На головну

Сарапшының білімі мен арнайы білімдері

  1. Арнайы есептеуіш комплекстер архитектурасы.
  2. Жоғарғы деңгейдегі өндірістік әмбебап және арнайы ЭЕМ, Арнайы есептегіш комплекстер архитектурасын көрсетіңіз.
  3. Сарапшы және оның құзыреті, сарапшының жеке қасиеттері
  4. Студенттердің білімдерін бағалау жүйесі

Сарапшы өз қызметіне тиісті салада аяқталған жоғары білімі болуы, өз ойын жазбаша және ауызша нақты, анық айта алуы тиіс. Сарапшыға қойылатын негізгі талап - ол өзі қатысып отырған сараптама немесе бағалау ресми бекітілген арнайы білімдерді меңгеруі тиіс.

Ескертпе: ерекше жағдайда тауарлар сараптамасына жоғары білімі жоқ, бірақ тауарлардың сараптамасы бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар аттестацияланған сарапшылар жіберіледі.

Барлық сарапшылардың:

- нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар;

- сараптаманың, сертификаттаудың экономикалық және құқықтық негіздері;

- нормативтік құжаттамалардың жүргізілетін сараптамаға сәйкестігі;

- сараптама жүргізу әдістері: зерттеу, жауап алу, бағалау, есеп құрастыру;

- сараптаманы жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық ету;

- сараптама кезінде қатынасты ұйымдастыру;

- сертификаттаудың мемлекетте және шет елде инспекцияланған бақылау сараптамасының практикасы;

- сарапшының құқықтары, міндеттемелері және өкілеттілігі саласында терең білімдері мен практикалық дағдылары болуы тиіс.

Сараптама жұмыстарына қатыстырылатын сарапшылар:

- тауарлар сараптамасы, шикізат және жабдықтау;

- өзіне физико-химиялық, микробиологиялық зерттеулерді жатқызатын тауарлардың үлгілеріне (сынамаларына) зертханалық зерттеулер жүргізу;

- өнімге міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар, сондай-ақ бақылау мен сынақтардың әдістері мен мөлшерлеріне қойылған талаптар бойынша міндетті арнайы білімдерді меңгерулері тиіс.

Жұмыс тәжірибесі.Сарапшыға үміткердің ғылым, жобалау, технология, өндіріс, сынақ, жөндеу, қызмет көрсету, пайдалану немесе қадағалау салаларында төрт жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. Олардың ішінде екі жылы сараптама, сапаны қамтамасыз ету және басқару салаларында болуы тиіс.

Сарапшыға үміткер сараптама жүргізу кезінде тексерістіің толық процесін атқару тәжірибесін меңгеруі керек. Тәжірибе толық сараптамалық тексеріске төрт рет қатысумен анықталады.

Сарапшыға үміткердің өз мамандығы саласында он жылдан кем емес, ал осы сала бойынша ғылыми дәрежесі бар адамның төрт жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы керек.



Сарапшы және оның құзыреті, сарапшының жеке қасиеттері | Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері | Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері | Сурет. Тауарлардың қауіпсіздік түрлері және оларға әсер ететін әрекеттердің табиғаты | Кедендік сараптаманың жіктелуі | Сараптамалардың негізгі кластары | Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні | Сараптамалық зерттеу технологиясының ұғымы | Кеден сараптамасын жүргізудің технологиялық кестесі | Кеден рәсімдерінің бұзушылық түрлері мен кезеңдері | Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде анықтауға жататын мәселелер |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати