Головна

Шаруаларға қарсы сталиндік репрессия және кулактардың жойылуы.

  1. Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы
  2. Абылдау және тіркеу
  3. Адам және оның экономикалық қызметі
  4. Айналдыру - кинетикасы және механизмі. Жоғарғы және төменгі бейнит.
  5. Айтарым процесстерінің механизмі және қайта кристаллдандыру
  6. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.
  7. Анықтыру режимін таңдау және тағайындау. Қанықтырудан кейінгі термиялық өңдеу.

Сталиндік қуғын-сүргін - КСРО да 1920 жылдар соңынан басталып 1950 жылдарды қамтыды. Бүгінде сол кезең аралығында елде болған қуғын-сүргінді И. В. Сталин есімімен байланыстырады. Ұжымдастырудың әкімшілік-зорлықшылдық сипаты және жеделдете жүргізілген индустрияландырудың қажеттіліктерін өтеу үшін жүргізілген қуғын-сүргін іс-шаралары елге орасан зор қасірет әкелді. Әсіресе қуғын-сүргін 1937-1938 жылдары шырқау шегіне жетіп, ІІХК (НКВД) шешімімен 1,58 млн адам тұтқындалып, 682 мыңы ату жазасына кесілді.

Сталиндік қуғын-сүргіннің идеологиялық негізі «тап жауларын» жою, «ұлтшылдыққа» қарсы күрес, «ұлыдержавалық шовинизм» т. Б. азамат соғысы кезінде қалыптаса бастаған болатын. 1928 жылы БКП ОК Пленумында И. Сталин «социализм дамыған сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген тұжырымын мәлімдеді.

Шаруа қожалықтарын кең ауқымда тәркілеу (ресми партия құжаттарында қолданылған термин - «кулактарды тәркілеу») - 1930 жылғы 30 қаңтардағы саяси бюроның "Кулакты тап ретінде жою туралы» қаулысына сай жергілікті билік органдары қатаң түрде қолға ала бастады. Бұл құжатқа сәйкес, жаппай ұжымдастырылған аудандарда өндіріс құралын жалға беру туралы заңның қолданылуы тоқтатылды және жұмысшы күшін жалдауға, жалға беруге (бұл шара ЖЭС кезінде ашық жарияланып, рұқсат берілген) тыйым салынды. Кулак шаруашылықтарынан жер, мал, тұрғын үй құрылыстары, азық-түлік, жем мен астық қорлары тәркіленуі тиіс болды. 1928-1932 күштеп ұжымдастыру жылдары мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі - «кулактарды тап ретінде жою» және онымен байланысты шаруалар көтерілістерін басу еді.

Ұжымдастырушылардың қолданатын ең сенімді құралдарының бірі Кеңес үкіметіне күдік туғызған немесе толқу үстіндегілерді ойланып жатпастан кулактар қатарына жатқыза салу болды. «Кулак құйыршығы» деген жаланың кең қолданылғаны соншалық, оған кез келген адамды, тіпті керек болса тақыр кедей шаруаны да жатқыза салатын. Сөйтіп, кедей мен орташа шаруалар да осылай қуғын-сүргінге ұшырады.

1928 жылғы 27 тамызда қабылданған «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет қуғын-сүргін саясаты мен қысымның күшеюіне жол ашты. «Байлар мал-мүлкімен ауылды кеңестендіруге кедергі келтіреді» деген сылтаумен тұрғылықты жерінен аластатылды. Осы декретке сәйкес 657 бай тәркіленіп, басқа жерлерге қоныс аударылды. Олардан тәркіленген 145 мың малды, ауылшаруашылық құралдары 877 ұжымдық шаруашылықтарға қайтадан бөліп берілді.

Ұжымдастыру саясатына қарсылық білдіру, салықтың өсуіне, «артық» астықты тартып алуға қарсы шаруалар наразылықтары астықты жасыру, өртеу, тіпті кеңес белсенділерін өлтіру оқиғалары ретінде қабылданып, мемлекет тарапынан «кулактардың революцияға қарсы әрекеті» ретінде бағаланды.

1920-жылдардың соңында шаруалардың кеңестерге қарсы көтерілістерін басумен арнайы бөлім - БМСБ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма, орысшасы ОГПУ Объединенное государственное политическое управление) жүзеге асырды.

1930 жылдың 2 ақпанында ОГПУ дың №44/21 жарлығы шықты. Ол бойынша қуғындалуға жатқызылған кулактар үш санатқа бөлінді.

1 санатқа (контрреволюциялық белсенділер, көтерілістер мен террорлық әрекеттерді ұйымдастырушылар) жатқызылғандарға азапты лагерьлер немесе ату жазасы белгіленді.

2- санаттағыларға (мейлінше бай кулактар) КСРО-ның жекелеген аудандарына жер аудару жазасы қолданылды.

3-санаттағыларды (кулак шаруашылығының қалған бөлігі) тұрғылықты жерімен шекаралас, бірақ өз колхозынан тыс жерлерге орналастыру көзделді.

ОГПУ тарапынан бірінші және екінші санаттағыларды жазалауға қатысты мынадай шешім қабылданды: 60 мың адамды концлагерлерге жіберу, 150 мың кулакты ешкім тұрмайтын, адам аз мекендейтін жерлерге қоныс аудару. Оның ішінде Солтүстік өлкелерге - 70 мың, Қазақстанға 20-25 мың , Оралға 20-25 мың отбасын қоныс аударып, оларды «ауылшаруашылық жұмыстары мен кәсіпшілікке пайдалануды қарастыру» мәселесі де ескерілді. «Қоныстанушылардың» дүние-мүлкі тәркіленді. Әр отбасыға сомасы 500 сомнан аспайтын зат алуға рұқсат етілді. 1930-1931 жылдары Қазақстаннан 6800 адам басқа аймақтарға қоныс аударылды. КСРО ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына осы кезеңде 180 мың жазаланған кулак-шаруалар жер аударылды.

Республикалық ОГПУ-ге жер аударылатындардың санын, мерзімі мен орнын белгілеу, жаппай тұтқындау, азап лагерьлеріне отырғызып, жер аудару, еңбекпен қамту, қоныстандырылған жерлерден қашқандарды ұстау істері жүктелді.

ОГПУ дың оперативті-есептік бөлімінің 1934 жылы дайындалған құпия деректері бойынша Қазақстанға жер аударылған кулактардың 90 мыңы жолда өліп, 300 мыңы қоныстандырылған жерлеріндегі аштық пен аурудан қаза болған.

Негізгі әдебиеттер:

1. Төлентаева К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. - Алматы: «Зият Пресс», 2006. 168 бет.

2. Адамбеков Б. К. ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті және ТМД тарихы: Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. -344 бет.

3. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х. М., Махат Д. А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ. Аяғанның жалпы редакциясымен. -Алматы: Раритет, 2010. - 448 бет.

4. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін: Бес томдық. 3-том. - Алматы: «Атамұра», 2002. -768 бет.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк): Оқу құралы. - Алматы: Дәуір, 1994. - 446 бет.

6. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4-том. - Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет.

7. Қандық Е. С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. -512 бет.

8. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.

9. Қазақстан тарихы: Оқулық /Жұмақаева Б. Д. - Алматы, -ТОО «Издательство LЕМ», 2010.

10. Қазақстан. Фотошежіре. Казахстан. Фотолетопись. Том 1. -Алматы: RUAN, 20057 -128 бет.

11. Қазақтар, казахи: Тоғыз томдық анықтама. - Алматы, 1998.

12. Новейшая история Казахстана. Сб. документов и материалов. Т.1 (1917-1939 гг.). Сост. Каражанов К. С., Такенов А. С. -Алматы: Санат, 1998.

13. Садыков Т. С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. - Алматы: Эверо. 2014.

Қосымша әдебиеттер:

1. Прімбетова Ә.Ө. Қазақ елінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы, 2003.

2. Тәтімов М. Қазақ әлемі. - Алматы: Атамұра, 1993.

3. Козыбаев М. К. История и современность. - Алматы, 1991.

4. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап. - Алматы, 1998.

5. Мұхамедов М. Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы, оқу құралы. - Алматы: «Қарасай», 2009.

6. Голод в Казахской степи. Сб. документов. - Алма-Ата, 1991.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі:

1. Өскембаев Қ. С. Қазақстан тарихы (1917-1991 жылдар). Электрондық оқулық. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы тізімдегі. № 1511 (2013 жыл 12 қараша).

Интернет көздері:

1. История Казахстана. // http://ru.wikipedia.org/wiki

2. История Казахстана. // http://www. encyclopedia.kz/wiki/

3. История Казахстана, Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о 4. Казахстане. // http://www.kazakhstan.orexca.com/rus/ kazakhstan_history.shtml

5. Культура Казахстана 19 века. // http://www.panasia.ru/main/kazakhstan/culture/1.html




Азақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, ортырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдары. | Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.

Ленин және большевизм: «Апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін. | Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура | Заңдық актілер - саяси репрессиялар тарихының дерек көзі | Дәріс тақырыбы №5. Қазақстан жаңа экономикалық саясат (НЭП) жылдарында | Коммунистік партияның Х съезі (1921 ж. 20 наурыз). Жаңа экономикалық саясатақа өту. | РКСФР Қылмыстық Кодексінің 58 - бабы. | Жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында да 58-бап күшін жойған жоқ. | Азақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф. Голощекиннің Қазақстанға келуі. | Жж. зиялыларға қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі. | Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Тап күресі мәселесі. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати