На головну

Кеден рәсімдерінің бұзушылық түрлері мен кезеңдері

  1. Айналдырғыштар түрлері
  2. Аттестациялық үдерістің негізгі кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.
  3. Беріліс механизмдерінің түрлері
  4. Дербес компьютердегі орталық процессордың құрылымы мен түрлері
  5. Кеден сараптамасын жүргізудің технологиялық кестесі
  6. Кеден сараптамасының даму тарихы

Сараптамалардың өндірісі туралы кеден органдарының шешімі:

- сараптамаларды жүргізу туралы тапсырмалар;

- сараптамаларды тағайындау туралы қаулылар түрінде ресімделеді.

Сараптамаларды жүргізу туралы тапсырма кеден ережелерін бұзу туралы іс басталғанға дейін, кедендік бақылау немесе кедендік ресімдеу жүргізу процесінде сараптама өндірісінде қажеттілік туған кезде ресімделеді.

Сараптамаларды тағайындау туралы қаулы кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша өндіріс процесінде іс басталғаннан кейін шығарылады. Зерттеу үшін ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілері сараптамаға сынамалар мен үлгілер алу актілерімен бірге жіберіледі. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері, сондай-ақ сараптамаға жіберілген заттай дәлелдемелер тиісті түрде оралуы және оралымның сақталуын қамтамасыз ететін ярлыкпен мөрленуі тиіс.

Бұзушылық түрлері:

- қайта өндіру өнімдерін шығару санын бұзу, қайта өндіру өнімдерін басқа тауарлармен алмастыру;

- жалған, жарамсыз және заңсыз жолмен алынған құжаттарды немесе басқа таурларға және көліктік құралдарға жататын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ сәйкестендірудің жалған құралдарын не басқа тауарларға және көліктік құралдарға жататын сәйкестендірудің түпнұсқалық құралдарын пайдалану;

- төленген кеден төлемдерін қайтаруға құқық беретін нақты емес мәліметтерден тұратын құжаттарды кеден органдарына ұсыну, төлемдерді алу немесе тиісті негізсіз толық емес көлемде қайтару.

Лек -кеден шекарасы арқылы өткізуге арналған және сапасын куәландыратын бір құжатпен немесе бір жүк кеден декларациясымен ресімделген кеден органына ұсынылатын сапасы мен атауы бойынша біртектес тауардың (біртектес тұтынушылық немесе көліктік тарада, бір технологиялық үлгі бойынша жасалған құйылымның бір күнде және т.б.) кез келген саны.

Таңдау - бастапқы үлгісін құрастыру үшін оралымның әрбір бірлігінен бір рет қабылдауға алынған тауардың белгілі бір саны.

Сынама - барлық зерттелетін өнімнің орташа құрамына сәйкес келетін жалпы массадан алынған аз ғана сан, орташа құрам.

Кеден рәсімдерінің кезеңдері:

- кеден шешімі;

- кедендік ресімдеу - кеден органы тұлғасының және олардың өкілдерінің рұқсатымен жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуы.

- кедендік бақылау - кеден органының сынамалар мен үлгілерді алуды жүзеге асыратын мамандарды, сарапшыларды тартуы;

- кеден ережелерінің бұзушылығын немесе кеден ісі саласындағы қылмыстарды табу. КЕБ туралы істі бастауды, жүргізуді және қарауды сарпшының, маманның қатысуымен қарастырады.

- ұсталған тәркіленген тауарлармен операциялар және олардың мемлекет меншігіне жүгінуі;

- шағымдарды қарау, КЕБ туралы істерге қатысты сотта іс қарау;

- мүдделі тұлғаларда: мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорын мен азаматтарда кеден практикасы бойынша арнайы білімдерді талап ететін мәселелердің пайда болуы.



Кеден сараптамасын жүргізудің технологиялық кестесі | Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде анықтауға жататын мәселелер

Тағайындау - тауалар сапасының анықтауыш қасиеттерінің бірі | Сурет. Тауарларды тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы және олардың сапа көрсеткіштері | Тауардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы. | Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері | Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері | Сурет. Тауарлардың қауіпсіздік түрлері және оларға әсер ететін әрекеттердің табиғаты | Кедендік сараптаманың жіктелуі | Сараптамалардың негізгі кластары | Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні | Сараптамалық зерттеу технологиясының ұғымы |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати