Головна
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати

Тромбоцитопатиялар

- тромбоциттердің сапалық өзгерістері (қызметтерінің бүзылыстары)

       
   


Тұқым қуатын Жүре пайда болған
1. Адгезиясының бұзылыстарымен: - Тромбоциттер қабылдағыштарының ақауы (гликопротеид Ib) - Бернар Сулье ауруы 2. Агрегациясының бұзылыстарымен; - Тромбоциттер қабылдағыштарының ақауы (гликопротеидтер II b, IIIа) - Гланцман тромбастениясы. 3. Тромбоциттердің түйіршіктері болмауымен немесе олардан белсенді биологиялық заттардың босап шығуының бұзылыстарымен: - Тығыз түйіршіктерінің тапшылығы; - альфа-гранула тапшылығы (сұр тромбоциттер синдромы) 4. Осы қызметтерінің біріккен бұзылыстарымен: - Вискотт-Олдрич синдромы (адгезия, агрегация және босау серпілістерінің бұзылыстары). · Жіті лейкоздар; · Уремия; · Бауыр циррозы; · В12 - витамині тапшылықты анемия; · Тамыр ішінде шашыранды қан ұю синдромы т. б. дерттер кездерінде; · Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді (ацетилсалицил қышқылы, бруфен, индометацин) қабылдағанда · Парапротеинемияларда байқалады.  

Тромбоцитопениялар мен тромбоцитопатиялардың салдарлары:

  • Ұсақ тамырлардан қан кету ® петехиялар, экхимоздар, меноррагиялар, мұрыннан қан кетулер;
  • Қан кету уақытының және қан ұйындысы ретракциясының ұзаруы;
  • Қан ұю уақыты өзгермейді.

Коагулопатиялар

- Гемостаздың коагуляциялық тетігінің бұзылуы салдарынан дамитын геморрагиялық синдромдар (плазманың ферменттер жүйесінің: ұйытатын, ұюға қарсы, фибринолиздік).

Себебіне орай: Тұқым қуалайтын, біріншілік және жүре пайда болған, екіншілік

Даму тетіктері:

1. Прокоагулянттар тапшылығы;

2. Антикоагулянттар артықшылығы;

3. Фибринолиздің артып кетуі.

- .

Прокоагулянттар тапшылығы:

1. Прокоагулянттардың тұқым қуалайтын, біріншілік тапшылығы
Қан ұюының XII фактордан басқа кез келген факторының тұқымқуатын тапшылығы геморрагиялық синдром дамуының себебі болуы мүмкін.
  • VIII фактордың тапшылығы
   
  • IX фактордың тапшылығы
   
  • XI фактордың тапшылығы
     
    гемофилия А(80-85%), тұқым қуалаушылықтың жыныспен тіркескен бәсеңкі түрі гемофилия В (15-18%), тұқым қуалаушылықтың жыныспен тіркескен бәсеңкі түрі гемофилия С(өте сирек), тұқымқуалаушылықтың аутосомды-бәсеңкі түрі
 
 


  • Қанағыштықтың гематомды түрі, гемартроздар.
  • Қанның ұю уақыты ұзарған, қан кету уақыты қалыпты
2. Прокоагулянттардың жүре пайда болған, екіншілік тапшылығы
  • К-гиповитаминозы; (X,IX,VII,II факторлардың карбоксилденуі бұзылуы)
   
  • Бауыр жеткіліксіздігі
  • Прокоагулянттарға антидене түзілуі
- жаңа туылғандарда; өттің ішекке түсуінің бұзылуы; тікелей емес антикоагулянттарды ұзақ қолданғанда - дисбактериозда - қан ұюының II, V, VII, IX, X, XI, XII факторларының түзілуі бұзылуы  

Антикоагулянттардың артықшылығы:

- гепаринді артық енгізу;

- гепариннің артық түзілуі (лейкоздар, коллагеноздар).

Фибринолиздің артып кетуі:

  • плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштерінің артық түзілуі,
  • плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштері ыдыратылмауы (бауыр аурулыры),
  • a2- антиплазминнің түқымқуатын аз өндірілуі,
  • плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштер тежегіштерінің тапшылығы (бауыр аурулары)

Ангиогемофилия -Виллебранд ауруы

Виллебранд факторының тұқымқуатын тапшылығы (тамыр эндотелиінде түзіледі және VIII плазмалық фактордың құрамдас бөлігі)

¯

Тромбоциттік-қан тамырлық және коагуляциялық гемостаздың бұзылыстары

¯

Тері мен шырышты қабықтарға қан құйылулар

№ 3 тақырып. Гемобластоздардың патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктер.

Мақсаты: Лимфопролиферациялық синдромның этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру

Дәріс жоспары:

1. Гемобластоздар туралы түсінік

2. Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі

3. Миело және лимфопролиферациялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі

4. Балалардағы лейкоздардың ерекшеліктері

Дәріс тезистері

Гемобластоздар - гемопоэз тіндерінің қан түзуші жасушаларының өспелері.

Гемобластоздар өлімнің себебі болатын қан түзуші жүйенің барлық ауруларының ішінде бірінші орында тұр.

Гемобластоздар лейкоздарға (сүйек кемігінің гемопоэз жасушаларын диффузды - жүйелі - зақымдайтын өспелер), лимфомаларға (лимфопролиферациялық қан түзуші жасушалардан түйін немесе бірнеше түйіндер түрінде шығатын сүйек кемігінен тыс, тығыз өспелер) және миелопролиферациялық жаңа түзілімдерге (миеломалар) бөлінеді.

Лейкоз- қызыл сүйек кемігінің біріншілік бүлінісімен сипатталатын бағаналы қан түзуші жасушалардың өспесі.

Лейкоздардың негізінде нақтылануы мен жетілу қабілетінің бұзылысымен сипатталатын жасушалардың шексіз өсіп-өнуі жатады. лейкоз жасушаларыныңжетілу дәрежесіне қарай лейкоздар қауырт және созылмалы болып жіктеледі. Қауырт лейкоздарда өспелердің негізін гемопоэздің нақтылануын жоғалтқан II, III және IV класстарының жасушалары құрайды. Созылмалы лейкоздарды нақтыланған және жетілген жасушалар құрайды. Нақтылану жартылай кешігеді.

Лейкоздардың этиологиясы

Лейкоздардың этиологиясында онкогенді вирустардың, иондаушы радиацияның, химиялық канцерогендердің, тектік ақаулардың рөлі анықталған.

Вирустардың рөлі

Лейкоздарды көбіне РНК-лы онковирустар, сирегірек герпес-вирустарға жататын ДНК - лы онковирустар шақырады.

РНК- лы онковирустар құстардың, тышқандардың, ірі қара малдың, маймылдардың және басқа да жануарлардың лейкозын тудырады. Вирустар несеп, нәжіс, мұрынның, жұтқыншақтың бөліністері, анадан ұрпағына берілуі мүмкін. Эксперименте лейкоз науқас жануардың жасушасыз сүзіндісін сау жануарға енгізу арқылы алынады.

Адам лейкозының вируспен туындайтыны Т-жасушалы лейкозда (HTLV-I түрлі РНҚ-лы вирус) дәлелденген. Вирустың қан құйғанда, жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін деп есептеледі.

Иондаушы радиацияның рөлі

Иондаушы радиацияның лейкоз дамуындағы рөлі тәжірибеде дәлелденген. Рентген сәулесімен қауырт та, созылмалы да сәулелену егеуқұйрықтар мен тышқандарда лейкоз дамытады. Хиросима мен Нагасаки тұрғындары, рентгенологтар мен радиологтар арасында қауырт және соқылмалы миелолейкозбен ауырушылдық артқандығы анықталды. Өспелерді емдеу мақсатында Рентгеннің иттрий, радийдің үлкен мөлшерін қабылдаған науқастарда лейкоз дамуының жиілегендігі туралы мәліметтер бар.

Химиялық канцерогендердің рөлі

Химиялық канцерогендер адамдардың бензолды, органикалық еріткіштерді кәсіптік қолдануларында қауырт лейкоз дамытуы мүмкін. Өспемен ауырып емдік мақсатта циклофосфан, хлорбутин, метотриксат, миалосан сияқты цитостатиктер қабылдаған науқастарда лейкоздың жиілегендігі анықталды. Лейкозды дамытуға қабілетті дәрілерге бутадион, левомицетиндер де жатады. Эксперименте лейкоз химиялық канцерогендерді (диметилантрацен, метилхолантрен), сонымен бірге триптофан, тирозин, индол өнімдерін енгізу арқылы алынды.

Тектік ақаулар

Лейкозға тұқым қуалаушылық бейімділік бар. Жанұялық лейкозбен ауырған жағдайлар белгілі. Лейкоздың дамуына хромосомалардың кенеттен ажырауы және олардың ажырамауымен сипатталатын аурулар (Даун ауруы, Фанкони анемиясы, Клайнфельтер, Тернер синдромдары) әкеледі. Лейкоздың кейбір түрлерінде, олардың тектік маркері болып табылатын арнайыланған хромосомдық мутациялар анықталған. Созылмалы миелолейкозда «Филадельфиялық» хромосома (между 22 және 9 жұп хромосомалар арасындағы транслокация) анықталған. Лейкоздың кейбір түрлерінде хромосоманың зақымданған жері мен онкогеннің орналасқан орны сәйкес келгендігі анықталған.

ПАТОГЕНЕЗІ



Тромбоцитопениялар | Канцерогендер