На головну

Сарапшы және оның құзыреті, сарапшының жеке қасиеттері

  1. D) изоморфты және аморфты
  2. Азақстан Ұлттық банкінің өкілеттілігі және құқықтары
  3. Азақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен функциялары және оларды Агенттікпен бөлісуі.
  4. Азақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары
  5. Айналма қисықтардың негізгі элементтерінің есебі және оларды бөлу.
  6. Аккордық енбекақының мәнін ашыңыз, оның негізгі ерекшеліктері қандай?
  7. Аналогтық коммутацияланған және бөлініп алынған желілер

Сараптама мекемелерінде жұмыс жүргізетін және сараптамалық қызметке арнайы рұқсаты (лицензиясы) бар сарапшылар сараптама жүргізу құқығына ие бола алады. Ізденушінің базалық (кеден, заң, материалтану, саудагерлік, өнертану және т.б.) білімі, кеден ісі және сараптаманың негіздерін білуі, зерттеу материалдарына және бұйымдарына қатысты нарық конъюнктурасын білуі, сондай-ақ оның ақпараттық белсенділігі мен кәсіптік, біліктілік және мәдени тұрғыда ақпараттандырылуына байланысты жоғары біліктілігі осындай рұқсатты алу үшін міндетті шарттар болып табылады.

Ақпараттық белсенділік - бұл адамның қазіргі ақпараттардың негізін игеруге талпынуы. Ол экспертке кандидаттың ниетіне, қабілетіне және мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Кәсіби ақпараттандырылуғакеден ісінің даму тарихы және қазіргі күйі бойынша білім көлемі, сондай-ақ белгілі бір класқа, сараптаманың нақты түрлерінің көлемдері мен заттарына сәйкес білім салалары жатады.

Кеден сарапшысы:

- жүргізіліп жатқан сараптамаға ұлттық стандарттар мен деректемелер талаптарының сәйкес болуында;

- кеден сараптамасы қызметін шетелде жүргізудің әдістемелік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық мәселелерінде (ережелерде) кәсіби ақпараттандырылуы тиіс.

Квалиметрикалық ақпараттандырылуы - сарапшының өнім сапасын бағалаудың сандық әдістерімен айналысатын ғылым, яғни квалиметриялардың негіздерін білуін көздейді. Квалиметрия сандық бағалаудың негізгі әдістерін және қазіргі талдау аспаптарын, сондай-ақ сарапшының зерделенетін материалдар мен бұйымдар сапасының объективті сараптамалық бағасын табуға және қолдануға, оның ішінде сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын дұрыс таңдауды жүзеге асыруға және олардың бағалау шкаласын сауатты жасауға талпынуын пайдаланады.

Мәдени ақпараттандырылуы -сарапшының эрудициясына және энциклопедиялық біліміне негізделеді. Ол жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімдерді меңгеруі тиіс. Зерттелетін материалдар туралы халықаралық ақпаратты меңгеруі үшін шет тілдерді меңгеруі қажет.

Өзінің кәсіби және квалиметрикалық құзіретін кеден сарапшысы:

- жоғары оқу орындарының, академияның немесе институттың күндізгі немесе сырттай оқыту бөлімдерінде біліктілігін арттыру;

- сараптамаларға және сертификаттауға тұрақты түрде қатысу;

-теориялық және практикалық квалиметрия саласында өз бетінше жұмыс жүргізу арқылы арттыра алады.

Сарапшының жеке қасиеттері оның қабілеттілігімен, біліктілігімен, дағдысымен, еңбекке деген көзқарасымен (оның ішінде өз жұмысын жақсы атқаруға талпынуымен), қарым-қатынас жасай алуымен (оның ішінде күрделі, кейде ұрыс-жанжал жағдайларында жұмыс істей алуымен) анықталады. Сарапшының есі дұрыс адам болуы керек, ол талдау жасау дағдысын меңгеруі, оқиғаны шынайы тұрғыдан қабылдай алуы тиіс. Сонымен қатар оның физиологиялық ерекшеліктері: түсті тану, көру, еске сақтау қабілеті терең дамыған, денсаулығы мықты немесе барлық жағдайда да көңіл күйі жақсы, бір қалыпты, жинақы, жылдам, қырағы, т.б. болуы тиіс.



Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде анықтауға жататын мәселелер | Сарапшының білімі мен арнайы білімдері

Тауардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы. | Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері | Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері | Сурет. Тауарлардың қауіпсіздік түрлері және оларға әсер ететін әрекеттердің табиғаты | Кедендік сараптаманың жіктелуі | Сараптамалардың негізгі кластары | Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні | Сараптамалық зерттеу технологиясының ұғымы | Кеден сараптамасын жүргізудің технологиялық кестесі | Кеден рәсімдерінің бұзушылық түрлері мен кезеңдері |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати