Головна

Divide;(1-n*d) - антисипативтік пайыздар үдеу көбейткіші.

Әлемдік практикада пайыздың кері бағамдық (декурсивтік) есептеу тәсілі кеңінен қолданылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде пайыз есептеудің антисипативтік әдісі, әдетте, инфляция жоғары кезеңдерде қолданылды.

Пайыз есептеудің екі тәсілінде пайыздық ставка жәй(егер ол есептелген бүкіл кезең бойы сол бір бастапқы ақша сомасына қолданылса) немесе күрделі(егер әрбіресептеу аралығы өткеннен кейін ол борыш сомасына және өткен аралықтар үшін есептелген пайызға қолданылса) болуы мүмкін

Әдетте пайыздық ставкалар, жылдық деп аталғандықтан, жылдық есептілікте қойылады. Бірақ бұл

11-тақырып. Корпоративтік несиелеу процесін ұйымдастыру.

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

Қарыз алушының несиелік қабілеті -бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.

Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерінбөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі).

Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

Қарыз алушының занды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен түрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.

Қарыз алушының қапиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:

2) оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы леверидж коэффициенті негізінде талданады;

2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады

Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.

Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.

Соңғы критерий - бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, Қаржылық қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

- іскерлік тәуекелді бағалау;

- менеджментті бағалау;

- қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;

- қаржылық коэффициенттерді бағалау;

- ақша тасқынын талдау;

- қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;

- орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдаланумен сипатталады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипатайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты:

5) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

6) несиені қайтару;

7) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

8) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде қаржы Министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: "Кәсіпорын балансы" (№1 форма); "Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі" (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы "Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі" (№1 - Ф - мерзімді - тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі" (№5-з - мерзімді - тоқсандық- жылдық формалары).

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: [ 6. 39-48, 7 . 38-47, 8. 41-54 бет],

Қосымша: [ 6. 13-21 бет]



Тақырып. Банктік проценттер және проценттік төлемдер | Тақырып. . Бөлшек несиелеу процесін ұйымдастыру.

Тақырып. Қазақстан Республикасында банктер қызметтерінің құқықтық негіздері | Тақырып. Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару | ІІІ БӨЛІМ. Банк активтерін басқару | Тақырып. Несиелеу жүйенің элементтері және несиелік процесс. | Несиелеу принциптері (қағидалары), формалары мен түрлері. | Тақырып. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдаудың банктік технологиялары. | Тақырып. Банктік несиенің қайтарылуын қамсыздандырудың формалары. | Тақырып. Несиелік портфель және проблемалық несиелерді басқару | Тақырып. Коммерциялық банктердің қор нарығындағы операциялары. | Тақырып. Коммерциялық банктердің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг қызметтері. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати