Головна

Азақстан Ұлттық банкінің өкілеттілігі және құқықтары | Азақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен функциялары және оларды Агенттікпен бөлісуі. | Ақша-несие реттеуінің құралдары | Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары | Жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы | Орытынды |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати

Азақстан Республикасы Ұлттық банк қызметінің басқармасы

  1. Азақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары
  2. Азақстан Ұлттық банкінің өкілеттілігі және құқықтары
  3. Азақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен функциялары және оларды Агенттікпен бөлісуі.
  4. Азақстан Республикасы Мемлекеттiк гимнiнiң мәтiнi
  5. Азақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
  6. Азақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар

Орталық банктер елдің барлық несие жүйесінің бас үйлестіруші және реттеуші органының ролін орындай отырып ерекше орын алады және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болады. Олардың басты ролі мемлекет берген кең өкілеттіктермен негізделген.

Орталық банк елдік эмиссиялық, резервтік, кассалық орталығы болып табылады, нормаларды шығару, бақылау құқығына ие болады, "банктердің бас банкі" ролін атқарады, ақша-несие және валюта саясатын айқындайды; оның қызметінің негізгі мақсаты - пайда табу емес, елдің ақша-несие саясатын және несиелік жүйеге басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекет берген эмиссиялық құқыққа ие Орталық банк экономиканы тұрақтандырудың, тауар-ақша қатынасын тұрақтандырудың жалпы мемлекеттік саясатты жүргізеді.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" ҚР Заңы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және республиканың банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. КСРО Мемлекеттік банкінің бұрынғы Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылды. Ол күнделікті клиенттерге қызмет көрсететін әдеттегі мемлекеттік банкіден орталық эмиссиялық банкіге айналып, "банктердің бас банкі" болды.

Іс жүзінде барлық кассалық резервтер Ұлттық Банкіде шоғырланатынын және олардың шаруашылық айналымға түсімдері Ұлттық Банктің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассасын толықтыру арқылы болатынын білдіреді.

Ұлттық Банк - өзінің алтынвалюта резервтерін, басқа да материалдық құндылықтарды қоса алғанда, ақша резервтерін құрайтын оқшауланған мүлікке ие заңды тұлға. Мүліктің қалыптасуының көздері банк қызметінен алынған кірістер мен шығыстар, бағалы қағаздардан түскен кірістер, тиісті бюджеттерден алынған дотациялар болып табылады.

Отралық банктердің құқықтық мәртебесі құқықтық актілерде бекітілген: орталық банк туралы заңдарда және олардың жарғыларында, банктік және несиелік қызмет туралы заңдарда, валюталық заңнамаларды. Әдетте, орталық банктің қызметін реттейтін негізгі құқықтық акт ол орталық банк туралы Заң болып табылады. Онда оның мәртебесі, басшыларын тағайындау рәсімі, мемлекет және ұлттық банк жүйесі арасындағы қарым-қатынастар айқындалып көрсетіледі. Бұл заң орталық банктің елдегі эмиссиялық институты ретіндегі өкілеттігін көрсетеді.

Ұлттық банк жүйесінің нормативтік құқықтық базасының қалыптасуының басы 1995жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өзінің қаржы-несие, ақша жүйесі, алтын қоры, валюталық қорларын құруға құқық алды.

1993 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Ұлттық банктің ролі және банк жүйесіндегі орны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынастары айқындалған еді.

КСРО мемлекетінің тұсында Ұлттық банк КСРО Мемлекеттік банкінің құрамына республиканың орталық банкі ретінде енген болатын. Бұл кезеңде Қазақ ССР ақша айналымы орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылатын.

Ұлттық валютанмызды - теңгені (15 қараша 1993 ж.) енгізгеннен бастап Ұлттық банк ақша-несие саласының қызметіне толығымен жауапкершілікті атқара бастады.

Қазақстанның ақша-несие нарығының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ролі де айрықша өзгере түсті. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мемлекеттің орталық банкі ретінде өзінің негізгі реттеуші және бақылаушы орган екеніне байланысты осы қызметтерін күшейте түсті. Осы жағдайда еліміздегі банк жүйесі реформаларының қажеттігі туындады, сөйтіп жаңа құқықтық актілер қабылдау керектігі айқын көзге түсе бастады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жұмысын реттейтін негізгі құқықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң болып табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының Президентінің жылы 2011 30 наурызында шыққан №2155 заңдық күші бар Жарлығы. Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі, өз жұмысын еліміздің Конституциясын және басқа да заңдық құжаттарды және де президент шығарған құжаттарды басшылыққа алып жүргізеді. Қазақстанның Ұлттық банкісі дербес балансы бар заңды тұлға.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң басқа банктерге байланысты Заңдармен әрекеттес. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жұмысын реттейтін екінші құқықтық құжат Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Жарлығы. Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты - пайда табу.

Жоғарыда аталған екі заң кезінде халықаралық қаржы ұйымдар мен сарапшыларының жақсы бағасына ие болған еді. Соңғы аталған заңға сәйкес банк қызметі кәсіпкерлік қызмет тәрізді реттелуі тиіс деген алғышартқа негізделген. Мұнда Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің қарым-қатынастары егжей-тегжейлі анықталған.

Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиіс.

Халықаралық практикада Орталық банктерді жіктеудің бір өлшемі, олардың ақша саясатын жүргізудегі мемлекеттен тәуелсіздік дәрежесі. Бұндай тәуелсіздіктің дәрежесі көптеген әр түрлі объективтік және субъективтік факторлардың әсерімен анықталады. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға болады:

- Банктің капиталын құрауға және оның пайдасын бөлуге мемлекеттің қатынасы;

- Банктің басқарушынар құрамын тағайындау процесі;

- Елдің Заңдарында, Орталық банктің мақсаты мен міндеттерін қамту дәрежесі;

- Ақша-несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы;

Орталық, банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып талдасақ оның тәуелсіздігінің дәрежесі тым жоғары емес. Өйткені, біріншіден оның негізгі капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден жоғарыда айтылғандай, банктік басқарушылар құрамын толығымен елдің Президенті тағайындайды және босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің басқарма мүшелігіне бір Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға сәйкес кіреді. Сөйтіп, 9 басқарма мүшелерінің 1/3 банктің аппаратынан тыс адамдар. Үшіншіден, жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттері, атқарымдары, өкілеттігі мен құқықтары толығымен жете жазылған. Оның ішінде, Үкіметтің ақша-несие саясатына араласу құқығы да қаралған. Оның үстіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің өзінің табысын өз бетінше бөлуге құқығы жоқ. Аталмыш Заңның ІІ-бабына сәйкес, оның табысының бір бөлігі Президент белгілеген шекте оның негізгі капиталын толықтыруға, енді бір бөлігі оның резерв қорын толықтыруға (екеуі де мемлекет меншігі екенін айтқанбыз), ал қалған бөлігі мемлекеттің бюджетіне бағытталынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

Қазақстан Республикасының Президентіне есептілік мынаны білдіреді:

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімімен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекітуі;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;

Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекітуі;

Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзыретіндегі мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті сұрау салған ақпаратты табыс етуі.

Орталық банк акционерлік қоғам нысанында құрылады. Әдетте, оның капиталы мемлекетке тиесілі (Франция, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды и Испания). Егер мемлекет капиталдың бөлігін (Бельгия, Жапония) немесе орталық банктің акционерлері коммерциялық банктер (АҚШ) және басқа қаржы мекемелері (Италия), болғанымен мемлекет орталық банктің басқару органдарын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

Қазақстан Ұлттық банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі және Қазақстан Ұлттық Банкінің билігіне негізгі қорларды беру жолымен және оның таза табысынан алынған аударылымдардан, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыдан 20 миллиард Қазақстан теңгесі мөлшерінде құралады.

Қазақстан Ұлттық Банкі өз балансындағы мүлікті иелену, пайдалану мен билік жүргізу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен дербес жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге біртұтас құрылым құрайды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы оның жарғылық капиталы мөлшерінде құрылып, таза табысы есебінен толықтырылады әрі Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен ережеге сәйкес, тек жүргізілген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерін қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар түріндегі бағалы қағаздарды қайта бағалау шоты оның ішінде шетел валютасындағы шот та, олардың құнын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негізгі қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын индекстеу нәтижелерін есепке алуға арналған.

Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық жыл ішіндегі таза табысы іс жүзінде алынған кірістер мен осы қаржылық жылға қатысты, активтер амортизацияны, соның ішінде айналысқа шығарылған банкноттар мен тиындарды қоса алғанда, шығыстары (алтын-валюта активтерін қайта бағалау есебіне жатқызылатын жұмсалған кірістің пайда болған сомасын қоспағанда) арасындағы айырма ретінде анықталады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына азайтылған таза табысы Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін абсолюттік сомада жарғылық және резерв капиталын құрауға бағытталады.

Нақты алынған таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады. Нақты алынған таза табыс Қазақстан Ұлттық Банкінің осы Заңда көзделген жарғылық капитал мен резерв қорын қалыптастыруға жетімсіз болған жағдайда, пайда болған айырмашылық келесі қаржы жылындағы республикалық бюджет қаржысы есебінен өтеледі.



Кіріспе | Азақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары