Головна

Криолит-алюминий тотығы балқымаларын электролиздеу кезіндегі ток пен энергияның шығымдары | Павлодар алюминий заводының алюминий тотығы өндірісі технологиясының сұлбасы | Бокситті ұнтақтау және темір құмдарынан ажырату | Ызыл шламды қоюландыру және жуу | Бокситтің химиялық құрамы мен оның ұнтағының деңгейі | Ойылтқының ағызындысын сүзу | Ызыл шламды сүзу | Вакуумдық әдіспен салқындату | Декомпозиция | Гидратты өңдеу блогы |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати

Соданың ерітіндіден бөлінуі

Қуатты буландыратын батареялардың буланған ерітінділері қатты фазалардың түйіршіктерін кристалдарды ірілеу мақсатымен алдымен кристалдандырғышқа, содан кейін қатты қоюланған фазаны сұйықтан бөлу үшін қойылтқышқа жіберіледі. Қойылтқыштың ағызындысы өздігінен айналым ерітінділері жиналатын бакқа құйылады, ал қойылтқыштың астыңғы конусынан алынған қойыртпақ барабандық сүзгілерінде сүзіледі. Сүзгінің қоқымы карбонаттардан, сульфаттардан, органикалық заттардан ж. т. б. тұрады. Ол айналымдағы сумен араластырылып қойыртпақты суалту, ары қарай қызыл шламды араластыруға жіберіледі.

Буландырылған қуатты ерітінділерден соданы және басқа да қоспаларды бөліп шығару үшін кристалдандырғыштар мен сода тұндырғыш аппараттары қолданылады. Буландыру процесінен алынған сілтілік ерітінділер кристалдандырғыштарға түсіп, одан ары қарай қойылтқыштарға құйылады.

Қойылтқыштың мөлдірленген ағызындылары бөлек бактарға құйылады, ал астыңғы конусынан алынған сода қойыртпағы сүзілуге жіберіледі.

Бөлініп алынған сода шөгіндісінің құрамы мен қуатты ерітіндінің қойыртпақ қоспаларының химиялық құрамдары төмендегідей:

- айналымдағы сода (қатты фазасы):

- Al2O3 - 18,0; Na2Oж - 139,0; Na2Oку - 33,0; αк - 3,0.

- айналымдағы сілтілік ерітінді ( сұйық фазасы):

- Al2O3 - 120г/л; Na2Oку - 210-220г/л; αк - 2,9-3,2; соданың % -10-11%.

Кесте 18 - Қоюландыру процесінің технологиялық параметрлерінің

режімі

Параметрлердің атаулары Технологиялық режімнің мөлшері Бақылау әдісітері
Сода тұндырғыш аппараттың ағызындысы: Na2Oку; соданың % ; үлестік салмағы.     210-215г/л; 9-11; 1,360-1,365 г/см3 Ортаауысымдық алымды талдау
Қойылтқыштың конусынан алынған қойыртпақтың құрамы.   350-400 қг/л Көз мөлшерімен анықталады
Сода тұндырғыш аппараттың ағызындысының температурасы   115-117 оС Бақылау өлшеуіш аспаптары (БӨА) көрсеткіштері бойынша
Қойылтқыштың конусынан алынған қойыртпақтың тығыздығы, меншікті салмағы.   1,5-1,6 г/см3 Бақылау өлшеуіш аспаптары (БӨА) көрсеткіштері бойынша


Төл ерітіндіні буландыру | Алюминий гидрототығын қыздыру