На головну

ОКЗ, АКЗ жұмысының тиімділігі

  1. Кәсіби оқыту бағдарламасының тиімділігін қалай бағалау болады.
  2. Логистикадағы штрих кодтарды қолдану және олардың түрлері,тиімділігі.
  3. ОКЗ, АКЗ жұмысының тиімділігі

Кеден зертханалары кеден ісі мен Қазақстан Республикасы кеден саясатының құралы болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының кеден органдары оларды қазақстандық нарықты және Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының басқа да міндеттерін қорғау бойынша сауда-саяси міндеттерін іске асыруда арнайы білімдерін талап ететін жағдайда қолданады. Кеден зертханалары мақсаттарының, функцияларының және құрылымдарының келісілген бірлестігі Қазақстан Республикасының сараптамалық қызметін құру міндеттерін шешудің жеткілікті шарттары болып табылады.

ОКЗ жұмысының тиімділігі үш құрамды бөліктен тұрады:

- өндірістік - сараптамалық, зерттеу және ақпараттық-талдау қызметінің тиімділігімен анықталады;

- экономикалық - құрал-жабдықтарды пайдалану деңгейімен, шығындарды азайту жөніндегі іс-шаралармен, орындалған қызмет көрсетулердің түрлерін кеңейтумен анықталады;

- ғылыми - әдістемелік-ғылыми зерттеулердің, әдістемелік әзірлемелердің және инновациялардың тиімділігімен анықталады.

Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыруда ОКЗ мен АКЗ статусын арттыру, Қазақстан Республикасының барлық аумақтары бойынша кеден зертханаларының жүйесін дамытумен қатар олардың міндеттері мен функцияларын мәнді кеңейту, ОКЗ басшылық және үйлестіру функцияларын одан әрі бекіту және жетілдіру қажеттілігі келісіледі.

Кеден органдарының лауазымды тұлғаларының тапсырмасы бойынша сарапшы (маман) сараптамалар жүргізе отырып, нақты іс бойынша ақпарат ұсынғаны үшін оған қылмыстық жауапкершілікке дейін жүктеледі.

АКЗ қызметінің шартты экономикалық әсері мыналардан тұрады:

- айналымға тыйым салынған кеден шекарасы арқылы өтетін заттарды, ішінара ақшамен өлшенетін есірткі заттарды алып қою;

- Қазақстан Республикасынан заңсыз әкетудің жолы кесілген айналымы шектелген затттарды, ішінара ақшамен өлшенетін стратегиялық ресурстар саны;

- Қазақстан Республикасына әкелуге жол берілмейтін ақшамен өлшенетін сапасыз және бұрмаланған тауарлар саны.

Ашық басылымдарда жарияланған кейбір сандарды мысалға келтірейік. 2001 жылда республика бюджетіне 207 млн. теңгеден артық кеден төлемдерін қосымша өндіріп алу нәтижелері бойынша 38 мың сараптама мен зерттеу жүргізілген. Ал 2004 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің сараптамалық қызметтері республика бюджетіне 625,8 млн. теңге сомасында төлемдерді қосымша өндіріп алу нәтижелері бойынша 28893 сараптама жүргізген, ол 2003 жылмен салыстырғанда, 184,8 млн. теңгеге артық.

___________________________



ОКЗ құқығы | Первые сведения о пошлине на территории современной Украины.

Сараптамалардың негізгі кластары | Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні | Сараптамалық зерттеу технологиясының ұғымы | Кеден сараптамасын жүргізудің технологиялық кестесі | Кеден рәсімдерінің бұзушылық түрлері мен кезеңдері | Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде анықтауға жататын мәселелер | Сарапшы және оның құзыреті, сарапшының жеке қасиеттері | Сарапшының білімі мен арнайы білімдері | Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері | ОКЗ, АКЗ жұмысының тиімділігі |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати