На головну

Биологиялық мембрананың физикалық қасиеттері

  1. Биологиялық мембрана құрылысы және қызметі.
  2. Биологиялық физика пәні туралы.
  3. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
  4. Күнбағыстың биологиялық және ботаникалық ерекшеліктері.
  5. Мақтаның биологиялық және ботаникалық ерекшеліктері.
  6. Мембрананың фазалық күй.

Тығыздығы.Фосфолипид биқабатының тығыздығ 800 кг/м3 тең, бұл судың тығыздығынан кем.

Өлшемі. Электрондық микроскопиялық талдау нәтижесінде мембрана қалыңдығы 4 нм ден 13 нм дейінгі аралықта болатындығы және жасуша мембраналардың қалыңдығы олардың түрлеріне байланысты болып келетіндігі анықталды.

Мықтылығы. Мембрананың сыртқы әсерлерге (үзілу, созылу, бұзылу) төзімдігілі төмен. Мысалы, мембрана ішіндегі қысым 100 Па болғанда мембрана құрылымы бұзылады. Тірі жасуша осмостық қысымға төтеп беру үшін мембранасын созбайды, ол өз пішінін (формасын) өзгерту арқылы төтеп береді.

Деформациялануы.Жасуша мембранасының деформациялануы мен иілгіштігі жеңіл, ал оның серпімділік модуль 0,45 Па тең.

Тұтқырлығы. Мембараның липид қабатының тұтқырлығы 30-100 мП×с, яғни өсімдік майының тұтқырлығына жақын.

Беттік керілуі 0,03-3 мН/м аралығында жатыр, бұл сумен салыстырғанда 2-3 есе кем.

Өткізгіштігі. Биомембрананың суды өткізу көрсеткіші 25-33×10-4 см/с аралығында.

Электр сиымдылығы. 1 см2 мембрана қабатының электрлік сиымдылығы 0,5 -1,3 мкФ аралығында, ал мембрана қабатындағы электр өрісінің кернеулігі Е =20×106 В/м. Мембрананың фосфолипид аймағының диэлектрлік өтімділігі e = 2,0-2,2 тең болса, оның гидрофильді аймағының диэлектрлік өтімділігі e = 10-20 тең.

Электрлік кедергісі. 1 см2 мембрананың бетінің кедергісі 102 - 105 Ом/см2, ол жасушаның сыртқы немесе ішкі орталарымен салыстырғанда ондаған миллион есе көп. Мембананың электро оқшаулау (электроизоляциялау) қасиеті техникалық изолятордан әлде қайда көп жоғары.



Биологиялық мембрана құрылысы және қызметі. | Мембрананың фазалық күй.

Биологиялық физика пәні туралы. | Жасанды мембрана | Биофизика - ... |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати