Головна

Алюминат ерітінділерінен кремниді ажырату | Алюминат ерітінділерін карбондау | Күйдіру жектектеу әдісі арқылы нефелиндерден алюминий тотығын, сода өнімдерін және цемент алу тәсілдері | Алюминиді электролиттік әдіспен алудың теориялық негіздері | Электролиттің құрамы | Криолит-алюминий тотығы балқымаларын электролиздеу кезіндегі ток пен энергияның шығымдары | Павлодар алюминий заводының алюминий тотығы өндірісі технологиясының сұлбасы | Бокситті ұнтақтау және темір құмдарынан ажырату | Ызыл шламды қоюландыру және жуу | Бокситтің химиялық құрамы мен оның ұнтағының деңгейі |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати

Ызыл шламды сүзу

  1. Ойылтқының ағызындысын сүзу
  2. Ызыл шламды қоюландыру және жуу

Қызыл шламды сүзу үзіліссіз жұмыс істейтін табақшалы вакуумды сүзгілерде жүзеге асырылады. Соңғы жуғыш бұлғауыштарынан орташаланған шлам сорғыштармен табақшалы вакуумдық сүзгіштерге жіберіледі. Ылғалдылығы 52,5% аспайтын сүзілген шлам күйежентектелу цехының шламды әуіттеріне жіберіледі.

Қызыл шламды сүзгілеу бөлікшесі қызыл шламның қатты фазасын сілтілік сулатылған сұйық ерітіндіден соңғы жуғыш аппараттардан орташаланып шыққан шламды вакуумның әсерімен мата арқылы табақшалы сүзгілерде сүзуге арналған.

Табақшалы сүзгілердің мынадай түрлері қолданылады: ДУ-100, ДОО-100.

Орташаланған қызыл шлам бұлғауыштардан сорғыштардың көмегімен сүзгілерге жіберіледі. Сүзілген қоқым қойыртпағы сода - сульфатты ерітіндісімен сұйытылып, сүзілген шламдардың бұлғауышына түседі.

Шламды сүзіп болғанан кейін оның тығыздығын тексеріп отыру маңызды мәселе, өйткені тығыздығының көрсеткіші арқылы сүзілген шламның ылғалдылығы қандай екенін байқап отырады.

Қызыл шламды сүзуден алынған сұйық ерітіндіні тұнбалауға жібереді, ал сүзілуден өткен шламды күйежентектеу цехының шикіқұрамды дайындау бөлімінің әуіттеріне сорғыштар арқылы түсіреді.

Кесте 7 - Вакуумдық сүзгілердің техникалық сипаттамасы

Параметірлердің атауы Табақшалы вакуумды сүзгілер: ДУ-100, ДОО -100.
Сүзілу беті 100м2
Табақшалардың саны
Табақшаның диаметірі 2,5м
Секторлардың саны
Табақшалардың айналым саны Минутына 0,97-1,15 айналым
Табақшалардың жетегі ВЦ -21421-0,2
Электрқозғалтқыш, қуаттылығы, 3 квт, минутына 1500 айналым
Кернеуі 380В
Үрлеу кезіндегі ауаның қысымы 0,5 кг/см2
Сүзгінің салмағы 17570кг

Сурет 5.8 - Табақшалық вакуумдық сүзгілер: ДУ-100; ДОО-100



Ойылтқының ағызындысын сүзу | Вакуумдық әдіспен салқындату