Головна

Кіріспе | Азақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары | Нефелиндер | Саздар және ақсаздар | Ндірістегі алюминий тотығын өндіру тәсілдерінің түрлері | Алюминий тотығы өндірісінің Байерлік әдіспен өндіргендегі физика - химиялық негіздері | Бокситті ерітінділеу | Алюминий тотығын күйежентектелу әдісімен өндірудің физика - химиялық негіздері | Бокситті шикіқұрамды дайындау | Күйежентекті ерітінділеу |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати

Алюминат ерітінділерін карбондау

  1. Алюминат ерітінділерінен кремниді ажырату

Байер әдісі бойынша ыдырату процессі алюминат ерітінділерін араластырып сығу арқылы жүзеге асырылады, осының нәтижесінде алюминий гидроксиді және натрий гидроксидтері алынады. Соңғысы өндірісте айналым ерітіндісі ретінде пайдаланылады.

Күйежентектелу әдісінде карбондауды қолданған тиімді, өйткені күйежентектелудің нәтижесінде алюминий гидроксидімен қатар айналымда қолданылатын содалы ерітінділерде алынады.

Карбондау кезінде алюминат ерітінділері арқылы құрамында СО2 бар оттық газдарды жібереді. Химиялық көз қарас пен карбондау процесі екі сатылы реакциямен жүреді:

1 - саты

2NaOH + CO2 = Na2CO3 + H2O, (3.25)

2 - саты

NaAl(OH)4 Al(OH)3 +NaOH (3.26)

Реакция нәтижесінде пайда болған сілтілік ерітінді көмірқышқыл газының жаңа үлесімен өзара байланысып, алюминат ерітінділерінің толық ыдырауына қолайлы жағдай туғызады.

Карбондау процесінің жүруіне және негізгі алынатын алюминий гидроксидінің сапасына елеулі әсер ететін факторлар мынадай:

1) температура;

2) аударып бұлғаулау;

3) ауқыты;

4) ерітіндінің ыдырау дәрежесі.

Ерітінділерді карбондау процесінің ұзақтығы шамамен 12 - 14 сағат уақыт аралығында, ал температуралық режім 70 - 80оС аралығында болуы тиіс.



Алюминат ерітінділерінен кремниді ажырату | Күйдіру жектектеу әдісі арқылы нефелиндерден алюминий тотығын, сода өнімдерін және цемент алу тәсілдері