На головну

ОКЗ құқығы

  1. Жерге меншік құқығы
  2. Жерді пайдалану құқығы

ОКЗ өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін:

1. КБК аумақтық бөлімшелерінен жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат сұрату және алу;

2. аумақтық кеден зертханаларының, сондай-ақ КБК арқылы - мемлекеттік органдардағы, кәсіпорындардағы, мекемелердегі және ұйымдардағы кедендік сараптамалар мен зерттеу бөлімдерінің және қызметтерінің мүддесін қорғау;

3. Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешімі бойынша мамандардың қорытындыларымен, сертификаттарына және КБК жүйесіне кірмейтін сараптамалық және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен кедендік мақсатта берілетін анықтамаларына сәйкестігін бақылау зерттеулерді жүзеге асыру;

4. ОКЗ қызметін ұйымдастыру туралы ұсынысты КБК енгіу;

5. Өз қызмет саласы бойынша мөрленген өнімді шығару;

6. Азаматтармен және жеке меншіктің барлық нысанындағы ұйымдармен өз құзіреті шегінде шартқа отыру құқықтарға ие.

Сонғы уақытта қауіпсіздік тұтынушылық тауарларды әкелу проблемалары көбейіп кетті. Олардың көбі санитарлық нормаға, шикізаттың, материалдардың, компоненттердің сапалық талаптарына қауіпті. Сонымен қатар кеден шекарасы арқылы тек кеміргіштер ғана емес, әкелуге шек қойылған және тыйым салынған тауарлар да өткізіледі.

ОКЗ және сараптамалық қызметтері Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен барлық тауарлардың, олардың арасында ас өнімдерінің, алкоголь және алкоголь емес сусындардың, химиялық өнеркәсіп өнімдерінің, дәрі-дәрмектердің, мұнай және мұнай өнімдерінің және басқа да тауарлардың декларацияланған атауына және сапалық сипаттарына сәйкестігін зертейді.

Тыйым салынған және сапасыз тауарлардың отандық нарыққа енуінен қорғауды қамтамасыз етуге қадағалауды және бақылауды күшейту мақсатында нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, өлшеу, диагностика, талдау әдістері құралдарын пайдалану, орталық кеден зертханасының да, аумақтық кеден органдарының да материалдық-техникалық базасын бекіту және дамыту, кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың технологиясын сараптамалық қолдауды қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кеден сараптамасы қызметінің екі зертханасы - Астана қаласының ОКЗ және Алматы ОКЗ аймақтық зертханасы, кеден сараптамасы және зерттеудің жалпы саны 110 адамнан тұратын он қызметі мен сегіз бөлімі бар. ОКЗ құрылымын қайта құру жүргізілді, оның нәтижесінде зерттеу қызметінде жаңа бағыттар: радиологиялық зерттеу қызметі, техникалық зерттеу және кедендік бірдейлендіру белгілерінің қызметі құрылды.

Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметіндегі ең маңызды оқиғаның бірі техникалық құзіретіне сынау зертханалары ретінде зертханаларды аккредитациялау болып табылады. Осы факт аккредитация саласына сәйкес тауарларды зерттеуді (сынауды) жүзеге асыру өкілеттігі туралы куәландырады.

ОКЗ аккредитация саласына тауарлардың мынадай түрлері енеді:

- азық-түлік тауарлары;

- халықтық тұтынушылық тауарлар - аяқ киім, киім, ойыншық және басқалар;

- маталар;

- олардан жасалған қағаздар мен бұйымдар;

- құрылыс материалдары;

- мұнай мен мұнай өнімдері (яғни, СЭҚ ТН бойынша 104-тауар бағыттарына жататын тауарлар).

Кеден сараптамасының нормативтік базасы жетілуде. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу ережесі, сараптамалық қызметтерде кеден сараптамаларын жүргізу ережелері, кеден сараптамасына ұсынылған тауарлар тізімі және тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу нормалары жаңартылып, бекітілді. Қазіргі уақытта осы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Кеден кодексімен сәйкестендірілді. Кеден сараптамаларын және аймақтық кеден органдарына зерттеу жүргізу кезіндегі Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық әзірленіп, бекітілді.

  1. Аумақтық кеден зертханалары: міндеттері мен функциялары

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінде мамандандырылған зертханалар жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстары бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінде зертханалар құру басталды.

Тауарлардың дұрыс ресімделмеуінен кеден ережелерінің бұзылуының өсуі байқалады, ол көбінесе зертханалық жолмен және тауарларға сараптама жүргізу кезінде болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1997 жылғы 1 желтоқсандағы бұйрығымен кеден ресімдеу, кедендік бақылау және еркін айналымға және экспортқа шығаратын режимдер кезіндегі кеден сараптамасына жататын Тауарлар тізімі бекітілді.

Аумақтық бөлімшелердің кеден сараптамалары бөлімдері уақтылы кеден сараптамалары мен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға зерттеу жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімшелердің функциялары:

- материалтану, саудагерлік және сараптамалардың басқа да түрлерін жүргізу, бөлімшелердің қорытындысы түрлеріндегі құжаттарды, анықтамаларды ресімдеу;

- зерттеуге арналған тауарлардың сынамаларын және үлгілерін іріктеуді ұйымдастыру (қажет болған жағдайда қатысу);

- мамандандырылған зертханалар базасында басқа ведомстволардың мамандарын тауарларды зерттеуге тарту, әр түрлі сипаттағы тауарларды зерттеуді ұйымдастыру;

- сараптамалық қызмет пен тауарлардың бақылау үлгілерінің коллекциясы бойынша деректер банкін қалыптастыру;

- КБК, КБД және кеден басшылығына жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат беру;

- сараптамалық қызмет туралы есепті КЗО беру.

Бөлімшелердің міндеттеріне кеден сараптамалары мен зерттеулер жүргізу және:

- тауарларды жіктеу;

- тауарлардың кедендік құнын анықтау;

- тауарларды шығарған елді анықтау;

- тауарлардың физикалық және химиялық құрылымын, құрамын анықтау;

- тауарлардың сапасын анықтау;

- бөлінетін және радиоактивтік материалдарға кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде қатысу жөніндегі ұсынымдарды дайындау жатады.

Қазіргі кезде аумақтық кеден зертханаларының қызметінжетілдіру мәселелеріне көп көңіл бөлінуде.

Негізгі бағыттары мыналар:

- кедендік сараптамалық-зерттеу бөлімдерін дамыту және жетілдіру;

- сараптамалық қызметтің басым бағыттарын анықтау және перспективтік жоспарлау;

- зерттеу құралдарымен және құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету;

- мөртаңбаларды жинақтау және кеден инспекторларын сараптамалар жүргізу үшін дайындау;

- ғылыми әдістемелік: жаңа әдістемелерді жетілдіру және әзірлеу;

- жұмыстағы олқылық жерлерді анықтау мақсатында зерделеу және басқа елдердің кеден зертханаларымен тәжірибе алмасу.

 



ОКЗ, АКЗ жұмысының тиімділігі | ОКЗ, АКЗ жұмысының тиімділігі

Кедендік сараптаманың жіктелуі | Сараптамалардың негізгі кластары | Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні | Сараптамалық зерттеу технологиясының ұғымы | Кеден сараптамасын жүргізудің технологиялық кестесі | Кеден рәсімдерінің бұзушылық түрлері мен кезеңдері | Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде анықтауға жататын мәселелер | Сарапшы және оның құзыреті, сарапшының жеке қасиеттері | Сарапшының білімі мен арнайы білімдері | Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати