На головну

ОРЫТЫНДЫ

  1. Азақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
  2. Негізгі қорытындылар
  3. Орытынды
  4. Орытынды
  5. орытынды

Жерді қорғау - оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын

қорғау. Жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды. Жерді ұтымды пайдалану ауыл және орман шаруашылығында топырақтың құнарлығын арттырумен байланысты агротехникалық шараларды жүргізу арқылы жер пайдалануды білдіреді. Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар табылады: өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман

мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы

жердің тозуы мен бұлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз

зардаптарын болдырмау; тозған немесе бұлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету; жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу. Жерді қорғаудың аталған мақсаттары мен міндеттерінің барлығы нысаналы болып табылады, оларды жүргізу үшін жер туралы заңнамада ауыл және орман шаруашылығы өндірісі және құрылыс объектісі процесіне қатысатын жауапты тұлғалар белгіленген.

Жерді ұтымды пайдалану мен оны қорғауға қатысты жүргізілетін

бақылауды келесі түрлерге бөлуге болады:

1) мемлекеттік бақылау;

2) ведомстволық бақылау;

3) өндірістік бақылау;

4) қоғамдық бақылау.

Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 19-ақпандағы № 235 қаулысымен Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы ереже бекітілді. Бұл ережеде аталғандай, жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бакылауды жергілікті атқарушы органдар, жер ресурстарын басқару, табиғатты қорғау жөніндегі атқарушы органдар және өз құзыреті шегінде өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті органдардың қатарынан келесі органдар аталған: Қазақстан Республикасының Денсаулық қорғау министрлігі; Қазакстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі; Қазакстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитеті. Бұл органдар өз функцияларын жергілікті атқарушы органдармен және өзара бірлесе отырып жүзеге асырады. Ереженің күші жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, жергілікті атқарушы органдар құрған жергілікті инспекцияларға да таралады. Жер инспекцияларына әдістемелік басшылықты Қазақстан Републикасының Жер ресустарын басқару жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың барлығы үшін міндетті болып табылады.

Жер пайдалану құқығы. Бұл институт жер құқығы жүйесіндегі аса маңызды институттардың бірі. Жер пайдалану құқығы - бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы. Жер құқығы қатынастарының жер пайдалану саласындағы субъектілері болып мыналар табылады:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілер;

2) ұлттық және шетелдік субъектілер;

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша субъектілер;

5) бастапқы және кейінгі субъектілер.

Жер құқығы қатынастарының субъектілері өз құрамы бойынша бірыңғай емес және жерлердің құқықтық режиміне, санаттарына, пайдалануына, жалға берілуіне, меншік түрлеріне және табиғат объектілерінің басқа түрлерімен байланысына қарай күрделі болып келеді.

Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкін. Жер кодексте

және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген

негiздерден басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға

болмайды. Жер пайдаланушылар:

1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес;

2) ұлттық және шетелдiк;

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша;

5) бастапқы және кейiнгi болып бөлiнедi.

Жep пайдалану құқығы: жер пайдалану құқығын табыстау; жер пайдалану

құқығын беру; жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық

тәртiбiмен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұланың қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды. Жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс. Жер пайдалану құқығы: 1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; 2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

Жер пайдалану қҧқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын

тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскесiне құқық табыстау жөніндегі құзыретiне сәйкес оның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мемлекеттiк емес жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстаған кезде уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешiм негiзiнде жер пайдаланушылармен жер учаскесiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға лицензия немесе келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимыл жасауға арналса, осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиiстi лицензия алынған немесе келiсiмшарт жасалған соң жүргізіледі. Жер пайдалану қҧқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi. Жер пайдалану құқығын беру азаматтық- құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықтық мәмiлелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негiзiнде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын белгiлi бiр мерзiмге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесiн уақытша өтеусiз пайдалану шартының негiзiнде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады. Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ. Жер пайдаланушылардың: 1) ортақ пайдаланудағы; 2) қорғаныс қажеттерiне берiлген; 3) орман қорының; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы; 5)қызметтiк жер телiмiнiң; 6) уақытша өтеусiз және уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң; 7) кепiлге берудi қоспағанда, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң; 8) су қорының жерiнде жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуына жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк

танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк қҧқығының субъектiлерi: республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы; кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар, Жер кодексінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде жер учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылуға тиiс не жер учаскесiне құқық 10 жылға дейiн жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына бiр жыл iшiнде қайта ресiмделуге тиiс. Жер учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылған кезде, жер учаскесiнiң сатып алу бағасы меншiк иесiне осы учаскенi мемлекеттен сатып алған баға бойынша, жер учаскелерiн сатудан түсетiн

қаражат есебiнен төленедi. Жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн сатып алудан бас тартқан жағдайда, ол учаске оның рұқсатымен Қазақстан

Республикасының азаматына сатылуы мүмкін. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады. Азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне: тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар; ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар; жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi. Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi: 1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi; 2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкін.


 



Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар. | Факторы, определяющие понимание продукта

КІРІСПЕ. Жалпы табиғат ресурстарының құқықтың режимнің ұғымы. | ЖЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ | Жерге меншік құқығы | Жерді пайдалану құқығы | Жерді қорғау |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати