Головна

Вакуумдық әдіспен салқындату

  1. Алюминиді электролиттік әдіспен алудың теориялық негіздері
  2. Алюминий тотығы өндірісінің Байерлік әдіспен өндіргендегі физика - химиялық негіздері

Алюминат ерітінділері бақылау сүзілуінен өткеннен кейін 95-98оС температура шамасында вакуумдық -салқындату бөлікшесіне түсіп, белгіленген температураға дейін салқындатылады және күйежентектелу цехынан түскен алюминат ерітінділерімен қосылып араласады. Ерітіндінің қайнауы кезінде пайда болған буды конденсациялау үшін барометрлік конденсатор қондырғыларына шламды жуған су мен айналымдағы суды араластырып қосу арқылы іске асырады.

Сөйтіп салқындатылған алюминат ерітіндісі вакуумдық суытудан кейін басқы декомпозерға түсіп қор мен араласады. Алюминат ерітіндісінің жарты бөлігі қор гидратын сұйылту үшін қорлық сүзуге жіберіледі.

Вакуумдық әдіспен салқындату бөлікшесі алюминат ерітінділерін салқындатып, ерітіндінің қанығу деңгейін жоғарлатып және ыдырау процесінің белгіленген ұзақтылығында Al2O3 шығымын арттыру мақсатына арналған. Сөйтіп бөлікшеге түскен алюминат ерітіндісі белгіленген температураға дейін салқындатылады. Вакуумдық салқындатқыш қондырғысы екі вакуумдық салқындатқыш батареядан және өздігімен жұмыс істейтін он баромконденсаторы бар өзібуланғыштардан тұрады. Барометірлік конденсаторларға шламды жуған сулар мен айналымдағы технологиялық сулар беріледі.

Жүйедегі вакуум РМК-4 тәрізді сорғыштардың көмегімен іске асырылады.

Алюминат ерітінділерінің салқындатылуы вакуумдық қондырғыларда ерітінділер вакуумның әсерімен қайнаған кездегі жылудың бумен бірге бөлініп шығуына негізделген процесс. Ерітіндінің қайнау температурасы вакуумның тереңдігіне байланысты, неғұрлым вакуум терең болса, соғұрлым ерітіндінің қайнау температурасы төмен болып келеді.

Алюминат ерітінділерін салқындату процесі кезінде ерітінділер қайнауының нәтижесінде буланып, ерітіндінің концентрациясы шамамен 6,0-8,0 г/л артады. Салқындатылған алюминат ерітінділері бұлғауыштарға түсіп, одан ары қарай басқы декомпозер мен қорлық вакуум сүзгілеріне жіберіледі.

Кесте 8 - Вакуумметр көрсеткіші мен алюминат ерітіндісінің қайнау

температурасының арасындағы тәуелділік

Вакуум, Р, г/см2 Судың қайнау температурасы, оС Алюминат ерітіндісінің сілтілік концентрациясы Na2O 130г/л =7 оС кезеңіндегі қайнау температурасы, оС
  99,09 106,09
0,1 96,18 103,18
0,5 80,86 87,86
0,6 75,42 82,42
0,7 68,68 75,68
0,8 59,67 66,67
0,82 57,41 64,41
0,83 56,20 63,20
0,84 54,93 61,93
0,85 53,59 60,59
0,86 52,18 59,18
0,87 50,67 57,67
0,88 49,06 56,06
0,9 45,45 52,45

Кесте 9 -Алюминат ерітіндісінің вакуум батареясына кірер кездегі

температурасы



Ызыл шламды сүзу | Декомпозиция

Алюминат ерітінділерін карбондау | Күйдіру жектектеу әдісі арқылы нефелиндерден алюминий тотығын, сода өнімдерін және цемент алу тәсілдері | Алюминиді электролиттік әдіспен алудың теориялық негіздері | Электролиттің құрамы | Криолит-алюминий тотығы балқымаларын электролиздеу кезіндегі ток пен энергияның шығымдары | Павлодар алюминий заводының алюминий тотығы өндірісі технологиясының сұлбасы | Бокситті ұнтақтау және темір құмдарынан ажырату | Ызыл шламды қоюландыру және жуу | Бокситтің химиялық құрамы мен оның ұнтағының деңгейі | Ойылтқының ағызындысын сүзу |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати