На головну

Сараптамалық зерттеу технологиясының ұғымы

  1. Банктік қызмет нарығын зерттеу
  2. В. Радлов және оның Орталық Азия халықтары туралы зерттеулері
  3. Жүйе ұғымы
  4. Зерттеу нәтижелерінің айырмашылықтарының шынайылығын бағалау
  5. Зертханалық жұмыс 7. Бұрғы сорабының және ішекті аппараттың жұмыс үрдістерін зерттеу
  6. Катанаевтің зерттеулері
  7. КІРІСПЕ. Жалпы табиғат ресурстарының құқықтың режимнің ұғымы.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлардың сапалы құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі үшін зерттеу жүргізу кеден сараптамасының мақсаты болып табылады.

Тауарлар, кеден және басқа да құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер, сәйкестендіру белгілері кеден сараптамасының объектілері болып табылады.

Сараптама зерттеу объектісін кеден зертханаларына жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, кеден зерханаларында да, өзге орындарда да жүргізіледі.

Кеден мақсаттарындағы тауарлардың барлық сараптамалары орындалу мерзімі үш тәуліктен артық емес күрделі сараптамаларды қоспағанда, бір тәулік ішінде жүргізіледі. Белгіленген мерзімді ұзарту кеден зерханасы немесе кеден органы басшысының шешімі бойынша сарапшының берген баянаты негізінде анықталады. Кеден сараптамаларының түрлері сарапшының алдына қойылған мәселелерге байланысты олардың негізгі мазмұны бойынша бөлінетінін атап өткен жөн. Бірақ жеке сараптамаларды орындау кезінде сараптамалардың басқа түрлерінің заты болып табылатын мәселелерді шешу керек болады. Мәселен, сараптамалардың жіктелуін жүзеге асыру кезінде, әдетте, бірінші сатыда сәйкестендіру мәселелерін шешу қажет болса, соңғыны орындау кезінде материалтану және химиялық сараптамалар және т. Б. жүргізу қажет болады.

Сонымен қатар кеден сарапшыларына сараптамалардың криминалистикалық, экономикалық, саудагерлік, геммологиялық және басқа да кластарының көмегімен шешілетін контрабанда және КЕБ қарсы күрес процесінде жедел қызметшілердің ұсынатын жеке сұрақтар қойылады.

Сараптамалық зерттеу технологиясы жалпы тұрғыда бірінен соң бірі рет-ретімен өзгеріп отыратын сатылардан (кезеңдерден) тұрады:

- даярлық (сараптамалық қарау, сынамаларды іріктеу);

- талдау (сараптама объектілерін шынайы зерттеу сатысы), синтетикалық (салыстырмалы зерттеу сатысы);

- нәтижелерді бағалау және қорытындыны (ой-тұжырымдарды) қалыптастыру.



Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні | Кеден сараптамасын жүргізудің технологиялық кестесі

Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Тағайындау - тауалар сапасының анықтауыш қасиеттерінің бірі | Сурет. Тауарларды тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы және олардың сапа көрсеткіштері | Тауардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы. | Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері | Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері | Сурет. Тауарлардың қауіпсіздік түрлері және оларға әсер ететін әрекеттердің табиғаты | Кедендік сараптаманың жіктелуі | Сараптамалардың негізгі кластары |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати