Головна

Банктік қызметтің нарықтың мүмкіндіктерін талдау

  1. II ТОО "Ашай" мекемесінің жергілікті бюджетпен қатынасын талдау
  2. Банктік қызмет нарығын зерттеу
  3. Тақырып. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдаудың банктік технологиялары.
  4. Тақырып. Банктік маркетинг: қағидалары, әдістері және стратегиялары.
  5. Тақырып. Банктік несиенің қайтарылуын қамсыздандырудың формалары.
  6. Тақырып. Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару

Банктің үш жылға арналған шешуші басымдықтары ретінде мынадай негізгі бағыттар бойынша мақсаттар айқындалған:

Банктік қызмет - «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ №1 БАНК»

· Қаржылық нәтижелер - Банктің пайдасын жоғарғы деңгейге жеткізу, Банк капиталының рентабельділігі (ROE) және шығындар тиімділігі (cost / incomе) көрсеткіштерін тиімді деңгейде ұстау, пайыздық маржа деңгейін (NIM) тұрақтандыру, пайыздық табыстардың барынша жоғарғы деңгейде өсуін, комиссиялық табыстардың және клиенттерге валюта сату/сатып алу түсімінің жыл сайынғы өсімін кемінде 10% деңгейінде қамтамасыз ету.

· Акционерлік құнды ұлғайту - Банк акционерлік капитал құнын бизнестің мақсаттық өсім қарқынын және негізгі қаржы нарықтарында шешуші позицияларды нығайтуды қамтамасыз ететін барынша жоғарғы пайда табу арқылы ұлғайтуды көздейді. Бұл ретте Банк реттеуші орган (ҚҚК) нормативтерімен және капитал туралы Базель келісімінің талаптарына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауға, үздіксіз әрекет етуші бизнес ретінде жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуге; капиталдың рентабельділігін ұлғайту мақсатында капиталдандыруды оңтайландыруға ниеттеніп отыр.

· Клиенттерге кредит беру көлемін өсіру -берілетін кредит көлемінің жыл сайынғы өсімін Банктің жиынтық активтерінің кемінде 10%-ы деңгейінде қамтамасыз ету және брутто кредиттік портфель үлесін 70%-ға дейін ұлғайту.

· Активтердің сапасын арттыру - қайта құрылымдау, кепілмен қамтамасыз етуді өткізу және берешекті шығынға жазу жолымен жұмыс істемейтін кредиттер үлесін азайту, Стресті активтерді басқару бойынша ұйым жұмысының тиімділігін және Проблемалы кредиттер қорымен ықпалдастықты қамтамасыз ету.

· Жаңа өнімдерді дамыту - клиенттердің мүмкіндіктерін арттыратын және тәуекел тұрғысынан, бірінші кезекте операциялық-кассалық қызмет көрсету, карточкалық бизнес үшін қолайлы және клиенттер бизнесінің талабына жоғарғы деңгейде жауап беретін жеке-дара айырбастау бағамдары мен тарифтерді белгілеу бойынша жылдам іс-қимылдар жасау арқылы клиенттерге валюта сату-сатып алу секілді кредиттік емес сипаттағы банктік және қаржылық өнімдерді алға жылжыту.

· Сатылым арналарын кеңейту -клиенттердің банктік сервиске деген айтарлықтай өсіп отырған сұраныстарын мейлінше толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық, тиімді және оңай іске асырылатын қашықтан сату арналарын дамытуға және барынша кеңейтуге көңіл бөлу.

· Дивиденд саясаты -дивиденд төлеу бойынша заңнамалық шектеулер болмаса және халықаралық кредиттік рейтингтер және меншікті капиталдың жетімділік нормативтері жалпысалалық нормативтерден төмен емес деңгейде сақталған жағдайда, аудиттелген біріктірілген қаржылық есептеме бойынша анықталатын есептік жыл үшін жалпы таза табыстан қарапайым акциялар бойынша 15-тен 50-ге дейінгі пайыз мөлшерінде дивидендтік төлемдерді қамтамасыз ету.

· Жоғары рейтингтер - Банктің ең тұрлаулы әрі клиенттер мен кредиторлардың сеніміне ие болған, халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін және бизнес жүргізу бойынша таңдалған стратегиясының сәттілігін іс жүзінде дәлелдеген Қазақстан Республикасының қаржылық институты ретіндегі имиджі мен іскерлік беделін нығайтуға септігін тигізетін Қазақстандағы шетелдік үлес қатысуынсыз жұмыс істейтін банктер арасындағы үздік халықаралық рейтингін сақтау.

-




Банк қызмет нарығын сегменттеу | СИСТЕМА СУБЪЕКТОВ И МЕЖСУБЪЕКТНЫХ ОТНОШЕНИЙ
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати