Головна

Кіріспе

  1. Кәсіпкерлік құқыққа кіріспе.
  2. Кіріспе
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Тақырып. Пәнге кіріспе. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаттары, міндеттері және әдістері.

Тешбаева А. А.

Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ көлік және коммуникацияларлар академиясы

Өтешбаева А. А.

Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау

Оқу құралы

Алматы 2008

УДК 625.7/.8

Тешбаева А. А.

Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау (оқу құралы). -Алматы: М. Тынышбаев атындағы КазККА, 2008.

Рецензенты:

Кіріспе

Сапаны қамтамасыз ету - бұл жобаланған және толығымен орындалған шаралардың бірігуі, өнімнің белгілі бір шарттарды қанағаттандыра алатындай қажетті сенімділікті құрастыру үшін. Жол өнімдерінің сапасын басқару-бұл дайындық (қолданушылардың сұранысын оқу) және жол өнімдерін шығаратын техникалық регламенттерге сапа талабы бойынша жоспарға енгізу сонымен қатар осы көрсеткіштерді көтеру мен пайдалану үшін кешенді жұмыстардың орындалуы және жақсару үшін келешегін қайта қарастыру. Жол өнімінің сапасын қамтамасыз ету - жол өнімдерінің сапасын техникалық регламент деңгейінде ұстап тұру үшін қажетті жұмыстардың орындалуы.

Өнім сапасын оперативті басқару, деңгей түрлерінің оперативтік сипаттамасы мен тәсілдері, сапа бақылауын қоса отырып сапа жөнінде ақпараттарды тарату мен жинау, шараларды өңдеу, сапа жөнінде оперативті шешімдерді қабылдау және оларды өндірістің барлық этаптарында тарату, сақтау, өнімдерді тасымалдау мен пайдалану. Бірінші этапта өнімнің сапасын басқаруда міндетті түрде оның деңгейін анықтау керек. Өнімнің сапа деңгейін бағалау болып негізінен жол өнімінің сапасын оперативті басқару құрылғысында қажетті басқару әсерлерін өңдеу болып саналады. Осы немесе қарсы жақтан көрсеткіштің ауытқулары жөнінде ақпарат болған жағдайда, инженер мамандарының көмегі арқылы техникалық шарттарға сәйкес келмеушілікті болдырмау үшін негізделген ұсыныстар қарастырылады және түзету әсерлері орындалады. Өнім қасиеті, ереже бойынша көптеген көрсеткіштермен сипатталады. Ең тиімді деген көрсеткішіне жататындар негізінен өнімді сенімді пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер. Орындалған жұмыстардың сенімділігі жеткіліксіз болған жағдайда пайдалануда жұмыс қабылеттілігін сақтау мен жөндеу жұмыстарына үлкен шығынға әкеліп соғады.

Жаңа техникалық бақылаудың ғылыми негізі математико-статикалық тәсілі болып саналады. Өнімнің сапасын басқару екі тәсілмен қамтамасыз етілуі мүмкін: көрсеткішті өлшеу және оларды нормативті көрсеткіштермен салыстыру және технологиялық дәлдікті көтеру жолдары. Жол құрылысында тәжірибе жүзінде көбінесе таңдамалы бақылау қорытындыларды статикалық тәсілдермен өңдеу қолданылады. Бірақ та бұл бақылау тиімді болады, егерде технологиялық процесстер дәл және тұрақты болған жағдайда. Жер төсемесінің топырақтарын тығыздау кезіндегі жұмыстардың сапасын тексеру кезінде орташа мәннен төмен ауытқулар байқалды, яғни берілген сенімділікті қамтамасыз ету шаралары орындалмайды. Егерде осы тәсілді ұлттық стандартқа қолданса, онда осындай аймақтар 50 пайыздық дәлдікпен, яғни немқұрайлық деңгейде немесе ықылассыз орындалған жұмыс десек те болады. Осы тәсілді пайдаланып, Қазахстанның автомобиль жолдарының кез келген аймақтарында сынақтар жүргізілді. РК № 209-III «Техникалық енгізулер жөнінде» заңның енгізілуі сапаны оперативті басқару үшін статикалық тәсілдерді қолдануға мол мүмкіншілік. Статистикалық анализ - бұл өнім сапасына әсер ететін жағдайларды зерттеу мен факторлар. Ақпараттардың көзі анализдерді жүзеге асыру үшін және сапаны бақылауға келесі тәсілдер қызмет етеді: берілген бақылау процесстерін тіркеу, қолданылатын операциялар жөнінде күнделікті ақпараттар, берілген бақылау қондырғыларының тіркелуі, потенттер мен мақалалар және т. Б.

Жол құрылыс жұмыстарының өндірісі кезінде бақылау мақсаты болып жол өнімдерін партиямен қабылдау кезінде өте дәлдікті қамтамасыз ету.

Сапаны басқаруда статистикалық тәсіл бастапқы бақылау кезінде, сонымен қатар операциялық бақылау мен дайын өнімнің қабылдау бақылауында да қолданылуы мүмкін. Анализдің статистикалық тәсілі мен өнім сапасының бағалануы технологиялық процесстердің дәлдігін анықтау үшін енгізілуі керек. Бұл жұмыстар орындалмайды. Сонымен бірге бұл тапсырыс беруші мен орындаушыға өте қажет. Осындай ақпараттарды білмейінше, жол өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету үшін үгіттеу жұмыстарын жүргізе алмайсыз. Бақылау деңгейін таңдау мен қажетті бақылау деңгейі көптеген факторларға, соның ішінде көптеген жағдайда бақылауға бөлінген толық шығын құнымен техникалық талаптарға сай емес пайдалануға берілген жол бөлігінің әсерінің арасындағы қатынасына байланысты.

«Техникалық келтірулер жөнінде» заңының кемшілігі жол-құрылыс зертханасының қаржыландыру сұрақтары келесідей тұжырымдалады, ол тек қана тәуелсіз зертханаларда қарастырылады және зертхана қаржыландыруын басқа жұмыстар мен мақсаттар үшін қарастырмайды.

1 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ТҮСІНІК,ҚҰРЫЛЫМ, СТАНДАРТ, МЕТРОЛОГИЯ



Официальные материалы | Автомобиль жол құрылысының сапасының негізгі түсінігі.

ИСО-9000 программасын енгізу. Сапаны көтерудiң экономикалық тиiмдiлiгi | Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды ұйымдастыру | Жол құрылысында геодезиялық бақылау сапасы | ЖСҚ (жобалы сметалы құжат) сапасын бақылау. ЖСҚ сұрыптау | Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бастапқы бақылау | Жер төсемесінің сапасын операциялық бақылау | Модернизирленген Ковалёвтің ылғалдық-тығыздық өлшегіш аспабы | Рғақ топырақтың максимальді тығыздығын анықтайтын стандартты тәсіл. | Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға қажетті бақылау құралдары. | Бөлім. §9 Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын операциялық бақылау сапасы. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати