Головна

Дәріс. 3. Тақырып. Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары

  1. Ақша-несие реттеуінің құралдары
  2. А) компьютерлік технологияны қолдану
  3. Дәріс 2. Компьютерлік тораптарды құру негіздері
  4. Дәріс. Құрама аэрофототүсіріс.
  5. Дәріс. GPS-технологиялары.
  6. Дәріс. TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB, SNA және DECnet стектері.

1. Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі.

2. Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.

3. Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне функциональды сай келуі.


Желілік адаптерлердің, қайталаушылардың, көпірлер мен маршруттаушылардың арасындағы айырмашылықты түсінудің ең жақсы әдісі болып, олардың жұмысын OSI үлгісінің терминлерінде қарастыру


табылады. Бұл құрылғылардың фукнциялары мен OSI үлгісінің деңгейлерінің арасындағы арақатыс 3.1 суретте көрсетілген.

Сигналдарды регенерациялаушы, және соның есебінен желінің ұзындығын көбейтуге мүмкіндік беретін қайталаушы, тек қана физикалық деңгейде жұмыс істейді.

Желілік адаптер физикалық және арналық деңгейде жұмыс істейді. Физикалық деңгейге байланыс линиясы бойымен сигналдарды қабылдау және беруге байланысты адаптер функциясының бөлігі жатады, ал берудің бөлінетін ортасына рұқсат алу, компьютердің МАС-адресін тану - бұл арналық деңгейдің функциясы.

Көпірлер арналық деңгейде өз жұмысының көп бөлігін орындайды. Олар үшін желі құрылғылардың МАС-адрестерінің жинағымен көрсетіледі. Олар арналық деңгейде дестелерге қосылған тақырыптардан осы адрестерді алып шығады және оларды қандай-да бір дестені қандай портқа жіберу керектігі туралы шешім қабылдау үшін дестелерді өңдеу кезінде қолданады. Жоғарырақ деңгейге қатысты желі адрестері туралы ақпаратқа көпірлерде рұқсат жоқ. Сондықтан олар желі бойымен дестелерді жылжытудың мүмкін жолдары немесе маршруттары туралы шешім қабылдауда шектелген.

Маршруттаушылар OSI үлгісінің желілік деңгейінде жұмыс істейді. Маршруттаушылар үшін желі - бұл құрылғылардың желілік адрестерінің жинағы және желілік жолдардың жиынтығы. Маршруттаушылар желінің кез-келген екі түйіндерінің арасындағы барлық болуы мүмкін жолдарды сараптайды және олардың ішінен ең қысқасын таңдайды. Таңдау кезінде назарға басқа факторлар да алынуы мүмкін, мысалы, аралық түйіндер мен байланыс линияларының жағдайлары, линияның өткізгіштік қабілеті немесе деректерді берудің бағасы.


OSI

үлгісінің деңгейлері

 



DECnet стегі. | Олданбалы

Иерархиялық желілер. | Ашық жүйе" түсінігі. | Көпдеңгейлі тәсілдеме. Хаттама. Интерфейс. Хаттамалар стегі. | OSI үлгісі. | Дәріс. Коммуникациялық хаттамалардың стандартты стектері. | OSI стегі. | Дәріс. TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB, SNA және DECnet стектері. | IPX/SPX стегі. | NetBIOS/SMB стегі. | SNA стегі. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати