II типті күйдіру түрлері | Шойынның нормализациялануы.
© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати